Материалдар / Өзін-өзі тану пəнін оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдердің ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану пəнін оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдердің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Көп мəлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2020
232
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын
тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой
толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті
С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі
ерекше.

Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына
тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен
әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік
қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының
дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін
ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық,
рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам
қалыптастыруға бағдарланған.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат - әрбір баланы өз бойындағы
шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық
ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне
мүмкіндік туғызу.
Оқу-әдістемелік кешеннің барлық компонеттері өзара байланысты және дамыта оқытудың
мақсаттарын арнайы сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, балабақшада, үйде іске асыру
көзделген (дәптердегі кейбір тапсырмаларды тәрбиеші нұсқауымен үйде орындауға болады).
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан құралған шағын топтарда
ұйымдастырылады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.Сабақ
жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған
болуы керек. Балалар өзін емін-еркін, психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезінетіндей,
көзтартарлықтай көркем безендірілуі тиіс.
Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, дәптермен жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай үстелдерді
алуан түрлі етіп (шеңбер, қатар, қарама-қарсы және т.с.с.) орналастыру қажет.
Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне көріністерді тамашалау
үшін дыбыс бейнежазба қүралдар, дидактикалық материалдар мен фотосуреттерді іліп көрсету
үшін тақта болуы керек. Мұндай бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер
алуына ықпал етеді.
Тәрбиешінің балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты -
баланың өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп,
баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік
табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйрету.


Page 2

Қарым-қатынас барысында әр баланың жанарына жылы шыраймен қарап, өзінің қимыл-
қозғалысы, ым-ишарасы арқылы оған оң көзқарасын байқата отырып, сенімге ие болу керек.
Әрбір сабақта төмендегідей негізгі үш мәселе ескерілуге тиіс:
• сабақтың тақырыбын балалардың түсінуіне және оған өзіндік көзқарасын жағымды
эмоциясымен байқатуына кол жеткізу;
• адамгершілік ережелер мен құндылықтар жөніндегі ұғымдарды балалармен бірге нақтылай
отырып бекіту;
• бала бойында тек жақсылық жасауға деген ниет, ынта-ықылас туғызу, өзі өмір сүретін ортада
жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдіс-тәсілдері:
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері
арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын»,
«Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс»,
«Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».
Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Шаттық шеңбері» болып табылады.
«Шаттық шеңбері»-сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Тәрбиеші балалармен
бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып,
өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық
шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
Жұмыстың бұлайша жоспарлануы баланың зейінін белгілі бір ой жүйелілігіне тұрақтандыруға
және олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға бұруға мүмкіндік береді. Өйткені алға қойған
мақсатка жету және еңбектің нәтижелі болуына қол жеткізу үшін топтағы балалардың шашыраңқы
ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстырып жүйелеп алу аса маңызды болып табылады.
«Шаттық шеңбері» - тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы
сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады. Тәрбиеші өзінің қалауы бойынша сабақтың
тақырыбына сәйкес олардың мазмұнын өзгертуге және тәжірибе барысында балалардың ойлау
мүмкіндіктеріне қарай орайластыра өткізуіне де болады.
«Әңгімелесу» — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық
тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Балалар әңгімелесу әдісі
арқылы тақырыптың мазмұнын саналы түрде меңгереді.
• Тәрбиешіні және бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге үйренеді.
• Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін айтады.
• Тәрбиеші балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге үйретеді.
«Әңгімелеу»- балалардың көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, өсиет-әңгіме,
өлеңдерді, күнделікті тұрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл
атқаратын маңызды әдістердің бір түрі.
• Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып, негізгі ойды
түсінуге үйренеді.
• Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп, бойына сіңіреді.


Page 3

• Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, олардың жақсы
немесе жаман екенін талдауға үйренеді.
Мұндай әдеп әңгімелерін тұрақты жүргізу балаға қоршаған ортадағы болмысты тани түсуге
қызығушылық тудырып, өз тарапынан ұсынысын, ойын байқатуға жетелейді.
Шығарма, әңгімелерді кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмұндап айту түрлерін
қолдануғада болады.
«Дәйексөз»— балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды -
бейнелі қабылдауына ықпал ететін озін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады.
Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады. Дәйек сөз
ретінде алынып отырған халық мақал-мәтелдері, нақыл сөздер сабақта айтылатын негізгі ойды
білдіреді.
«Ойын»— балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен
іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойындар (іскерлік, сюжеттік-рөлді, қимыл-
қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық
үрдістерінің дамуына көмектеседі.
• Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды, оқылған
жағдаятты жақсы меңгереді.
• Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
• Ойын сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған
мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі.
«Өзіммен-өзім»-бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін
тигізеді.Тәрбиеші баланың көңіл-күйін көтеру негізінде төмендегі мәселелерді ескеруі қажет:
• балалармен бірге айтылатын тақырыпқа сәйкес ойды, сұрақтарды, мәтінді бірқалыпты үнмен,
жағымды эмоциялық көңіл-күй туындайтындай түрде айтуы керек;
• мәтін мазмұнын баяндап тұрғанда сазды музыка әуені баяу ойнап тұрғаны тиімді;
• әуен сазы, баланың көңіл-күйіне әсер ететіндей, ойлануға, өткенді елестетуге, қиялдауға,
моральдық, этикалық ережелердің мінез-құлықтың жағымды жақтарына ықпал етуі
қажет.Жаттығу аяқталғаннан кейін тәрбиеші балалармен қысқаша әңгіме өткізеді.
«Тыныштың сәті»-балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте
маңызды. Бұл әрекетті кез-келген жерде және кез- келген уақытта жасап көруге болады.
Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік ұстап еркін
отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз
өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады.Толық тыныштықта баланың
жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.Ол өз ойын жинақтай алу
мүмкіндігіне ие болады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді.
«Сергіту сәті» — шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті
төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті.Бұл жұмыс олардың белсенділігін
арттыру үшін қолданылады.Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға
бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй
тудырады, ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал етеді.
«Дәптермен жумыс». Дәптердегі тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат -


Page 4

балалардың жағдаяттарға сәйкес ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін
білуге баулу.
Сонымен қатар төмендегідей бірнеше міндеттерді шешуді көздейді:
•өзіндік талдау жасай білудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
•дәл осы мерзімге сәйкес өзінің іс-әрекетін тексере білу;
Тәрбиешілер дәптердегі шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін ата-аналарға арнайы
кеңес беруі керек:
•ата-ананы сол күні өткізілген сабақ мазмұнымен таныстыру;
•дәптердегі тапсырмаларды орындаудың ретін түсіндіру және орындалу барысына бағыт беру,
оны балаға қарапайым түрде түсіндіру.
«Шығармашылық жұмыс»-өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж
жасау әртүрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат- балалардың қызығушылығын
туғызу, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-
әрекетінің нәтижесін білуге баулу.
«Ғажайып сөздер»- бұл әдістемелік тәсілде балаларға сабақ бойы айтып үйренген жақсы сөздер
мен сөз тіркестерін айтқызып, үйренген адамгершілік құндылықтарын пысықтап, бекіту
мақсатында пайдаланылады.
«Қорытындылау»-сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой
жүйеленеді.
«Журектен жүрекке» шеңбері - сабақ құрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл. Мұнда:
• тәрбиеші балалармен бірге көңіл-күйді көтеруге бағыттап қысқаша тақпақтар, өлеңдер айтады;
• шеңбер құра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой-пікірлерімен бөліседі, бірінің ойын бірі
жалғастыруға жаттығады;
• бет әлпеті, қимыл- қозғалыстары арқылы көңіл -күйлерін байқатуға үйренеді;
•бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен ұсына отырып, мейірімді қарым-қатынастары
орнығады.

«Өзін-өзі тану» пәні тәрбиешіге өзінің педагогикалық қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады.Әрбір
сабақты дайындап, өткізу саралауды, шығармашылық ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің
жүргізілуі барысында өзіндік өзгермейтін, міндетті бірнеше негізгі мәселелер бар.Олар:
-әр балаға жеке дара тұлға ретінде жеке басына сыйластықпен, түсіністікпен қарау;
-балаларға өз іс-әрекетін жоспарлау және дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы
таңдаулары мен дамуын іске асыруға көмектесу;
-баланың өмірлік дағдысын түгел қамту және олардың өмірді қабылдаудағы жас ерекшелігі
ескеріледі.
Сондықтан тәрбиеші сабақты өткізу барысында:
-балаларға үйретуші емес, тек бағыт беруші болғаны дұрыс,


Page 5

-балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, оның жеке даму ерекшелігін басты назарда ұстау;
-жеке тұлғаның бірін-бірі түсінуі, тәрбиешімен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғыза
алуы керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!