Мақсаты:
Оқушыларға
білім
– өмір шырағы екенін түсіндіру
арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1.
Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және
қажет заттарды ғана айтуға үйрету.
2.
Дамытушылық: Оқушылар
бойындағы кішіпейілдік
қасиеттерін дамыту.
3.
Тәрбиелік: Оқушыларды шындықты
айтуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
1.bilimdiler.kz
2.https://infourok.ru
3.https://www.zharar.com/kz
|
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды
күйге келу.
«Нұрға бөлену».
2.
Үйге тапсырманы тексеру
1.
№4 – сабақ. «Ертегі кейіпкерлерінің
суретін салып келу.
2.
Келесі сабақ. №5, Ел
аузынан
«Қазына»
мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1.
Бұқар жырау неліктен «Қазына білімдінің
басында»деп айтты?
2.
Білімді
адамда қандай қасиеттер болғандақазынаға
айналады?
3.
Өмірде
біліміңді пайдаланып дұрыс жол
тапқанкездеріңді айтып беріңдер
|
5
Т – ережесі:
1.
Тәртіп.
2.
Талап.
3.
Тыныштық.
4.
Тазалық.
5.
Татулық.
|
4.
Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Адамның
үш түрі (аңыз)
-Мына
мүсіндердің әрқайсысының өзінің
құндылығы және мағынасы бар,- деп, бір
патшаға көрші мемлекеттен алтыннан
жасалған бірдей үш мүсін беріп жібереді.
Патша мүсіндерді өзінің қол астындағы
адамдарына беріп, олардың айырмашылығын
табуын талап етеді.
Уәзірлері
ол мүсіндерді таразыға салып өлшейді,
ұзындығын өлшейді, алтынның сапасын
тексереді. Бірақ еш айырмашылығын
таппайды. Басқа көрген сырт адамдар
да ешнәрсе байқамайды. Тек бір ақылды
уәзір ғана берілмейді.Ол кішкене
мүсіндердің оң құлақтарында тесіктер
барын аңғарып,тесіктерге жіңішке
алтын сымды кіргізеді де мынаны
байқайды. Бірінші мүсіннің құлағына
кірген сым екінші құлағынан шығады,
ал екіншісінің аузынан шығады,
үшіншісінің ішінде қалады. Сосын біраз
ойланған уәзір патшаға келіп:
-Уа,
патшам, жұмбақтың шешімі табылған
сияқты. Бірінші мүсін - бір құлағына
айтылған сөз екінші құлағынан шығатын
адамға,екінші мүсін естігенін,білгенін
аяғына дейін тыңдамай,ой елегінен
өткізбей, басқаға жеткізетін адамға
ұқсайды.Ал үшіншісі- оқығанын, естігенін,
білетінін есіне сақтап, өз бойынан
өткізіп, өмірде қажетіне пайдаланатын
адам-, деп айтады.
Сұрақтар:
1.
Мәтін кім туралы?
2.
Қай уәзірдің әрекеті дұрыс болды?
3.
Білім бізге не үшін қажет?
|
|
5.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар
үш топқа бөлінеді
Тапсырма:
Мақал – мәтелдерді жалғастыру.
1
– топ:
1.
Оқу – білім азығы,
Білім
– ... қазығы (ырыс)
2.
Білім басы – бейнет, соңы – ... (зейнет)
3.
Оқығаныңды айтпа, ... айт (тоқығаныңды)
2-топ:
1.
Оқу түбі - ... (тоқу)
2.
Оқу ... құдық қазғандай (инемен)
3.
Оқу - білім бұлағы
Білім-
өмір ... (шырағы)
3
– топ:
1.
Жердің сәні - егін, ... сәні – білім
(ердің)
2. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған ... (шырақ)
3. Ғылым
- теңіз, білім - ... (қайық)
|
|
6.
Топпен ән айту.
Ұстазым
Тұлғаңды
арманыма ұксатқанмын
Үлгіңді
көңіліме қыстатқанмын
Есімде,
әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға
қалам ұстатқаның
Ұстазым, менің
ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған
ізің мәңгілік
Жадымда тұрар
жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым
|
|