400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырыбы:Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгереміз.3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту. Міндеті: Білімділік:Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінікберу; Дамытушылық:Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету; Тәрбиелік: Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі: № 1 сабақ

Тақырып:Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Құндылық:Ақиқат

Мұғалiм:Мусина Г.К

Сынып :3 Ж

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам

өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінікберу;

Дамытушылық:Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. «Оқу ақпараты» оқушылардың «Ақиқат» құндылығы жөніндегі білімдерін айқындай түседі.

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-өзін–өзі танудың негізі» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Оқулықтағы Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі ұсынылған. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар берілген:


Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті?

Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар?

Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

Ал екінші жолаушы қалай түсінді?

Өзің мәтіндегі «көңілді,ойыңды осы бұлақтай таза сақта »дегенді қалай түсінесің?


1-тапсырма

«Ақиқат» сөзінің әрбір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазаңдар.

А..

Қ..

И..

Қ..

А..

Т..
















Жаңа ақпарат .

Ақиқат,Сүйіспеншілік,Дұрыс әрекет,Ішкі тыныштық,Қиянат жасамау барлық адам баласын біріктіретін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектесетін жалпыадамзаттық құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар уақытпен Өзгермейді және барлық адам баласы үшін аса маңызды.Өз бойындағы асыл қасиеттерді ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі.Жақсы қасиеттеріңді тек жақы іс –әрекеттер жасау арқылы дамыта аласыңдар.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10 мин.

2-тапсырма

Мәтінді оқыңдар.Адамның әдепті істерін тізбелеп дәптерлеріңе жазыңдар.7.Дәптермен жұмысАбайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыңдар.

Абай атамыз нелерден сақтандырады?

Абай атамыз нені үлгі етті?

3-тапсырма

М.Әлімбаевтың «Әдептілік әлппесі»өлеңін оқыңдар. Өлеңдегі жақсы қасиеттерді теріп жазыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріп айтыңдар.


8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Айгөлек » Сөзі:Н.Баймұхамедовтікі, әні: Б.Байқадамов



9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Құрманбай Толыбаевтың «Күн кімдікі» әңгімесімен танысу.


10.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі