400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тану сабағы "Парыз тәртіптен басталады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларғатәртіп пен парыз туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Тәртіп – адамның ең жақсы қасиеті. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деді емес пе. Бірін-бірі сыйлаған, құрметтеген, тәртіп пен парызын адал атқарған ел ешқашан опық жемейді. Тәртіпсіз басталған жұмыс жүйесіз аяқталуы мүмкін. Тәртіп адамның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мектеп: «Мортық орта мектебі»КММ

Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады (13 сабақ)

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік

Мұғалім: Шарипова С.У.

Сынып: 7 Оқушы саны:9

Сабақтың мақсаты: Оқушыларғатәртіп пен парыз туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезені.Тыныштық сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2

Нұрға бөлену.

 Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Баяу музыка қойылады.

2.Үй тапсырмасың тексеру.


3.Дәйексөз

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».

Бауыржан Момышұлы

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

4. Әңгімелеу

«Шектен шықпа»

Бұл ежелгі Грекияда болған деседі. Түн ұйқысы төртке бөлініп, елдің ертеңін ойлап, ұрпақ қамын жеген елдің зиялы қауымының ӛкілдері келіп Грекияның даңқы жайылып, дәуірі жүріп тұрған жеті данышпанына өтініш айтады. Ішінде Анахарсис бар осы жеті данышпанға: «Сіздер кӛп оқыған, кӛп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды. Сол білетіндеріңізді халық түсініп жадында сақтайтындай етіп, бір-екі ауыз сөзге сыйдырып мәңгі ӛлмес өсиет қалдырсаңыздар», – деп ӛтініпті. Содан жеті данышпан жеті күн ойланып-толғанып келіп, ақыр соңында ақыл-ойларын былай деп бір ауыз сӛзге сыйдырыпты: «Шектен18 шықпа!» Бары осы-ақ! Астарына қарасаң кімді де болса, тәнті етер, таңғаларлық тереңдік! «Шектен шықпа»! Асып - тасып қуанғанда да шектен шықпа, қабырға қайыстырар қайғыда да шектен шықпа, мәз болып күлгенде де шектен шықпа, ашуланып ұрысқанда да шектен шықпа, жаның жасып жылағанда да шектен шықпа, мансабың19 тасығанда да шектен шықпа, меселің20 қайтып мойығанда21 да шектен шықпа, қалжыңдасқанда да шектен шықпа, ойнағанда да шектен 18 Бір нәрсенің шеті, шекарасы. 19 Қол жеткен атақ, кӛтерілген дәреже. 20 Бір нәрсеге талпынудағы кӛңіл, пейіл. 21 Ауырлық пен қиындықтан тауы шағылып, қалжырау.

шықпа... өмірдің барлық сәтінде де шектен шықпа»,- дегенді аңсаған ақылмандар бар білігі мен ілімін осылай бір ауыз сөзбен бекітіп кеткен екен. Заманалар ауысып, табиғатымыз өзгеріп, тірлігіміз жаңа сипатқа көшкенімен осы бір ауыз сөздің құны да, қасиеті де бәз қалпында демеске шара қайсы?!

Талдау сұрақтары:

  • Мәтіндегі «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Адам шектен шықпауы үшін оның бойында қандай қасиеттері болуы керек?

  • Шектен шықпау мен тәртіпті не байланыстырады?Шектен шықпау деген тәртіптілік пе?

  • Шектен шықпай, тәртіпті болуың үшін өзіңе қандай талаптар қоясың?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма:

Төменде берілген ой-тұжырымдарды оқыңдар. Өздерің үшін дұрыс жауапты таңдап алып, дәлелдеңдер.

Тәртіп – белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ, орындалуы міндетті ереже, заң.

Тәртіп – адамды мәжбүрлі түрде реттеу құралы.

Тәртіп – бір нәрсенің реті, жӛн-жобасы, жеке адамның мінез-құлқы.

Тәртіптілік – амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап.

Тәртіптілік – айнала қоршаған ортаға ӛзі жайлы жақсы ой туғызатын айла-амал.

2-тапсырма: Өздеріңнің өмірдегі тәртіп ережелеріңді жасаңдар.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Тәртіп – адамның ең жақсы қасиеті. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деді емес пе. Бірін-бірі сыйлаған, құрметтеген, тәртіп пен парызын адал атқарған ел ешқашан опық жемейді. Тәртіпсіз басталған жұмыс жүйесіз аяқталуы мүмкін. Тәртіп адамның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

6.Топпен ән айту. «Ерлікке шакыру». Мухтар Шаханов.


7.Үй тапсырмасы: «Ә. Қайдар шығармасынан үзінді»

Күнделіктеріне жазады.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі