жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін өзі тәрбиелеу - өмір талабы
Қызылорда обылысы,Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы. Исатай Әбдікәрімов атындағы
№168 жалпы орта метебі Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі
Нысанов Нұрлан
Өзін тәрбиелеу-өмір талабы.
Тәрбиелі адам қандай болуы тиіс?
Тәрбиелену үшін ,өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін… күндіз -түні бірдей еңбектену ,өмір бойы оқу, жаттығу, қаржылы-қайратты болуы қажет. Мұнда әрбір сағат қымбат. Тәрбиелі адамдар «адамның жеке басын құрмет тұтады, көнгіш келеді.Олар жоғалған нәрсеге күйіп піспейді;бірге тұрған адамына жақсылығын айтып көлгірсімейді,ал одан кетіп бара жатып,сізбен бірге тұруға болмайды ,- деп айтпайды. Олар айқай шуды да, суықты да, күйіп кеткен қуырдаққа бола да үйге келген бөтен адамның көзінше кешірімді келеді.
Олар ақ көңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады.Тіпті түкке тұрмайтын нәрселергебайланысты өтірік айтуды білмейді.Жалған сөз тыңдаушының жанын күйзелтеді ,сөздің қадірін кетіреді.Олар босқа көп сөзге салынбайды, үйінде қандай болса , көшеде де содай көрінеді , кішкентайларға әрін төкпейді…біреу арнайы сұрамаса ,өз бетімен ешкімге сырын ашпайды…
Олар біреудің жаны ашысын ,аясын деп өздерінкемсітпейді.Басқаның жан дүниесінің нәзік жеріне тимейді,оған жауап ретінде аяғанды ,аялағанды қаламайды.Олар<<мені жұрт түсінбейді!» демейді ,өйткені мұның бәрі жалған ,ескі , арзан әсерге негізделген...
Олар абыржымайды .Атақтылармен танысу секілді жалған беделге жылтырауыққа жоламайды .Ұсақ – түйек есепті ұнатпайды , папкасын ұстап жүгірмейді , басқаларды жібермеген жерге өзін кіргізіп жіберді деп мақтанбайды...>>
Жастық шақ кісінің өмір жолын, өзінің қандай жағдайға жеткеніне,негешамасы келетініне,дүниеде не үшін өмір сүріп,жер басып жүргеніне ,нені біліпне қойғысы келетініне, жұртқа нендей пайда тигезетіндігіне, яғни өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең . Бір сөзбен айтқанда , осы кезеңде олар өзімен –өзі кеңесіп , «жан дүниесіне үңілуге құштар».Тұлғаның өзін-өзі тану теориясының негізін салушы К.Маслоудың анықтамасы бойынша ,өзін-өзі танып білу адамныңөзінің барлық тұлғалық мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін толық ашуға және дамытуға үздіксіз ұмтылысы. Біреу өз бойындағы берекесіздіктен, екінші біреу-тұйықтықтан ,үшіншісі-орынсыз ұялшяқтықтан арылғысы келеді .Мұндайда ол келеңсіз қылығымен шама-шарқынша алысып, өзін-өзі қатты қадағалайды.Бұл үшін ол жоспар құрып, оған қажетті түрлі іс әрекеттер мен шаралар белгілейді, тиісті жаттығу жасауды ойластырады. Әрине,мұнысы жүйелі жүргізілсе нәтижесіз де болмайды.
Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы,оның өзіндік «менін» сезіне бастауыАбай тілімен айтқанда, кісінің өзіне-өзіұдайыесеп беруінен ,өзін өзіаңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді.
Өзіңе-өзің ,ңіліп ,өзіңді тізгіндеуге тырысу ,белгілі мақсат көздеу –осы істегі бастапқы қадам. Әрине , бұл өзіндік тәрбиенің бірден –бір өлшемі емес. Ояна бастаған балғын сана сыртқы ортадан белгілі бір түткіні қажет етеді.Ал мұндай түрткілер ата-ана ,ұстаз- тәрбиеші, құрдас құрбылар тарапынан болуы мүмкін .Жақсы қасиетті иелену дегеніміз- жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы ,жақсы ұстаздан болады дейді Абай. Балаң жастағы өзіндік сана өмірден үлгі-өнеге, мұрат іздеуге жетелейді.Мұндайда кісі өз мінез- құлқының жаман –жақсы жақтарын ой таразысына салуға ұмтылады, алдына таудай талаптар қойып, бұларын қайткенде тиімді етіп орындау жолын қарастырады.
Адамның өзі-өзітәрбиелеуі жан мен тәнді шынықтырып ,жаттықтырып отыруды қалайды .Он екі мүшесі сап –сау,тепсе темір үзетін адам түгіл тумысынан кеміс , әлжуаз-шыңжау,ауру-сырқаулы адамдар да арнаулы жаттығулар арқасында алға қойғанмақсаттарына жетіп отырған. Мұны дәлелдейтін фактірлер аз емес. Ескі заманның аты шулы шешені Демосфен, америкалық соқыр-мылқау, керең әйел Эллен Кэллер, франзус суретшісі Анри Ренуар, атақты компазитор Бетховен, украин жазушысы Леся Украинка, керең, соқыр, мылқау ғалым О. Скороходова т. б. табиғаттың <қырында> қалып, жазылмайтын құзырға ұшыраған жандар еді. Табиғат бұлардың біреуін тіл-құлақтан, көру қызығынан айырса, енді біреулерін параличке ұшыратып, қозғалтпай қойды. Бірақ олар ауыр халдеріне мұңаймай, өмір өмір үшін күресе білді, мақсаттарына жету жолында ылғи да ізденіп, өлшеусіз еңбек етіп, талаптанып отырды. Осылардың әрқайсысы зор мәнді шығармашылық іспен айналысты. Одан өздері ләззат алды. Іс-әрекетке деген ынтызарлық, өз күшіне толық сене білу, аса күшті ерік-жігер, керемет қажыр-қайрат – бұлардың қай-қайсысына да тән қасиет еді.
Адам өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиншылықтарға төзімділік ерекше ұстамдылық, ұзақ уақыт бойына қажымай-талмай, ерінбей-жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы қажет. <<...Сахынада мыңдаған жұрттың алдында қимылдамстан тұру оңай емес >>,-деп жазды орыс сахнасының майталманы Қ. С. Станиславский. –Мен осы дәрежеге жеттім, өйткені өзіме-өзім бір қалыптан қозғалма деп бұйырдым, осының салдарынан тәнім бұрынғыдан бетер сіресіп қалатын болды. Бірақ, жүре келе бір репетициядан кейін- екіншісіне, бір спектакльден-екінші спектакльге көшкен сайын бұлшық еттердің сіресуінен арыла бастадым.Бойымдағы жалпылай сіресуді белгілі бір орталық мүшеге ғана жинайтын болдым; қолымның не аяғымның саусақтарына қалың етіне, анығырақ айтқанда, ең мықты жерім осы деп өзіме шамалаған жеріме жинайтын болдым... Бұл менің жер тепсінбей, басы артық қозғалысқа жаппай еркін тұруыма мүмкіндік берді>>. Сөйтіп С.К.Станиславский жаны мен тәнін қосарландыра жаттықтырып, бұл екуінің органикалық бірлігін жасауға шамасы келетіндігін іс жүзінде көрсетті. Оның бұл жүйесі сол кездің өзінде-ақ көптеген ғалымдарға, әсіресе, академик И. П.Павловқа жоғары жүйке қызыметінің сан қилы құбылысын осы тұрғыдан әрімен қарай зерттей түсуге жол сілтеген еді. Шындығында, адамның осы секілді таңғажайып мүмкіндіктерін зерттеудің болашағы зор. Бұдан шығатын: қорытынды адамның өзін-өзі тәрбиелеу мүкіндігі шексіз және бұл кез келген адамның қолынан келетін нәрсе.
Балаң жастағылардың арасында ой-армандарының күнделік бетіне түсіріп отыратындары да жиі кездеседі. Күнделік-адмның өзін-өзі тәрбиелеуі існде психологиялық жағынан құнды құжаттардың бірі. Мұнда ұстаз бен ата-ананың көзіне түсе бермейтін адам өмірінің көптеген қыры мен сыры қағаз бетіне түседі, яғни күнделік арқылы жас адам өзімен-өзі сырласып, мұыңдасады. Мұнда ол өзінің мінез бітестерінің кем-кетігін, нақтылы іс-әрекетін , айналасымен қарым-қатынасын, тіршілікте не тындырып, нені көздейтіндігін, асыл арман асқақ мақсатын толғай тебіренеді. Бала өзін-өзі тәрбиелеу үшін бақылай алу керек және бұл жағдайға көптеген әдіс тәсілдері
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мектеп 2008қыркүйек
2. Б.Қ.Игенбаева. <<Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі>>
3. Ғалмтор
4. Мектептегі сыныптан тыс жұмытар.№9 2012жыл
5. Қ.Үсенов << тәрбие тәлімі>> 2013жыл
6. Әдеп және жантану Алматы Атамұра 1996жыл
7. Педагогика А.Сманов Шымкент 2013жыл
8. Бастауыш білім 2007 №6

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген