жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін-өзі танудағы адамгершілік құндылықтар
Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға тұлғаны жастайынан үйрету біздің басты міндетіміз. Бұл тұрғыда болашақ мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алуымен қатар, әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруы қажет.
Өзін-өзі тану ғылымының
мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін
қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған
азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып
табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнін «Адамның үйлесімді дамуы» институты
(Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым
министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім
беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге
асырылады.
«Өзін-өзі тану» пәні әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және
өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған
мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану
пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне
қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін
танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды
біліктілік дағдыларды қалыптастыруға
көмектеседі.
Мақсат: оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде
шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті
қарым-қатынас жасау; адамдарға көмек көрсету, туыстарына және
жақындарына мейірімді, қамқор болу; өзімен-өзі үндестікте өмір
сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық пен
белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту; өз ойын, сөзі мен
ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты
болу; қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде
дамыту.
Міндет:
-
оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
-
өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
-
өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
-
адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
-
әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
-
күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту.
Пәннің оқыту ерекшелігі: оқушының өзіндік бейімін
ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере
отырып, оны жеке тұлға ретінде дамыту.
Қазақстандық қоғамдағы жеке тұлғаны қалыптастыру тұрғысындағы
ұлттық патриотизмді санаға сіңірудегі негізгі кемшіліктер мыналар
дер едім:
а) Отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;
ә) Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты
өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
б) Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы
кері ықпал етуі;
в) Тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан
жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
г) Балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы
тиімділігінің төмендігі;
д) Балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің
шектеулілігі (клубтар, үйірмелер, секциялар т.б.) және олардың
іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі
осы заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізін
мен мемлекеттік саясатын құрай-тын басты стратегиялық міндеттер
ретінде қаралуы тиіс.
Құндылық – көпшілік адамдар
мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм
деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік,
қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік
объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет
етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс
бағытталған.
Жеке тұлға үшін ең басты өмірлік
құндылықтар:
Адам – абсолютті құндылық, «барлық танымның
өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның
өмірі, құқығы және бостандығы. Қазіргі жағдайда адам дамуы зерттеу
объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер
жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық
және таным субъектісі ретінде ұсынылуында.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын
қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның
табиғи даму ортасы.
Отан, туған
өлке–
тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани
мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның
теңдесіз, бірегей туған жері.
Денсаулық, салауатты өмір
салты–
бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына
жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс.
Елбасының «Қазақстан – 2050» Қазақстан халқына Жолдауында –
денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді
басымдықтарының бірі болып танылады.
Еңбек – адам болмысының негізі, рухтанған,
саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің анағұрлым
табиғи көрінісі.
Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік
прогресстің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің
тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің
құралы.
Мәдени
мұра–
барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір
саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи
шындықты, мейрімділікті және әсемдікті
біріктіреді.
Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы,
аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың
бірі.
Достық – өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес,
еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес,
сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және
махаббатты айғақтайды.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында
педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру
басты мақсат, білім берумен тәрбие үдерісінде өзін-өзі тану
мұғалімі төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп атап
көрсетілген:
-
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
-
Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
-
Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай тұлғаның өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі мұғалімнің-қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Бұның өзі өз кезегінде қазіргі өзін-өзі тану
мұғаліміне білім беруде, жеке тұлғаға ұлттық-патриоттық тәрбие
беруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген маман болуды
талап етеді.
Мұндай құзыреттіліктің қатарына мыналар
жатады:
-
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
-
оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
-
коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
-
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
-
әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
-
тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, белсенді білімі).
Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ол жайдан-жай емес, әрине. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі. Әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі мәселе- мемлекетшілдік, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені, біздің қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған тұлға ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу жолында аянбайтыны анық.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Өйткені, бұл пән жасөспірімге рухани-адамгершілік білім беру, дамыту арқылы үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді.
Өзін-өзі тану пәні- әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға, өз елінің патриоты болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда өзін-өзі тану мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жаңа «Өзін-өзі тану» пәні өмірге келіп, жоғарыда аталған бағдарламалар тәжірибеден өтіп, колледж 0111053 «Негізгі мектептің өзін-өзі тану мұғалімі» біліктілігі бойынша жүзден астам алғашқы түлектері облыс, республика мектептеріне биылғы оқу жылы жолдама алды. Колледж қабырғасында алған білім мен тәрбие жастар бойында елге,жерге құрметпен қарап, жүректерінде отаншылдық рух пен өз ұлтына, тіліне, діліне асқан сүйіспеншілікпен қарап, жас жеткіншектерді ұлттық құндылықтарға сүйеніш жасауларында аса батыл қадам болды деп айта аламыз. Осы мақсатта ғылми-әдістемелік ізденіс жұмыстарын ұйымдастырып, колледжді республикалық дәрежедегі ғылыми-әдістемелік орталыққа айналдыра білген білімді де, білікті басшы ғылым докторы, академик Ш.Х.Құрманалинаның ерен еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілетінің жемісін ерекше атап өткен жөн.
Н.Ә.Назарбаев- «Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек»-деген еді.
Елімізде шешімін таппаған мәселелер баршылық,
дегенмен, өркениет әлеміне бағыт-бағдарсыз ену мүмкін емес.
Осымақсатта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы болашаққа бағыт сілтер
тарихи құжат деп сөзімді тұжырымдағым
келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
-
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
-
А.С.Сейтаков.Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері.Алматы.2006
-
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
-
К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген