«Өз-өзіңді
түсініп біл, сонда жан-жағыңдағының
барлығы
түсінікті,
әдемі және мейірімге толы бола бастайды.
Және
де әр өмір сүрген әр күнің бақытты
болады!»
Ақпан
айының алғашқы онкүндігінде "№8 ЖОМ
ҚММ В.Комаров атындағы мектебінде
дәстүрлі "Өзін-өзі тану" апталығы
өтті. Ең алдымен апталық аясында
өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылды.
Мектеп
кітапханасында С.А.Назарбаеваның өмірі
мен қызметіне арналған «Любовью согретые
сердца» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Балалар қызығушылықпен Сара Алпысовна
туралы кітаптарды оқып, оның еңбектерімен
танысты (жауапты: мектеп кітапханашысы
Жанайбекова Г., Ранджибари Х.). Апта бойы
мектепте «Жить с любовью» тақырыбында
шығармашылық конкурстар, әңгімелесу
өткізілді. «Сердце, наполненное любовью»
тақырыбында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.
Көрмеге ұсынылған балалар суреттері,
өлеңдері мен открыткалары махаббат,
сенім мен бақыт сезімдерімен толы.
«Доброта- солнце, согревающее сердце
человека», «Утро радостных встреч»
тақырыптарында ашық сабақтар (жауапты:
Ербосынқызы А., Мельничкова С.В., Неяскина
О.В.), «Ән көңілдің ажары» атты әншілер
сайысы өтті (Мусаева Э.А., Яковлева Е.В.,
«Милосердие на земле» атты флешмоб
(Рафикова И.О.), «От сердца к сердцу»
қайырымдылық акциясы өткізілді. 11 жабылу
салатанаты.
Пәндік
апталығы барысында 1-4 сынып оқушылары
өз шығармашылығын, шеберлігін, өз
қолдарымен жасаған ұсақ-түйектерін
ортаға салды.
"Өзін-өзі тану" апталығын "Танысайық,
бұл мен!" фотокөрмесі аяқтады.
"Өзін-өзі тану" апталығы қорытындысы
бойынша оқушылар мектептегі осы пәннің
маңыздылығын түсінді, алдынан әр адам
өзін бала кезінен бастап ұғу керек, ал
сосын ғана ересектер өміріне жеңіл
кіруге болады екенін түсінді. Пән
мейірімді және көңілді болуды үйретеді.
Ал кез келген жағдайларда барлық
адамдарға қуаныш пен махаббат сыйлау
әрқашан қажет, сонда ғана саған халық
көңіл аударады, сенің өмірің жақсарады,
барлығымыз өз принциптерімізді ұмытып,
кешірімді боламыз. Осындай керемет
қасиеттерін білдірген адамның қанаты
өсіп қалғандай, жақсы істерді жасағысы
келеді, оның қоршаған ортасы да қайырымды,
мейірімді болады. Ал біз әрқашанда
осындай жақсы, мейірімді, қайырымды
адамдардың көп болуын армандаймыз!