Материалдар / Өзін-өзі тану пәнінен әндер қорын құру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану пәнінен әндер қорын құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әндер қоры ,жинағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1091
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты













Өзіндік жұмыс


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша сабақ өткізу үшін балаларға арналған махаббат, мейірімділік, құрмет,өзара көмек көрсету, шынайылық және тағы басқа адами қасиеттерін оң үлгілерін көрсететін әндер қорын құру.











Орындаған:

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы

« Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайының әдіскері,

Blended learning жүйесіндегі курстың тыңдаушысы

Жумагалиева Амангүл Багитжановна















2017 Атырау







Өнер — халқымыздың қазынасы, ұлтымыздың өресі. Ата-бабамыздан мирас етіп қалдырылып, ғасырдан-ғасырға саф күмістей сақталып келген өнерімізді дәріптеу, келешек ұрпаққа оның маңызын жоғалтпай, аманат етіп қалдыру әрбір адамзаттың азаматтық парызы.
"Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй", - дейді дана Абай. Ән десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқы музыка өнерін қатты құрметтеді. Ол әдебиетімізден,мәдениетімізден, дәстүр-салтымыздан ойып орын алды. Тіпті, әнсіз қазақты елестету мүмкін де емес, Дәл осы себепті болар: "Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең" деген жолдар бұл тұста бекер айтылмаған. Дүниеге нәресте келгеннен бесік жыры айтылса, осыдан жоқтауға дейінгі аралықты ән-жыр толып тұр. Ол қазақ халқының өнерді аса бағалайтындығы ,құрметтейтіндігінің белгісі. 

Жақсы әуен өн-бойыңды балқытып, жылытады. Санаңды тынықтырып, бір сәт демалуға мүмкіндік береді. Ішің жеңілдеп, рахаттанып қаласың. Ән - көңілдің ажары. 

Ән – поэзиялық мәтін мен жеңіл, тез жатталатын әуенді біріктіретін вокалды музыканың ең қарапайым және кең таралған түрі.

Халық композиторлары мен ауызекі ән шығармашылығында лирикалық әндердің түрлері ерекше орын алады. Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем-өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады.

Лирикалық әндер басқа халық әндерінің түрлерімен салыстырғанда, кейінірек шыққан туындыларға жатады. Олар мазмұны жағынан өте бай және халықтың ең сүйікті ән түрлерінің бірі.

Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді. Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді. Шығармадағы жеке адамға тән мінез бен сезім көпшіліктің көңілінен шығып, ол ән халықтың рухани мәдениетіне еркін енеді.

Қазақтың бай табиғаты халық ақындары мен композиторларын әдеби-музыкалық суреттерді шырқауға шабыттандырды. Табиғат суреттері адамның шындық өмірімен оның ой-толғауларына, шаттығымен күйінішіне тығыз байланыста туды. 

Ән мен музыка арқылы эмоциялық күйді балаға да түсінікті болатындай етіп жеткізуге болады. Осы қалыпта берілген ақпарат бала санасында қалыптасып, оның дамуына жағымды ықпал етеді.

Әнмен бірге қуануға, жабырқауға болады, жаңа түсініктер білуге, ойлануға, өмірге қуануға, шығармашылыққа, өнерге деген қызығушылық тудыруға болады.

Ән бүлдіршіндердің эстетикалық тәрбие алуына, ұжымның ынтымақтастығына, әр баланың шығармашылық қабілеттерінің толық ашылуына ықпал етеді. Ән арқылы сабақ барысында қолайлы психологиялық ахуал орнатылып, сезімдік тонус пен пәнге деген қызығушылық жоғарылайды. Көптеген оқу курстарында оқытуды әсерлі ету мақсатында ән материалы қолданылады.

Балаларға арналған әндердің тәрбиелік мәні жоғары, олар мейірімділікке, сүйіспеншілікке, адалдыққа үйретеді, балаларды жақсылық пен жамандық сияқты түсініктермен таныстырып, оларды ажырата алуға септігін тигізеді.

Балаларға арналған әндер бала тұлғасының қалыптасуында негіз болып табылатын рухани құндылықтарды қарапайым, түсінікті тілмен жеткізудің тәсілі болып табылады. Балаларға арналған әндер арқылы бала өте күрделі заттарды қуаныш, жабырқау, сүйіспеншілік, қамқорлық, адалдық сияқты сезімдер арқылы түсінеді.

Әлемді тыныштықта - мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде, өнерде алар белесімізді өрнектеп көрсетеді. 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша сабақ өткізу үшін балаларға арналған махаббат, мейірімділік, құрмет,өзара көмек көрсету, шынайылық және тағы басқа адами қасиеттерінің оң үлгілерін көрсететін әндер қорын құрып, оны бөлімдерге бөлуге болады.Мысалы:Бақытты балалық шақ,Дос болайық бәріміз,Табиғат анамыз ,Махаббат әуендері,Менің елім Қазақстан.Өзін –өзі тану сабағында бұл әуендерді тәрбиеленушілерге тыңдату,жаттату арқылы бала кезден бастап өзін құрметтеп,алға жетелеуге,еліне,туған тілі мен жеріне ,айналадағы адамдарға махабатпен қарауға,табиғатты аялауға,ризалығын,алғысын білдіруге, тәрбиелей аламыз.Ән айту кезінде дене қимылдарын жасатып, балалардың шымыр болып өсуінеде ықпал етуге болады.Осы орайда мектепке дейінгі ұйымдағы өзін-өзі тану пәніне арналған әндер қорын ұсынамын.



БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ бөлімі бойынша әндер тізбегі



Бақытты балалық шақ


Балдырған әні


Ойыншықтар


Өсіп келе жатырмын


Балдырғандар әні


Жас дәуірдің түлегіміз


Жас ұландар маршы


Көкешім


Келші, келші, балашым


Әнші балапан


Бақытты балалар әні


Бақытты балалар жыры


Бала тілегі


Біз – өмірдің гүліміз


Біздің ән


Айгөлек


Күнім бөбегім


Көңілді балалар


«Айгөлекті» билейік


Бақыттымын, құрбылар


Біз – бақытты балдырғандар


Біріншіге барамын


Көгершін


Наурыз


Наурыз


Жарқын жүзді ұстазым


Құтты болсын мереке!


Жан сырым


Мұғалім – ол біздің!


Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!


Маған ұстаз үйретті


Күлші, күлші бөбегім


Ана тілі


Ұстазыма


Қош келдің, Жаңа жыл!


Бабалардың бақыты


Ертегілер әлемі


Жаңа жыл


Қош бол, құтты әліппем!.


Наурыз


Наурыз келді


Наурыз


Сүйікті ұстазым – мектебім


Сая бағым


Ұстазым


Ұстаз туралы ән


Ұстазым


Шәкірттер вальсі.


Мектеп-дастан


Бабалар өсиеті


Aғaлapғa ұқсаймыз


Анадай асыл мектебім


Көңілді ән


Ойлан, тап


Аяз Ата


Жастар маршы


Наурызым – нақыл жыр



ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ

бөлімі бойынша әндер тізбегі



Армандастар


Достық


Ағайынбыз бәріміз


Дос болайық, бәріміз


Көңілді балалар әні


Достық әні


Бейбітшілік жыры


Достарым


Дос туралы жыр


Досым


Бастаңғы.


Тында мені, достарым


Достар құшағында


Дос болайық бәріміз




ТАБИҒАТ – АНАМЫЗ

бөлімі бойынша әндер тізбегі



Көктөбе кеші


Қарлығашым


Ақша қар


Көктем


Не деген керемет күн!


Көктем


Көктем


Қос қарлығаш


Көбелек


Көктем полькасы


Бозторғайым


Жауқазын


Саржайлау


Тау гүлі


Құлыншағым – құндызым


Қош келдің, көктем


Сандуғашым, карлығашым


Сұр қоян


Төлдер


Жаз келеді, алақай!


Табиғат – анамыз


Жас спортшылар әні


Ақбұлақ


Наурыз-думан


Балбұлақ



МАХАББАТ ӘУЕНДЕРІ

бөлімі бойынша әндер тізбегі



Айналайын


Ақ бантик


Ана туралы жыр


Анаға сәлем


Қарлығаш


Қорғаушым сен


Көзімнің қарасы


Анамның тілі – аяулы үні


Ақ мамам


Ақ мамам!


Дауысыңнан айналайын


Асыл ана


Анашым


Ардақты аға


Әже туралы ән


Әнші даусы


Әкем-әнім


Әке туралы жыр


Бала тілегі


Махаббат бақыт бастауы


Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!


Анамызға мың алғыс






МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН

бөлімі бойынша әндер тізбегі


Туған жер


Жерім менің


Айналдым сенен, Атамекен-ай!


Қазақстан


Туған ел


Атырау – әнім


Туған ел!


Айналайын елімнен


Алматы түні


Ауылым – әнім


Ағады Ертіс


Алматым менің


Арман қала Астана


Алатау


Әнімсің, өлкем


Барып қайт, балам, ауылға


Жазира далам


Қазақ осы


Өз елім


Сәлем саған, туған ел


Ұлттық тілім – ана тіл


Ақ бесігім


Астана


Отырардағы той


Сүйікті отаным


Ана тілі


Бейбітшілік сақталады


Домбыра туралы баллада


Егемен елім-ай!


Елім менің


БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Сөзі Ж.Тұрбековтікі

Әні Ә.Еспаевтікі

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.


Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.


Білім шыңын өрлейміз, басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Бостандық туы желбіреп қолымызда.


ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН

Сөзі Т. Айбергеновтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның.

Жалау етіп ерлікті,

Ескек етіп ерлікті,

Өсіп келе жатырмын.


Адал терім әрдайым

Моншақтатып маңдайым.

Соқсын дауыл, соқпасын,

Қиындықтың көк тасын,

Өсіп келе жатырмын.


Кейде күнмен теңесем,

Таласып мен күнмен өсем.

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған еліммен

Өсіп келе жатырмын.


ҰЛТТЫҚ ТІЛІМ – АНА ТІЛ

Сөзі М. Әлімбаевтікі

Әні. С.Лұқпановтікі

Әлемнің шам шырағы күн де дара,

Адамның жан жүрегі діл де дара.

Бұйырған бір халықтың маңдайына

Тірліктің тілмашындай тіл де дара.

Қайырмасы:

Ойымның нәрі – Ана тілі,

Тойымның сәні – Ана тіл.

Даңқымның тауы – Ана тіл,

Халқымның ары – Ана тіл.


Ежелден атам мирас еншіміз де,

Сөйлесер болашақпен елшіміз де.

Халқымыз қазақ тілі қазынасы,

Қастерлеп жайнатар деп сенсін бізге.


МЕН БАҚЫТТЫ ҰЛАНЫҢ

Сөзі М. Әміржановтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Еркін толып жетіге,

Өсіп келем жетіле.

Қалып үйде бесігім,

Аштым мектеп есігін.


Әріптерді ежелеп,

Әліппені үйрендім.

Саусақ санап жекелеп,

Сан тізбекпен гүлдендім.


Мен де ғалым боламын,

Кемеліме толамын.

Арман қуған жасынан,

Мен бақытты ұланың.


ЖАРҚЫН ЖҮЗДІ ҰСТАЗЫМ

Сөзі Ш. Смаханұлы

Әні И.Нүсіпбаевтікі

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып. (2 рет)

Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім. (2 рет)

Мейір толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде,

Кешіресің кінәмді. (2 рет)


AFAЛAPFA ҰҚСАЙМЫЗ

Сөзі М.Әлімбаевтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Жауқазын терейікші даладан,

Гүлдесте өрейікші даладан.

Шалдығып шаршайды деп ойлама,

Соңыңнан ерейікші, ағажан.

Қайырмасы:

Аялап бауырларға қарайлар,

Аяулы апатайлар, ағайлар!

Еркелей соңдарыңнан ергенде

Елігеміз ерлерге, Еліктейміз сендерге!


Төне ғап көк айдынға қараған

Жебедей атылайық жағадан.

Құлаштап толқындарды ұрайық,

Соңыңнан ерейікші, ағажан.

Қайырмасы.

Шындардан шығайықшы шындарға,

Тыңдардан тарайықшы тындарға.

Көк дауыл, ақ борандар соқса да

Тартынар өжет қыз бен ұл бар ма?!


КӨҢІЛДІ ӘН

Сөзі С.Жиенбаевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі

Үйренсең нотаны,

Ән де саласың.

Барлығын оп-оңай

Жаттап аласың.

Қайырмасы:

СShape1 ен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.

Шарласын әрқашан

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Қайырмасы.

Күлімдеп қарасын

Аспан алабы.

Біз әнге бөлейік

Туған даланы.


КӨКТЕМ

Сөзі Қ.Сыдықовтікі

Әні А. Жайымовтікі

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.


Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті.



АҚ МАМАМ

Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі

Әні Ә.Бейсеуовтікі

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау бол,ақ мамам.

Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен.


Өзің маған мият күн,

Сен деп таңым жиі атты.

Ақ мамамның айқайы.

«Айналайын» сияқты.

Қайырмасы.

Қуат беріп құшағың

Қанат бітіп ұшамын

Естіртемін алып кеп

Ел білмейтін құс әнін

Қайырмасы.

Көрсетемін күллі елді

Жарық етем түндерді

Өсіріп мен сыйлаймын

Жұрт көрмеген гүлдерді


АҚ БЕСІГІМ

Әні Т.Бейсембектікі

Сөзі Ә.Ысқабайдікі

Әуел бастан,Құшақ ашқан,

Әнге бөлеп санамды.

Ақ бесігім,Бақ бесігім,

Шексіз сүйем даламды.


Жайған өркен, Жайнап өлкем,

Жырдан шашу шашады.

Бұлбұл сайрап, Алтын аймақ,

Көркін әнге қосады.


Туған жерім, Туған елім,

Еркелетіп өсірді.

Бойға көрік, Ақыл беріп,

Қатемді де кешірді.


Тауға биік, Басым иіп,

Тұрсам үлкен мәртебе.

Маған қымбат, Жері сымбат,

Өлкемдегі әр төбе.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!