Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзіндік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу ісінің орынбасарларына арналған өзіндік жұмыс. Blended Learning жүйесіндегі курспен қалай жұмыс істеу керек? тақырыбында үш апталық курсқа арналған. Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Суйербаева Жазира Едиловна

«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасында анықталған орта білім беруге сапалы бірдей

қол жеткізуді қамтамасыз етуге, дені сау, рухани дамыған және табысты

азаматтың зияткерлігін қалыптастыруға бағытталған мақсатты

индикаторлары



Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер,

дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты

қалыптастыруда 2016 жылғы 1-қыркүйектен бастап барлық бірінші сынып

оқушылары білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті.

2017 жылы 2,5,7 -сыныптар,

2018 жылы -3,6,8,10 сыныптар,

  1. -ы –4,9,11,12 –сыныптар көшіріледі.


Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылар туралы.

Мектебіміз бойынша үздік және жақсы оқитын оқшылардың саны 274 адамды құрады. 2-11 сынып аралығындағы оқушылардың саны 432 адам. Индикаторды есептеуде 1-сынып оқушылары ескерілмеді. Бірінші жартыжылдықта оқушыларға баға қойылмайды. Осылайша, үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі 63,4%-ды құрады.

1 міндет.

Педагог кәсібінің беделін арттыру және олардың сапалық құрамын арттыру .

1.Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогтердің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарын, оның ішінде онлайн және қашықтықтан оқыту курстарына мектеп мұғалімдері 70 пайыз өтті

2.Педагогтердің «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыру курстарын, оның ішінде онлайн және қашықтықтан оқыту 50 пайызы өтті

3.Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшу бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде үш тілде оқыту аясында: Қазақстан тарихы мұғалімдері – ҚазТест сертификаттары, ағылшын тілі, информатика, химия, физика, биология – TOEFL, IELTS және IT-педагогтердің құзыреттілігі бойынша курстарға қатысып жатыр.

4.Республикалық «Үздік педагог» конкурсына қатысу (жыл сайын)

5.Мұғалімдерді жалдаудың және кәсіби өсуінің тетіктерін жетілдірілетін болады және мектептер үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде «білім беру магистрі» дәрежесі бар мамандармен толықтыру.


2-міндет. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету

1. Авариялық мектеп емеспіз және үш ауысымда оқытылмаймыз.

2.Мектеп кең жолақты Интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Электрондық оқытуды енгізуге арналған техникалық инфрақұрылымдар бар.

3.Мектеп пән кабинеттерімен, оның ішінде робототехника сыныбымен жарақтандырылып жатыр.

4. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) желісімен байланыста.

5.Тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалған орта білім беру ұйымдарында тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларды дәруменді тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.


3-міндет. Орта білім берудің мазмұнын жаңарту

1.Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді, олимпиадалар мен жарыстар, оның ішінде STEM-білім беру және Робототехника бойынша өткізуді ұйымдастырып жатырмыз.

2. 5-11 сынып оқушылары үшін жазғы тілдік мектепті ұйымдастыру мәселесін пысықталды

3.PIRLS халықаралық оқу мен мәтінді түсіну сапасын зерттеуге қатысу

4.TIMSS халықаралық жаратылыстану-математикалық білім берудің сапасын зерттеуге қатысу

5.ICILS халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеуге қатысу

6.Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың PISA халықаралық зерттеулеріне қатысу

7.Мектепте бес күндік оқытуға кезең-кезеңмен көшіп жатыр.

8.Сандық білім беру қорларының ұлттық каталогын үш тілде дамытуды қолға алу

9. Қиын жағдайларға тап болған мектеп оқушыларының үлгерімін жоғарылатуға жұмыстар жасау

10.Жаңартылған мазмұн элементтері бар білім беру бағдарламаларын іске асыру

11. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 1-6 сыныптарға арналған тәжірибелік білім беру бағдарламаларын басшылыққа алудамыз.


4-міндет. Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру


1.Мектебімізде спорттық лига құру арқылы мектеп спорт секциялары желісін кеңейтудеміз

2.Спорт залдары мен қосымша білім беру ұйымдарын заманауи жабдықтармен жабдықтаудамыз

3.Патриоттық тәрбиеге бағытталған «Шаңырақ» Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әлеуметтік жобасын тарату

4.Жалпы білім беретін мектептерде қызығушылықтар бойынша үйірмелер ашылды

5.Мектептер арасында спорттық жарыстар өткізу

6.«Жас ұлан» ББЖҰ, «Жас қыран» (7-9 жас, 2-4 сыныптар) және «Жас ұлан» (9-16 жас, 5-9 сыныптар) деген екі топқа бөлінетін балалар-жасөспірімдердің бірыңғай ұйымының жұмысын, онын ішінде, студенттер мен жоғары сынып оқушыларын арасынан волонтерлерді тарта отырып, «Жас ұлан» ББЖҰ тәлімгерлері мен үйлестірушілер қауымдастығын құру

7.Оқушыларды әлеуметтік қайырымдылық, ізгі ниеттілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық және тағы басқа акцияларға, оның ішінде медиа ресурстарды қолдану арқылы тарту

8. Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді құнарлы тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыру

9.Сауығу, оңалту және балалардың демалысын ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру

10.«Туған елге тағзым» жобасын іске асыру арқылы мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және мәдениетін қалыптастыру

5-міндет. Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

1.Оқу тоқсанының қорытындысы бойынша ата-аналар қауымының алдында, оның ішінде онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу

2.ҰБТ-ны реформалауға байланысты білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды басшылыққа алу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11