400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тануда ойнатылатын тренингтер

Материал туралы қысқаша түсінік
5 -6 сыныптарға сергіту үшін ойнатылатын тренингтер
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
    Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата - аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.

    2. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз».
    Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл - күйді көтеруге, сонымен қатар бір - бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «кімнің достары көп, алмұртты жақсы көретіндер, оқуды жақсы көретіндер, домбыра тарта алатындар, балмұздақты жақсы көретіндер, ата - анасына көмектесетіндер және т. б. орындарын ауыстырсын».





  1. Топтық ереже қабылдау.
    Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.
    Ашық әңгімелесу
    Белсенді болу және әзілдесе білу
    бағаламау
    сөзді бөлмеу
    көп қатынасу

    4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
    Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
    «Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны...»
    «5 - сыныпта мен (менің).... келеді».
    Оқушыларға 5 - сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылады.
    • 5 - сыныпта қандай қиындықтар болды?
    • Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?
    • Қандай қызықты оқиғалар болды?

    5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
    Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
    «Менің ойымша, мен...».
    «Басқалар мені... ойлайды».
    «Мен... болғым келеді».
    Әрбір сөйлемге 5 - 6 сөзден жазуға болады.
    Сөздер тізімі:
    Ұқыпты, белсенді, қонақжай, тәртіпті, білімді, жауапты, еңбекқор, кешірімді, таза, шыдамды, батыл, сенімді, қарапайым, мәдениетті, қамқор, мейірімді, сабырлы, жылы жүзді, адал, сыпайы, білімге құштар, кеңпейіл,... т. б.
    Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Оқушылардың көпшілігіне ортақ, сәйкес келгендері саналады.

    6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?»
    Балалар ата - аналарымен бірге демалысты елсіз аралда өткізуге көп уақытқа кетіп бара жатырмыз деп ойлауы керек. Ата - аналары балаларына өздерімен бірге чемодан және онда салатын өздеріне ең маңызды деген тек үш нәрсені ғана алуға рұқсат береді. Сіз не алып кетер едіңіз? Сол нәрселерді қағазға жазыңыздар. Әрі қарай балалар тізімді оқып және осы үш нәрсені не үшін таңдап алғандықтарын әңгімелеп беруі керек.







Бұл тренинг 5 сынып оқушыларына арналған. Тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеріп, шаршағандықтарын басып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.

Нұсқау: әр қатысушыға карточка таратылады. Карточканың ішінде адамның көңіл-күйіне байланысты сөдер жазылған (қуаныш, ыза, ашулы, күлкі, таң қалу, мақтану т.б). Шеңбер бойынша «Салем» деген сөзді карточкада жазылған күймен айту керек. Қалған қатысушылар қандай көңіл-күй табу қажет.Ә қатысушыға жүрекшелер беріледі. Сол жүрекшелердің ішіне әр қатысушы тілек жазады.Жүргізуші жүрекшелерді қорпашаның ішіне салады.Қатысушылар шеңберде отырады. Жүргізуші тренинг басында қорапшаға салынған жүрекшелерді қатысушыларға таратады. Әр қатысушы өзіне жақсы тілек алады.

  • Әрдайым бірі бірімізге жылы сөз айтып, мейірімімізді төгіп жүрейік. Сонда жүрекке жылу ұялап, көңіл-күйіміз көтеріңкі болады.


  • .«Жунглидағы жаңбыр»

  • Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

  • Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

  • Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

  • Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

  • Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

  • Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

  • Тағы да нөсер жауын жауды.

  • Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

  • Дауыл соқты.

  • Жел соқты.

  • Жел басылып келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі