жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзіндік жұмыс: "Бастауыш мектепте дүниетану пәні бойынша білім берудегі тиімді әдістер"
|
Бастауыш мектепте дүниетану пәні бойынша білім берудегі тиімді әдістер Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында: «Білімді дамытуда негізгі инновацияны енгізу, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» –деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет - білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа тұлғаны қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі. Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.(Hattle, 2009Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсініп қабілетін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Бағдарлама оқушының тілдік төрт дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Тыңдалым дағдысы бойынша:негізгі ойды түсіну, ақпаратты анық-тау түсінгенін өмірде қолдана білу бағаланады. Айтылым дағдысында тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарастарын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейінде бағытталады. Оқылымның мақсаты –мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, мәтінді оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау, түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, анықтау, дәлелдеу. Жазылым дағдысында –тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу,қорытынды шешім шығару, өзпікірін,өзқарасын дәлелдеу. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білімжинақтайды. Нәтижесінде оқушылардың бойында мынандай өзгерістер байқалады:ынтымақтастыққа үйренеді, жеке, жұппен,топпен жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын ашық айтуға, өздеріне, сыныптастарына баға беруге , сабақты талдауға, қорытынылауға, қорғауға үйренеді. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері : Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақ қою. Сыңаржақтылықтың болмауы:барлық қорытындыларды бағалау, болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру. Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылыңын мойындау. Тәртіп: тиянақты, нақты және жан- жақты болу. Өзіндік сана сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың , сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екеніні сезіну. Оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып белсенді бола алады, олар бір-біріне сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолданады. Сындарлы оқыту әдicтерiн пaйдaлaну оқушылaрдың ойлaу жүйеciн дaмытып, олaрдың бұрынғы aлғaн бiлiмдерi мен жaңa немеcе cыныптaғы түрлi дерек көздерiнен, мұғaлiмнен, оқулықтaн, бacпacөз беттерiнен, ғaлaмтор мәлiметтерiнен aлғaн бiлiмдерiмен байланыстырып, оқушының өзіндік пікірін қалыптастырады. - Оқушылaрдың топтық жұмыcтaнуы нәтижеciнде, cынып iшiндегi доcтық қaрым-қaтынacтың күшейеді; - Мұғaлiм мен оқушылaрдың aрacынa өзaрa «жылы» қaрым-қaтынac орнaйды; - Оқушылaрдың шығaрмaшылық ой-өрici мен, қaбiлеттерi aртады; - Қабілеті төмен оқушылaрдың caбaққa қaтыcу мүмкiндiктерi aртады; - Caбaқ бaрыcындa топтacтыру, прaктикaлық caбaқтaр, cергiту cәттерiн ұйымдacтыру оқушылaрдың физикaлық белcендiктерiн aрттырaды; - Бaғaлaу үрдiciне оқушылaрдың өздерiнiң де үлеciнiң болуы, өздерiне және өзгелерге объективтi көзқaрac қaлыптacтырады; - Поcтер aрқылы немеcе топтық жacaлғaн жұмыcтaрды қорғaу оқушылaрдың сөйлеу мәдениетін дамытады. Сындарлы оқытудың оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда маңызы зор. Өмір талабына сай баланың дүниетануын ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін ескеріп, қоршаған дүниеден білім беруді мектеп қабырғасында жүзеге асыруды көздеген мұғалімдерден көп еңбекті талап етеді. Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде балалардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды қолдану орынды талаптардың бірі. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз өзінен тумайды. Ол тынымсыз ізденіс, қиындықтарды жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Баланың өмірге көзқарасының қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Табиғат заттары және адам қолымен істелген заттар жайындағы ілімді дүниетану пәніне енгізіп, оны оқушыларға ұғындыру арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсету іске асырылған. Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4 сыныпта дүниенің әрбір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.Оқушылардың дүниеге көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырады. Өйткені ,балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.Дүнетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым -қатынаста өтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс-тәсілді бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселен, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түрін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады. Дүниетану сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем- қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады. Дүниетану сабағында1, 2, 3, 4 -сыныптарда Адам, қоғам, табиғат бөлімдерін өткен кезде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданған тиімді. Өйткені, бұл сыныптарда оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, өзіндік жеке ойы, пікірі қалыптасады. «Ауаның ластануы.Ауаны қорғау »тақырыбын өткен кезде «Тұсаукесер», «Негізгі бөлім», «Ой толғаныс» бөлімдері арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым. Енді, аталған стратегияларды сабақ кезеңінде қалай қолдануға болатынына жеке тоқталып кетейік:
Бұл жерде тағы технологияның бөлігінен айтып өтсек: Тұсаукесер Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы, «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек», немесе қызықты психологиялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. . Негізгі бөлім «10сұрақ», «Ия-жоқ», «Т-кестесі» арқылы жаңа сабақ мәні ашылады Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн ?» сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, жағымды ахуал туғызуға бағытталады. Жаңа білімге көпір салу. Бұл сәт «бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатты. Орнына білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір саламыз. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды табиғатпен қарым-қатынас жасауға үйретеді. 2 сыныпта табиғатты зерттеу, болжау, жинақтау, топтау т.б. денелер, заттар , құбылыстар жайындағы білім жүйесі, табиғаттағы су, ауа тіршілікке керекті табиғат заттары ретінде қаралады. Адамның, судың, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны да ашылады. Бұл тақырыптарды өткенде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақтың сапасын арттыруға болады. Оқушыларға ауаның, судың тазалығы, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны туралы өз пікірлерін айтқызып, «Адам -табиғат қамқоршысы» атты бес минуттық эссе, шағын әңгіме жазғызуға болады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі -«Топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру». Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсерлерін жіктеп көрсету үшін, тәжірибе барысында өткізілген «Дүниетану» пәнінен «Табиғат» тарауының қорытынды сабағымен байланыстырып көрсетелік: Ол үшін сыныпты үш топқа бөлеміз. Уақытты белгілей отырып екі тізім жасауын түсіндіреміз. Бірінші топтың міндеті табиғатқа адам баласының жасайтын қиянатын өзара ақылдасып тізбек құрып жазу. Екінші топтың міндеті табиғатты қорғауға, оны сақтап қалуға қандай ізгі істерді жасады, немесе жасауды ұсынады соны жазу. Белгіленген уақыт аяқталаған соң, әр топтан бір оқушы шығып тізіммен таныстырады. Ал, үшінші топтың міндеті екі топтың жасаған тізімдерін тыңдап, бағалайды. Осылай алдынан шыққан проблеманы шешу мақсатында, оқушының өзінің жинақтаған біліміне, азды -көпті тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс- тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынада: 1.Топ жеке адамның пікірімен санасады; 2.Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады; 3.Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды. 4.Бір-бірімен ізгілікті қарым- қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады; 5.Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, ұяндық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шарттар орындалуы шарт: 1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 2.Оқушыларға ойланып- толғанып, ойын айтуға рұқсат беру; 3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану; 5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау; 6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына, жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 1.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Ал оқушылардан осыған байланысты: -сенімділікпен жұмыс жасау; -бар ынтасымен оқуға берілу; -пікірлерді тыңдау, құрметтеу; -өз пікірін анық білдіруді талап ету қажет. Ойын технологиясы. Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақыраптары бойынша алған білімдерін терендете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, зерде үрдістерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан ойын оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады. Ойын технологиясын дүниетану сабағының барлық бөлімдерінде қолдануға болады. «Табиғат» бөлімін өткен кезде жануарлар мен өсімдіктерге байланысты ойынның түрлері өте көп. Мысалы: 1.Өсімдіктердің көп түрлігі мен маңызына арналған «Тест» ойыны, 2.«Кім немен қоректенді?» ойыны; 3.«Табиғат бірлестігі» ойыны. 2 сыныпта «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» тақырыбын өткенде «Құстардың мекені», «Қай құстың тұмсығы?» ойындарын ойнатуға болады. Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жүктемесі: 1.Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат, құстар, жан- жануарлар жөніндегі жұмбақ, ойындар, «Бақытты сәт», «Иесін тап», «Дыбысына қарай ажырат», «Бұл қай аң?», «Кім тез таңдайды?», «Сыр сандық» т.б. 2.Тазалық пен күн тәртібін сақтауға байланысты дидактикалық ойындар: «Күн тәртібі», «Тап-таза», «Күн мен түн», «Бір минут» т.б 3.Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: «Кім күшті?», «Қуыршақты киіндіру», «Спорт», «Өнер көрсет» т.б. 4.Жыл мезгілдерінің құбылыстарына байланысты ойындар: «Бұл қай кезде болады?», «Жыл мезгілдері», «Салыстыр, тап», «Ерекшелігіне қарай ажырат», «Сиқырлы қоржын» т.б. 5. Табиғатты қорғауға және экологиялық білім беруге арналған дидактикалық ойындар: «Құстар, достар», «Құстар шағымы», «Экология», «Табиғатты қорғайық», «Санитар құстар», «Табиғат сақшысы» т.б.Дүниетану сабақтарында жұмбақ, ойындар көбірек пайдалану өте тиімді, олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін тигізеді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Төменгі сынып оқушылары үшін әртүрлі жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақ шешу, карта бойынша саяхат ойындары қолайлы. Мұндай ойындар аз еңбекті талап етеді және оларды жүйелі түрде пайдалануға болады. Бастауыш мектепте ойынды қолдану оқыту үрдісін түрлендіріп, балаларды белсенді әрекетке итермелейді. Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білген жөн.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады: -оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы; -нәтижелердің жетістігіне бағытталуы; тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы; -мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау; -тәжірибенің қайталануы мен алмасуы . Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,сабақтың тиімділігін арттыру.Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту.Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату,яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету,пәнаралық байланыстарды тереңдету,қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу,әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту,күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру,компьютерлік графика мен мультимедия технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу,ақпаратты өңдеуді жүзеге асыра білу,ақпараттық мәдениетті қалыптастырып,мәселені модельдей білуді дамыту және ең бастысы тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі -баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетісітігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға обьективті қарым-қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинақы ретінде қалыптастырылады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Осылай айтылған ой-пікірлерімді тұжырымдай келе білім беруді ақпараттандыру мектеп пәндерінің оқыту сапасын арттырады және ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Осы технологияларды тиімді пайдалану арқылы құзіретті мұғалім өз жұмысын жетілдіре түспек. Жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу-барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы . Егемен Қазақстан, 2011 ж. 2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002 ж. 3. Керімбаева Р.Қ.Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану. Тараз, 2010 ж. 4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген