жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
өзін-өзі тану сабақ жоспары
Тексерілді:_______
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясы
Мерзімі: 18.01. 2021 жыл. № 18 сабақ
Сабақтың тақырыбы:ДЕРБЕСТІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік,тәуелсіздік
Мұғалім: Жаңабаева Ақжан
Сынып: 4 Оқушылар саны:
|
Сабақтың мазмұны: |
Ресурстар: |
|
Сабақтың мақсаты:Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету; Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру; Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу. |
Оқулық, дәптерстикер, видеопроектор |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Хасенхан Талғаров «Дос болайық, бәріміз!» жатқа айту. |
|
|
3. Дәйексөз. |
|
Толағай(Аңыз) Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Шұрайлы жерден қоныс алған малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар. Бірақ сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген бір ғана армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты болып үлкен той жасайды. Сол нәресте жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туған-туыстары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай, көз тимесін деп, Толағай дейтін болыпты. Сөйтіп баланың аты Толағай атанып кетеді. Күндердің бір күнінде жер қуаңшылық тартып, жаңбыр болмай, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен ауыртпалық Толағайды қатты мазалапты. Сонан бері Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: «Қарағым, Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ. Жаңбыр- дың болмауы сол себептен», - дейді. Толағай: «Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма?» - дейді. Сонда қарт айтқан екен: «Шырағым, Толағай, еліңді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай емес. Дегенмен, ондай талабың болса, оңтүс тік өлкеде Алатау деп аталатын таулардың атасы бар, рұқсатты содан сұрарсың», - деп батасын береді. Сөйтіп тауды арқалап әкелуге сайланған Толағай сапарға шығыпты. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері ақ басты Алатауға жетіп, «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем беріпті, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді.Алғашқыда аяғын ширақбасқанымен иығына түскен салмақ еңсесін басып, бірте-бірте әлсірей бастайды. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әбден әлсіреген Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқасындағы тау болса, батыр жігіттің үстінен басып қалыпты, Сонан сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал әлгі бала тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті.
|
Апайтөс – кең кеуделі. |
|
5. Шығармашылық жұмыс 4-тапсырма: Жауапкершілікті адам қандай болу керектігі туралы өз ойларыңды жалғастырып жазыңдар. 1. Жауапкершілікті адам өзіне тапсырылған жұмысты дер кезінде орындайды. 2. Жауапкершілігі мол адам ... . 3. ... . 4. ... . 5-тапсырма: Тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырып айтыңдар. Тірек сөздер: тазалық, жинау, балалар, көмек, жауапкершілік, ұқыпты, еңбексүйгіш, уәде, орындау, ризашылық. 6-тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрастырып айтыңдар.Мұрат Сыздық Өкініш Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді. – Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нӛлмен қатырмасақ па? – Әттеген-ай-а!– деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысынан есектің қамытын алған екен.«Соны апарып тастарсың»?деп еді. – Өй, бар болғаны сол ма? - Жақып көңілдене күліп қойды. – Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр.Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады. Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да: – Мейлі ендеше, – деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті. – Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе? Қайырбек не дерін білмей абдырап: – Иә, ата, апарып тастадым, – деді. – Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым! – Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды. Қайырбек үйге кештете оралды. «Бірлік» футболшыларын ойсырата ұтқаннан кейін, масаттанған балалар Қаракөлде әбден асыр салды. Көлдің ортасындағы аралдан бүлдірген терді, жасырынбақ ойнады. Ойын қызығына берілгені соншалық – күннің батқанын да байқамай қалды. Үй іші кешкі асқа отырды. Ас үйде әжесімен амандасқан біреу дабырлай кіріп келді. – Кеш жарық! – Оу, Келденбісің. Жоғары шық!? - деп атасы кӛңілдене дауыстап, кешкі қонақты төрге шақырды. – Шығамыз ғой. Айтпақшы, құрдас, қартайғанда өтірік айтатын болғанбысың. Бүгін аласың деген қамыт қайда? Үйдегілер «қамыт әкелген пендені көрмедік» деп ант-су ішеді. – Апармағаны қалай? Қайырбек шырағым... – атасы түсін суытып, немересіне қарады. Қайырбек ұяттан кірерге тесік таппай, көзімен жер шұқыған қалпы үнсіз отырып қалды. Қорытынды: Жауапкершілік – адамның өз міндетін, тапсырылған істі орындап шығуы. Жауапкершілігі бар адам сол істің мән-жайын жете түсінеді. Ондай адам тапсырылған істі мезгілінде атқарады. Айтқан сөзінде тұрады, ісіне жауап береді. Жауапкершілігі мол адам өзі үшін және басқалардың абыройы үшін өзін жауапты сезінеді. |
|
|
6. Топпен өлең айту. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. |
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген