×

Өзін-өзі тану пәнінен нормативтік құжаттар

Материал туралы қысқаша түсінік

өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне

Төмендегі ақпарат осы құжаттың шамамен алынған тексттік нұсқасы болып табылады және бұл ақпарат тек танысу үшін арналған. Осы материалды жүктеу үшін төмендегі материалды жүктеу деген кнопканы басу керек, материалды жүктеу тегін

«Өзін-өзі тану» пәнінен нормативті-құқықтық құжаттар

 

І.  «Өзін-өзі тану» пәнін басқаратын әкімшілік:

 

1.      Нормативті құжаттар  - барлық нормативті актілер, бұйрықтар,  Заңдар, ережелер, хаттар және т.б.)

2.      Есеп-қисап құжаттары – пән бойынша барлық есеп құжаттары (сапалы құрам, педагогтардың курстық дайындығы, курстық дайындықтың перспективалы жоспары, пән бойынша перспективалы жоспары, кабинет куәлігі,  оқушылардың өзін-өзі ұстау ережесі т.б.

3.      «Өзін-өзі тану» пәні бойынша талдау құжаттары

4.      «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  жалпы құжаттар (байқауларға, конференцияларға қатысу, рухани-адамгершіліктәрбиелеу бойынша кезеңдік баспа, кіріс-шығыс құжаттары және  т.б.)

 

1.      Нормативтік құжаттар:

 

- ҚР-ның Конституциясы

- «ҚР бала құқығы туралы» ҚР Заңы

-  «Бала құқығы туралы» Конвенция

-  жастар саясаты туралы заң(27.07.2007ж.жағдай бойынша өзгертулермен)

- 2011-2020жылдарға ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы

-  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  ҚР БМЖМС 2.3.4.01 -2010 білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

- «Өзін-өзі тану» оқу пәнін енгізуді ұйымдастыру туралы бұйрық

-  26.12.2005ж. бекітілген «Өзін-өзі тану» кабинеті туралы ереже

- «Өзін-өзі тану» кабинетін жабдықтау жөніндегі ұсыныс 

-  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11-сыныптарда типтік оқу бағдарламасын бекіту туралы 2010ж. 17-ақпандағы ҚР Білім және ғылым Министрінің №71 бұйрығы

- 2010ж. 9-ақпандағы ҚР Білім және ғылым Министрінің «2010ж. сәуірдегі ҚР Білім және ғылым Министрінің «2010 – 2011 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулықтар тізімін бекіту туралы»  №152 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» №160 бұйрығы

-  2010ж. 5-сәуірдегі ҚР Білім және ғылым Министрінің «2010 – 2011 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулықтар тізімін бекіту туралы»  №152 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрығы

-  2010 – 2011 оқу жылы «Өзін-өзі тану» пәнін білім ұйымдарында жаппай енгізу туралы ақпарат (2010ж. 30-маусымдағы № 1 хаттама)

   

 

ІІ. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінде

-  өзін-өзі шыңдаудағы келешекке арналған жоспар

- «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  ҚР БМЖМС 2.3.4.01 -2010білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

- «өзін-өзі тану» пәні бойынша  оқу бағдарламасы

- «өзін-өзі тану»пәні бойынша  сабақ  жоспары

- кабинет тіңқұжаты

- әрбір оқушының портфолиосы

-  өзін-өзі тану мұғалімінің  портфолиосы

- пән бойынша үнтаспалар  мен  бейнетаспалар 

- «өзін-өзі тану» пәні бойынша  дидактикалық және көрнекілік құралдар 

 

«Өзін-өзі тану» кабинетінің жабдықталуы бойынша ұсыныстар 

«Өзін-өзі тану» кабинеті әдістемелік ұсыныстар негізінде және жұмыстың мазмұнының талаптары мен пән кабинетінің құрылғылары мен безендірілуіне сәйкес  жасалды. Арнайы кабинеттің болуы, оның құрылғылары мен жасақталуының өзгешелігі «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  оқу-танымдық еңбекті ұйымдастырудың нәтижесі мен сапасына  айтарлықтай әсер етеді.

«Өзін-өзі тану» кабинеті –бұл тұтастай рухани-адамгершілік білімді және сабақты ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасайтын өзін-өзі пәнінің оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру жүйесінің оқу-тәрбие бөлімін ұйымдастыру болып табылады:

•      оқу материалын құнды көңіл-күймен қабылдауды қалыптастыру;

•      ұлтаралық қатынасты дамыту;

•     ойлау еңбегін жетілдіру;

•     оқу сабақтарының дәстүрлі емес түрлерін ұйымдастыру;

•      құрылғыларды, мульти-бейневизуальды заттарды, оқыту және дидикатикалық материалдарды кешенді қолдану  .

 

Өзін-өзі тану оқу кабинетіне  жалпы  талаптар

·        оқу алаңына балалар мен мұғалімнің еңбегі мен көңіл-күйін арттыратын  эстетика, көркем құрылымдық (дизайн) элементтердің есебінен қолайлы психологиялық жағдай  құру

•     үй өсімдіктері мен гүлдердің болуы.

•      терезе перделерінің немесе жалюзилердің, еденде кілем немесе алашаның болуы.

•     эргономикалық, физиологиялық, санитарлы-гигиеналық, эстетикалық, психологты-педагогикалық талаптар есебімен кабинетті сәйкес жиһазбен жабдықтау

•      кабинетті қажетті   мулъти-бейневизуальды оқыту заттарымен, оқу және анықтама әдебиеттерімен жабдықтау •     мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларында  оқу үшін ойыншықтардың болуы

1.   Өзін-өзі тану кабинетіне   санитарлы-гигиеналық және эстетикалық талаптар. 

Өзін-өзі тану кабинеті:

·        10-15 оқушы еркін сыйятындай, аумағы 36  шаршы метрден аз болмауы керек;

·        2-3 функциональды аумаққа бөлінуі тиіс:мұғалімнің жұмыс орыны, оқушының жұмыс орыны (белсенді жұмыс және  сенім байланысы аумағы, сонымен қатар жобалық шығармашылық жұмыстарды орындау аймағы);

·        уақытылы санитарлы-гигиеналық нормаларға жауап береді  (жарықтану, жылу, желдеткіш, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жиһаз);

·        дизайнға сәйкес арнайы түске сәйкес келуі керек.

 

       2.   Өзін-өзі тану кабинетін безендіру талаптары.

2.1.Өзін-өзі тану кабинетін безендіру үшін ұсынылады:

2.1.1.   С.А.Назарбаеваның рухани-адамгершілік білім беру жобасы авторының қоғамдық еңбегі туралы баяндайтын стенд

2.1.2.стендте туған өлкенің табиғатын көрсететін балалардың суреттері мен фотолары 

2.1.3.  өзін-өзі тану сабағындағы балалардың еңбегін көрсететін сынып бұрышы, туған күн иелерін құттықтау.

2.2. оқу-тақырыптық жоспардың бөлімдерімен оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай өзін-өзі тану кабинетінің қабырғасын безендіру.

2.2.1.мектепалды даярлық тобының балалары үшін қабырғадағы  суреттерде, панноларда өзін-өзі тану пәнінің мазмұны көрінуі тиіс;

2.2.2   бастауыш сынып оқушылары үшін балалардың шығармашылық жұмыстары толтырылған стендтар мен паннолар ұсынылуы тиіс;

2.2.3.   арнайы стендта өзін-өзі тану пәнінің рухани-адамгершілік бағытындағы  ата-аналармен жұмыс көрінуі тиіс.

2.3.Кабинет саны:

2.3.1.   оқушылардың шығармашылық жұмыстары презентациялары мен жұмыстары үшін тақталар мен флипчаткалар,  магнит ұстағыш;

2.3.2 белсенді жұмыс аймағында 4-6 адамға арналған дөңгелек және доғал  формадағы үстелдар;

2.3.3.оқушылар үшін жеңіл пластмасса үсталдер;

2.3.4.жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін офистік жартылай жұмсақ орындықтар;

 

2.3.5.   рухани-адамгершілік жөніндегі кітапханалық, шығармашылық  жұмыстар, дидактикалық және әдістемелік материалдар, бейне және бейнематериалдар, кеңсе жабдықтарын сақтайтын шкафтар мен сөрелер;

2.3.6.   мүмкіндігінше музыкалық аппараттар, бейнемагнитафондар, бейнепроекторлар, бейнекамералар, компьютерлер, сандық фотоаппараттар;

2.4. жылы, ашық сары, ашық сарғыш, пілдің сүйегіндегідей  түстерді қолдану.

3. Өзін-өзі тану кабинетін оқу-әдістемелік қамту талаптары.

3.1.   Өзін-өзі тану кабинетін оқу-әдістемелік қамту үшін міндетті түрде:

•      нормативті-құқықтық құжаттар (ҚР-ның Білім және ғылым министрінің бұйрықтары,  пәнді оқыту стандарты,тақырыптық жоспарлар);

•    көрнекілік заттар (карталар, плакаттар, портреттер, суреттер және т.б.

•      барлық  деңгейдегі рухани-адамгершілік білім беру үшін  оқу әдістемелік-кешен;

•     сабақ жоспарының папкалары;

•     дидактикалық таратпа материалдары;

•      диагностика нәтижесі  бойынша аналитикалық есептер;

•      рухани-адамгершілік білім беруді дамыту бойынша тәжірибе алмасу семинарлары, конференциялар материалдары;

•      Бейне және үнтаспалар, компьютерлікдискілер мен   дискеттер;

•     рухани-адамгершілік туралы мен әдістемелік әдебиеттер.1

3.2. Сабақ өткізу үшін кабинетте өзін-өзі тану кабинетінің сабақ кестесін қою.

•      оқу кабинетінің жұмыс кестесі;

•      жеке сабақ, кеңес беру кестесі.

3.3. Келесі құжаттар болуы керек:

•      құрылғылар, әдістемелік кітаптардың, дидактикалық материалдардың  көрсетілуімен кабинеттің куәлігі;

•      кабинетте жұмыстың  қауіпсіздік техникасы ережесі;

•    нақты оқу жылына кабинеттің дайындығы туралы әдістемелік бірлестіктің шешімінің хаттамалары.

 4. Кабинеттің жұмысын бағалау.

•      өзін-өзі тану кабинеті басқа да тәртіптегі кабинеттермен қатар смотрға қатысад  (білім ұйымының жоспары бойынша);

Смотр қорытындысы бойынша ең жақсы кабинет анықталады.

Өзін-өзі тану бойынша сабақ пен сабақ сараптамасы  және талдау сызбасы:

Мектепке дейінгі және бастауыш  мектептегі білім беру

                      Құрастырушы:  М Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Айгерім Зәкірова Тынышбекқызы. Эксперимент мақсаты: педагогтың жоспарланған нәтижесін шынайы нәтижемен салыстырып, анықтау:

1)     жетістіктер мен олқылықтар себептері;

2)     сабақтың құрылымын бағалау,  мақсатқа жетуді  көрсететін негізгі кезеңді анықтау;

3)      оқыту мен тәрбиелеу түрлері мен әдістерінің таңдау тиімділігін бағалау; әдістерді қолданудың басты функциялары;

4)      сабақтың жетілдіру немесе тәрбиелеу туралы қорытынды жасау.



Материал туралы ақпарат

Дата публикации

30.Наурыз.2019

11 көрсетілім | 0 жүктеу

0

Назар аударыңыз, осы материалды жариялағаныңыз туралы сертификатты менің материалдарым деген бетте жүктеп алуға болады

Ұқсас материалдар

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.