жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін өзі тану сабағы.Ашық сабақ.Мектепалды даярлық сынып
Өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық» , «Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқуіс –әрекет: «Өзін-өзі тану»
Тақырыбы: ІІІ-тарау. Адамгершілік әліппесі. 22 -сабақ. «Мен еңбекқор баламын»
Мақсаты: «еңбек,еңбексүйгіштік» туралы түсінік беру
Дамытушылық: Еңбек ету дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі : дәптер , хрестоматия , түрлі түсті карандаштар, «өзін-өзі тану әлемінің картасы»
Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, түсіндіру , сұрақ –жауап
Сөздік жұмыс: Еңбекқор , тілалғыш, ұқыпты бала.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңбер:Бәріміз бір топпыз
Жалқаулыққа жоқпыз.
Аяңбай еңбек етеміз,
Мақсатымызға жетеміз.
Бір -бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз
Аламыз білім жақсығып,
Тілейміз бәрімізге сәттілік!
Іздену-ұйымдастырушы Әңгімелесу.
-Балалар еңбекқор бала деп қандай баланы айтамыз? -Сендер үйде , топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?
Әңгімелеу. М.Төрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» -Қалай ойлайсыңдар. Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады? -Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді ,әке-аналарыңды,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма? -Ал сендер өздеріңді қандай деп ойлайсыңдар?
Дәйек сөз. «Еңбек ер атандырады»
Адамды жақсы оқығаны,спорт жетістіктері, сіңірген еңбегіне қарай ел бағалайды.Еңбек-адамның атақ-даңқын шығарады. Бүкіл елге танымал етеді. Еңбек еткен адам ел алғысына бөленеді
«Ойын. «Мен еңбекқор баламын » Балалар шеңберге тұрып , ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні туралы айтып, допты басқа балалардың жауаптары. -гүлдерге су құямыз -ойыншықтарды жинаймыз -ыдыстарды жинаймыз -киімдерді реттейміз -Мен ойыншықтарды жинаймын -Мен гүлге су құямын -Мен ыдыстарды жуамын -мен еден жуамын.балаға лақтырады.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрастырып, бояйды .
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған
Мынау-басым ақылды Бәрін осы атқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
- Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.
Рефлексті коррекциялаушы Қорытындылау.
-Балалар бүгінгі сабағымызда ата-анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап,тілалғыш,ұқыпты,еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің біздібірлікке ,достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік Жүректен жүрекке
Н.Жанаевтың «Еңбек» өлеңі
Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты-еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп, Мұның аты-еңбек.
Қиындықтың бәрін Еңбек қана жеңбек.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.
А.Менжанов «Болайықшы осындай»
Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады Қиындықты жеңіп кіл Құшағы гүлге толады Еңбекшіл осындай Болайықшы ,досым-ай Балалар өлең жолдарын қайталайды
Білуі керек: Достық ұғымын ажыратып білуі керек.
Баланың қолынан келуі: Достарыңа көмектесе білуі керек.
№1 Егіндікөл орта мектебі
Тақырыбы: «Мен еңбекқор баламын»
Өзін-өзі тану пәні
Өткізген:Смагулова Г.Қ
2020-2021 оқу жылы
№1 Егіндікөл орта мектебі
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Өзін-өзі тану пәні
Өткізген:Смагулова Г.Қ
2020-2021оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты: Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір - біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.
Көрнекі құралдары: жапырақтар, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткіземіз деп сенемін.Себебі бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос болайық бәріміз».
I.Тыныштық сәті:
Балалар денелерің түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді түгел жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап қоршап, қамқорлап жатыр. Ал, енді тұла бойларың жақсылыққа, махабатқа толды деп есептеймін.
ІІ.Әңгімелесу сәті :
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендердің достарың көп пе?
- Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?
‒Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?
Түйін:
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.
Достық‒адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.
III.Мәтінмен жұмыс:
«Екі дос» ертегісі
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Талдау сұрақтары:
- Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар бұлар адал дос па?
- Нағыз дос қандай болуы керек?
- Достарынды ренжітіп алсандар, қалай татуласар едіндер?
- Қандай достықты біз «адал» деп айтамыз?
IV.Жаңа ақпарат:
-Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі – адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық.
Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір – бірімізге адал дос болайық.
V.Дайексөз:
Ермек Өтетілеуовтың «Әрқашан тілектес,Досыңа көмектес».
-Дос адам бір-біріне қашанда тілекші,көмекші.Досыңа әрдайым тілектестік білдіріп,оның айтқан сөзін,істеген ісін қолдап,қажет кезінде өз көмегінді көрсетіп жүргенің дұрыс болады.Адалдық,сенім нағыз достарға тән қасиет.
VI.Жағдаяттарды талдау:
1.Құрбылары Жанарға
Балмұздақ берген-ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды-артына қарамай,
«Рақмет» деп жалғыз сөз
Айтуға да, жарамай!
Сұрақ: -Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
2. Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы, Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп, ала жөнелді.
Сұрақ: -Жанар мен Сырымды шын достар деп айтуға бола ма? Неліктен?
- Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
3. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
Оқушылардың ойларын түйіндеу:
-Кейде біз өте асығып жүріп,ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз.Одан досымызды ренжітіп аламыз.Жанар «рақмет» деген сөзді,Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады.Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап,ренжітпейді,кешірімшіл болады.Достар қиын сәттерде көмекке келеді,татулықты қадір тұтады.
VII.Ойын: «Нағыз дос» -алма ағашына, досқа тән қасиеттерді теріп ілу (мейірімді,
салмақты, адал, кек сақтамау, ақылды, кешірімді, төзімді,
өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау).
- Сендердің жауаптарыңды тыңдап, сендерде шынында адал дос болатындарыңа көзім жетті.
VIII.Дәптермен жұмыс: ребусты шешу
Шешуі: «Досыңа ауыр сөз айтпа»
IX.Мақалды жалғастыр:
1.Досыңды бір алдасаң,.......................................... .
(Өзіңді мың алдағаның)
2. Дос сыртыңнан мақтар,................................. .
(Дұшпан көзіңе мақтар).
3. Жақсы- жаныңа жолдас,................................... .
(Жаман- малыңа жолдас).
4. Ат жаманы жолда қалдырар,....................... .
(Жолдас жаманы қолда қалдырар).
5.Жақсымен жолдас болсаң,
(Жетерсің мұратқа.)
Жаманмен жолдас болсаң,
(Қаларсың ұятқа
6.Жүз сомың болғанша,
(Жүз досың болсын).
7.Дос табу оңай,...................... .
(Сақтау қиын)
«Достық» туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.
Ерасыл:
Екі деген‒екі дос,
Бірін‒бірі сыйлайтын.
Артық кемді етпей сөз,
Бірін бірі сыйлайтын.
Дінмұхаммед:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған екі көзің сияқты.
Қарақат:
Балдырған баламыз,
Қашан да, қайда деп
Достар бір біріне сенімді боламыз.
Нұрсұлтан:
Достар бірге жүреміз.
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз.
Гүлзара:
Адал дос барлық жерде керек екен.
Өмірде достың орны бөлек екен
Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді.
Жаман достан жамандық келеді екен.
Үйге тапсырма беру: Адал достар тақырыбына әңгіме жаз.
Достық туралы мақал – мәтел жина.
X.Қорытындылау:
-Адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдерінің бірі – достық. Ал адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі – достаса білу.Достықтың күші-бірлікте,кепілі-татулықта.Біз де сыныптас достарымызды қолдап,қол ұшын беруге әрқашан дайын болайық,әрқашанда дос болайық, бәріміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген