Өзін таңдаған өмір! психологиялық тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін таңдаған өмір! психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
7-8 сынып оқушыларына арналған. Өзің-өзі бағалау үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ

2016-2017 оқу жылы










Тренинг

Тақырыбы:"Мен таңдаған өмір..."









Орындаған: Сагаева А.Ж.










Мақсаты: оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету, жағымсыз эмоцияны шығару, жою, оқушылардың қарым-қатынас жасауын жақсарту.

Керекті құралдар: плакат, түрлі-түсті қағаздар, тапсырмасы бар балықтар, интерактивті тақта.

Шарты: қатысушылар ортаға шығып, бір-бірімен емін-еркін жүріп амандасады.

І. «Ойлануға арналған балықтар»жаттығуы.

Бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреулеріңе балық аулауды ұсынамын.

Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», өзенде жүзіп жүрген аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі балықтарды алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Үлестірмедегі сөйлемдер: Ең үлкен қорқыныш-бұл... Мен мынадай адамдарға сенбеймін ... Мен ренжимін, егер ... Егер мен сенімді болсам, ...

Психолог: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесекөңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын.

ІІ. «Өзіңді теңей біл» жаттығуы. Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, өмірге көзқарасын кеңейту.

Психолог: Сендер өздеріңді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіңдер. Ол «МЕН» деп есептейсіңдер.

Қатысушы: Мен өзімді бұлаққа теңеймін. Өйткені мен бұлақпын. Мен жануарларды, адамдарды қоректендіремін. Менің бұл өмірге пайдам көп. Өйткені мен өмірге қорекпін.

ІІІ. Ертегі терапиясы арқылы әңгіме құрастырып, талдау жасалады. «Бақытты адамның көйлегі» ертегісін жалғастырады.

IV.Слайд көрсету. (Осы сүрген өміріңді қанағат тұт, өмірді ұға біл)

V. «Биіктік» жаттығуы. Мақсаты: оқушылардың өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту.

Жаттығу барысы: қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі. «Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Енді барынша жоғары секір.Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».

Қатысушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді: -Белгі қойылған биіктіктердің айырмашылығы болды ма? -Бұл айырмашылыққа не әсер етті? -Қалай ойлайсыңдар, өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме?

VI. «Сенімділік» жаттығуы. Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

Шарты: оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, 1-ші бөлікке жағымды қасиеттерін, 2-ші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өздерінде қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.

"Өмірді бағалаңыз"бейнеролик

Рефлексия: бүгінгі тренингтен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып, «тілек» ағашына апарып жапсырады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі