400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары


Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: П.Қошаева

Мектеп: №141 жом Мерзімі: 28.11.2017ж № 12

Тақырыбы: Адам жауапкершілігі

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сүйіспеншілік

Мұғалім: М. Отарбаев сынып: 7 Оқушылыр саны: 34

Сабақтың мақсаты:

–Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу..

Міндеттері:

Білімділігі:

– Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ;

Дамытушылығы:

–Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелілігі:

–оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла – бойларыңа толғанан сезініңдер,ал енді көздеріңді ашыңдар.

Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

42-беттегі 6 –тапсырма берілген. Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды кезек-кезек оқиды.Оқушыларды тыңдап, өз сөзіммен қорытындылаймын.

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз:

«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп, қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.»

Альфред Адлер

Дәйексөзді қалай түсінесіздер?

Жұмыс дәптеріне жазып аламыз.


4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • «Азаматтық», «Азаматтық парыз», «Жауапты болу» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз елінің азаматы екеніңді қалай көрсетер едің?

  • Адам бойында азаматтық болмаған жағдайда не істер едіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

«Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазындар



6.Топпен ән айту.

Рух пен тіл

Сөзі мен әні:

М.Шахановтікі

Табиғаттың қзгермейтін заңңына бұр бетінді, Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді. Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде, Олар елің,тілің қорғап жанын қиған бұл жерде.

Қайырмасы:

Ұлтсыздану заманыңда Тілің нарық табаныңда Көнбестік бар қадамында Рухынды басып кетті қарын. Тіліңді жоғалтсаң, Діліңді жоғалтсаң, Жоғалтасы бірін.


7.Үй тапсырмасы.

Үй жұмысы ретінде «Атамекен» әнін жаттап келу тапсырылады.


8.Соңғы тыныштық сәті.)

(Баяу күй ойнайды)
• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі