400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы:Дос болуды үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға дос болудың маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды бауырмалдыққа үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: 19 ЖОББМ

Күні: 15.02.19ж.

Мұғалімі:

Сыныбы: 2 Ж

Тақырыбы:Дос болуды үйренеміз

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: ; бауырмалдық; достық; татулық

Мақсаты: Оқушыларға дос болудың маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды бауырмалдыққа үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №21 – сабақ.Дәптермен жұмыс.Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар.
Достық ережесі
Жолдастарыңа көмектес. Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет.
Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс.
Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір.
Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату бол, мақтанып кетпе.
Жолдасыңның жетістігіне қуан.

2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу.

1. Жігіт неліктен ренішін құмға жазды?
2. Жақсылықты тасқа жазуының себебі неде?
3. Бұл оқиғадан қандай сабақ алар едің?
4. Өзің достарыңмен қарым-қатынаста өкпе-реніштіқалай жеңесің?
5. Адамдарға қалай өкпелеп, ренжімеуге болады?Әңгімелеп беріңдер

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Дос — ажарың, жолдас — базарың.

Қазақ мақалы

Сұрақтар:

1. Дос – ажарың дегенді нені түсінесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Shape1 Shape4 Достық


Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.

Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

Сұрақтар:

1. Әйтімбет шешеннің достықтың түрлері туралы айтқан сөзін қалай түсіндіңдер?

2. Адал дос бола білетін адамның бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді?

3. Қандай адамдардың адал достары көп болады?Неліктен?

4. Өздеріңнің достықты қалай бағалайтындарыңды әңгімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Досыңның жақсы жақтарын, оған тілейтін жақсы қасиеттер мен құндылықтарды естеріңе түсіре отырып, дәптерге досыңа тілек жаз.


6. Топпен ән айту.

Ағайынбыз бәріміз

Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев
Әнін жазған: Малғаждар Әубәкіров
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Қайырмасы:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.


7. Үй тапсырмасы.

1. № 22 – сабақ. «Досыңа сыйла» сурет салу.

2. Келесі сабақ. №23, Лариса Кобзеваның «Шынайы сүйіспеншілік» әңгімесін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі