400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тану сабағынан эссе "Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баул"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдергі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО,Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті

«№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кусаинова Маржан Мухтаровна


Жаңашыл көзқарас


Жаңартылған оқу бағдарламасы заман сұранысын қанағаттандыратын құзіреттілікке және сапаға бағытталған тың серпін. Жаңадан енгізілген бұл бағдарламаның мақсаты мен міндеті айқын. XI ғасырда дара тұлғаны дамытуға бағытталған, жүйеге нақты қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек, ол үшін дәстүрлі педагогикада айтқан мектепке бала емес, өмірге қажеттіліктен оқитын шәкірттердің мол болғанын мақсат ету қажет болып тұр. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән беріліп, өзгерістер енгізу жоспарланған. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Білім беру жүйесі бүгінгі таңда болашақтың талабына сәйкес дамуы осыған дәлел. Оның бастамасы қазіргі уақытта оқытылып жатқан курс.Курста оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеуде мақсат етілген. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні - баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. «Арыстандай айбатты, Қырандай күшті қайратты, Мен Жастарға сенемін»- деп, М.Жұмабаев жырлап кеткендей болашақта сондай сенім тудыртатын, жан жақты, жаңалыққа жаны қумар жастарды мектеп қабырғасынан тәрбилеп, білім нәрімен сусыдандырып жіберуіміз керек. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. Курс боййынша мен үшін жаңашыл болғаны: Білім беру үрдісінің бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырағаны, критерийлер арқылы бағалау жүйесінің енгізілуі, қалыптастырушы бағалаудың шынайылыққа бағытталалуы, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өзімнің кәсіби бағытта дамуыма қол жеткізетінімді байқадым, тапсырмаға негізделіп дескриптордың құрылуы, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, сабақ мақсатына жетуде әдіс тәсілдің тигізер әсері зор екендігі мен үшін жаңа серпін болды.
Әр нәрсе сөз арқылы емес, көрсету арқылы есте қалады демекші курс бойында үйреткен,көрсеткен, бағыт бағдар берген, білім сапасын арттыруға бағытталған негізгі қадамым болмақ. Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі. Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз келбеті өзімнен де табылу керек екенін түсіндім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі