400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: П. Қошаева

Мектеп: Толыбай батыр атындағы

Мерзiм: 5.09-12.09.2017ж 1 сабақ

Тақырып: Мен өзімді танимын.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім,сүйіспеншілік

Мұғалiм: Ұ. Садырбаева

Сынып: 5 «а»

Оқушылар саны: 25

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

-оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып, өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;

-оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалы арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;

-әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқулықтағы «Отын оқиғасы» атты аңыз әңгімені оқиық.

  • Бала Бекеттің іс-әрекетінен нені түсінуге болады?

  • Ұстаздың айтқанынан не түйдіңдер?

  • Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?



  1. Дәйек сөз.

«Өзіңді өзің танысаң –істің басы»

Ш.Құдайбердіұлы

Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Берілген сұрақтар бойынша ой-толғау жазыңдар.

1.Мен кіммін?

2. Менің мақсатым қандай?

3. Менің арманым не?



  1. Топпен ән айту.

«Менде өсіп келемін»

Ә.Орманшина

Желдей жүйткіп жылдармен

Мен де өсіп келемін.

Отанымды сүйемін,

Қадірін оның білемін.

Мектепке де барамын,

Білімнің бойлап тереңін,

Үйренемін, ұғамын.

Өмірдің жинап керегін.

Керек болса көмегім,

Қол ұшымды беремін.

Адал туған Отанға

Ұлы болмас, деп едім.


  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы «Сенің өзің» атты әңгімені үйде оқып келуге беремін.



  1. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
931
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі