Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:_______



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясы

Мерзімі: № 22сабақ

Сабақтың тақырыбы: АР – ҰЖДАН ІЛІМІ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Жаңабаева Ақжан

Сынып: 4 Оқушылар саны:

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты:Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптерстикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Әнуарбек Дүйсенбиев «Біз өмірдің гүліміз» жаттап әнімн айту.


3. Дәйексөз.



4. Әңгімелеу.Әлдихан Қалдыбаев

Мұны қалай түсінеміз?

Мектептің бірінші қабатына терезелерді бекер орнатады. Бала біткеннің бәрі – терезенің жауы. Балалар, әрине, терезеге әдейілеп тиіспейді, абайламай сындырып алады. Футбол теуіп, волейбол ойнасақ доп терезеге қарай ұшады, қолдағы тас немесе жентектелген қар, бәрібәрі терезенің көзін табады. Бітті, әрі қарай баланы шатақ күтіп тұрады. Бауыржан мен Марат та осындай пәлеге аяқ астынан ұрынды. Анықтап айтсақ, Бауыржан тепкен доп, Мараттың қолынан сырғып шығып, мектеп терезесінің бір көзін қиратты да кетті. Кінәлі кім? Бір-біріне үрейлене және жазғыра қараған екеуінің жүзінде де осы сұрақ тұрды. «Кінәлі – мен» деп мойындар кейіп екеуінде де жоқ. Қайта Марат: – Терезеге неге сонша қатты тептің? - деп шап ете қалды. – Қолың қайда? Ұстасаң етті. – Менің қолымды қайтесің, өзіңнің аяғыңа ие бол. Терезені қираттың, жауап бер. – Ал, сен ше? – Мен бе, мен... Сен сындырдың дедім бе, сен. Марат сөзін аяқтамай теріс айналып, жүгіре жөнелді. Бауыржан аң-таң тұрып қалды. Сабақтан соң Рахима апайға айтуға бекінді. Рахима апай қатар отыратын шәкірттің бір нәрсеге келіспей қалғанын бірден аңғарған. Үшінші класта оқитын отыз баланың әрқайсысының мінез-құлқы өзіне әбден мәлім. Бауыржан мен Марат бірбірімен өте тату еді, не болған? Сұраса ма екен, сұрамаса ма екен? Сабақ соңында да көрер. Сабақ бітуге жақындағанда, әңгіме ауаны адалдық жөніне ойысты. – Апай, адал адам қандай болады? – деді Сәуле. – Ия, бәсе, өздерің айтыңдаршы, адал адам қандай болады? - дейді апай. Балалар шулап қоя берді: – Адал адам ақылды болады. – Адал адам ешкімді алдамайды. – Адал адам – жақсы адам. – Дұрыс, балалар, осы айтқандарыңды кішкене бір қорытындылап, ой түйейік. Осы сәт Марат орнынан атып тұрды. Үстіңгі еріні дүрдиіп, көзі жасаурап кеткен. Апай, біз жоқ, мен жаңа үзілісте бірінші қабаттағы терезенің бір көзін сындырып алдым. Енді қайтсем? –Міне, бұл – адалдық. Бірдеңені бүлдірген екенсің, қателігіңді мойында, түзе. Адал адам сөйтеді, кінәсін мойындаудан қашпайды. Марат сен десөйтіп отырсың, адал адам ... Енді Бауыржан орнынан атып тұрды. – Апай, Марат – адал емес, өтірікші. Барлық класс Бауыржанға қарай қалды. Марат бұға түсті. – Бауыржан, не дедің? Қайталап айтшы, – деді мұғалім. – Марат – өтірікші. Терезені біз екеуміз сындырдық. Бұл жаңа қашып еді, енді адал бола қалыпты. – Солай ма? Рас па, Марат? – Марат үн қата алмады. Ой, бұл болмаған екен! Қателігіңді мойындағаның жақсы, бірақ шындықты айту бәрінен де артық. Қап, әттеген-ай? Мұны қалай түсінеміз? Марат жерге кірермен болып, мөлиіп тұр. Бауыржан бір қалыптан айныған жоқ, жүзі жарқын.

  • Бауыржанның жүзі неліктен жарқын болды?

  • Адал адам деп қандай адамды айтуға болады?

  • «Шындықты айту бәрінен де артық» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адал және шыншыл адамды қандай қасиеттерінен тануға болады?

  • Ар-ұжданға сай өмір сүру дегеніміз не? Айтып бер.


5. Шығармашылық жұмыс

4 тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Мәтін бойынша дәптерге қос жазба күнделігін толтырыңдар.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі – ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін ғана керек қылмайды,мәңгі өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек. Олар нанбай, ұжданды құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деп ұғатын кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы болмаса керек. Оған бүгінгі өмірдің айла-әдісін тапса болғаны. Ұждан – өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды.


Мәтіндегі маған ұнаған

тұстары

Ол тұстары маған неліктен

ұнады?





5-тапсырма: Бауыржан Момышұлының ар туралы пікірін оқып, кластер жасау арқылы өз ойыңды білдір.

Бауыржан Момышұлы

Ар – жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғымы. Бұл адамның қызметін оның ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымтүсінігіне байланысты реттейтін парыздың қаншалықты орындал- ған немесе орындалмағанын (осыдан келіп бірде сергектік, бірде жасушылық) анықтайтын, нені істеп, неден бас тартуға тура келетінін көрсететін, көңіл күйдің жайбарақаттығын білдіретін сезім. Қысқасын айтқанда ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.



Арлы адам







6-тапсырма Ар-ұжданға сай келетін істерді атап айтыңдар.


Қорытынды: Ар-ұждан – ең қасиетті ұғым. Ол әділдіктің, адалдық- тың, шынайылықтың бірден-бір өлшемі. Ар – адамның өзіндік әділеті. Ар-ұждан адамға риясыз жақсылық жасауға және басқаларға жәрдем беруге көмектеседі. Ар-ұждан дауысын есту арқылы адам өзінің ойын, сөзін, іс-әрекетін ізгілікке толтырады. Адамның ар-ұжданы биік болған сайын, оның басқаларға деген жауапкершілігі, мейірімділігі, қамқорлы- ғы арта түседі.


6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Әнуарбек Дүйсенбиев

Біз өмірдің гүліміз Әні: Бекен Ғизатов

Зеңгір көктен Бал достыққа,

Нұрын төккен, Жолдастыққа

Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз.

Жайнап өскен, Тыныштықта,

Жайдары өскен Нұр құшақта

Біз – өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз.


7. Үй тапсырмасы.

1.Өлеңді оқыңдар. «Нағыз азамат» тақырыбында фотоколлаж құрастыру.


8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2021
707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12