400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін-өзі тану пәнінен эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Ақ мамық орап маңайды.

Мен Жарбұлақ деген ерекше, шипалы өлкеде тұрамын. Менің ауылымның батысында Алакөл деген дертке дауа көл, ал шығысында шипалы Барлық таулары бар. Менің ауылыма қыс мезгілі түскенде маңайды көрсең, аппақ сүтке батып кеткендей боласың. Себебі, қарайып жатқан бір жер жоқ. Ағаштардың бұтақтары, үйлердің шатыры бәрі-бәрі тамаша ақ түске боялғандай. Айтпақшы, менің өлкемде жел қатты соғады. Ал қыста боран өте көп болады. Ол соғатын боран «Ебі желі» деп аталады. Жергілікті халық арасында, үлкендерден қалған «Жарбұлақтың құты да-Ебі, жұты да- Ебі» деген сөз бар. Ол сөздің мағынасын мен өзімше былай жорамалдаймын. Ебі желі тарихтағы атақты «Жоңғар қақпасынан» келеді екен. Бұл жел соққаннан кейін қанша аяз болса да, күн жылып, жерді басып қалған қалың қар аршылып, тебіндеп жайылатын ауыл малы қыс көзі қырауда болса да жайылысқа шығып кететін кездер болады. Жердің құты деген осы болса керек. Ал жұты дегені- боран соқса, қатты екпінмен келіп, кей кездері бірнеше күнге дейін созылады. Сол себепті осылай айтқан шығар.

Боран басылғаннан кейін табиғатта ерекше өзгеріс болғандай болады. Өйткені дала деген жылтырап, күн шығып, торғайлар әрі-бері ұшып, қорадағы төлдер бір-бірімен ойнап, балалар шулап, абыр-сабыр болып жатады. Сондай күн шығып тұрған кезде бізде қаламыз ба? Қарды әрі бері шашып, шанамен сырғанап, бойы өзімізбен бірдей аққала жасаймыз. Күн шыққаннан кейін дала міндетті түрде біраз болсын жылиды. Сол кезде шатырдағы қарлар еріп, әр түрлі яғни ұзын- қысқа сүңгілерге айналады. Бізде біресе жылы, біресе суық ауа-райының әсерінен ауылымыз ақ тұманда болып кетеді. Басқа көршілес ауылдарға барсақ, ол жерлердің қысқы табиғаты мені қызықтырмайды. Тек жолда келе жатқандағы тауларға тамсанып қарап отырамын.

Қыс мезгілі менің сүйікті мезгілім. Себебі қыс қызығына ешкім тоймайды. Осы қыстың ерекшелігін Абай атамызда айтқан.Терезеге қарасаң басынан аяғынан дейін әдемі оюлар бар. Маған түні бойы қар жауып, ал таңертең соны тамашалаған ұнайды. Себебі жаңа жауған қарға күн сәулесі түсіп көз тоймайтын сұлулыққа айналады.

Міне, менің ауылымның қысы осындай ...



Амангелді Елерке

6сынып оқушысы

ШҚО, Үржар ауданы

«Жарбұлақ орта мектебі» КММ

Жетекшісі өзін-өзі тану пәні мұғалімі Омарова Г.А.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі