Материалдар / Өзіне- өзі қызмет көрсету тапшылығы бар пациентті күту принциптері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өзіне- өзі қызмет көрсету тапшылығы бар пациентті күту принциптері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойылулардың пайда болуының себептері Ойылулардың алдын алу туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Тамыз 2020
5681
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Диана»Жоғары Медицина колледжі»

мекемесі

Учреждение

«Высший Медицинский колледж «Диана»»

Сапа менеджменті жүйесі

Ф ВМКД ПП/12-06

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқауы «Мейіргер ісінің негіздері»

















Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқауы


Пән: «Мейіргер ісінің негіздері»

Мамандығы:0301000 – « Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 – «Фельдшер»























Ж аркент 2020 ж.

Алғы сөз



Теориялық сабақтың әдістемелік жасалымы «Мейіргер ісінің негіздері» пәнінің оқытушысы Қасенова А.Қ. жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірледі, «_____» _____________ 2020 жылы бекітілді.


Теориялық сабақтың әдістемелік жасалымы «Арнайы пәндер» ЦИКЛ отырысында қарастырылды

Хаттама № _____ «___ » _____________2020ж


2 «Арнайы пәндер»

ЦӘК төрайымы ________ ________________ Нурбекова М.К.


































Тақырыбы № 3 Өзіне- өзі қызмет көрсету тапшылығы бар пациентті күту принциптері.

Сабақтың өтілу уақыты 90 мин.

Курс: 2

Семестр: ІV

Сабақ өткізілетін орын: «Клиникаға дейінгі мейіргер ісі негіздері орталығы,«Клиникаға дейінгі симуляциялық ішкі аурулар кабинеті»

Мақсаты (жалпы және кәсіби құзыреттерінің қалыптастыру элементтері):

- теориялық білімдерін меңгерту, Пациентке жеке бас гигиенасын жүзеге асыруда көмек көрсету бойынша білімдерін бекіту.

1.

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

2.

Тақырыптың өзектілігі

5 мин

3.

Мақсатты анықтау және сабақтың регламенті

2 мин

4.

Бастапқы білім деңгейін бақылау

27 мин

5.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

50 мин

6

Жаңа тақырыпты бекіту

10 мин

7.

Қорытындылау

2 мин

8.

Үй тапсырмасы

2 мин

Дәріс жоспары:

  1. Теріні күту. Ойылудың алдын-алу.

  2. Халі ауыр науқастарды күту.

  3. Науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

ОЙЫЛУ.

Науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.
Ойылулардың пайда болуының себептері:
1. Күтімнің нашарлығы.
2. Салдану.
3.Тері сезімталдығының бұзылуы.
4. Қан айналымының бұзылуы.
5. Дене қызуының көтерілуі.
6. Қоректенудің бұзылуы.
7. Зәр мен нәжістің ұсталмауы.
8. Анемия.
9. Наркоздың немесе наркотиктердің әсерінде болу.
10.Егде жас.
11.Жайылған ісінулер.
12.Ыңғайсыз төсек, онда тамақтың, дәрілердің ұнтақтарының, дөрекі тігістердің болуы.
13.Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпты болуы,
14.Төсек орын мен іш киімдердің таза болмауы.
15.Науқастың ессіз болуы.
16.Зат алмасу үрдістерінің айқын бұзылуы.
Ойылулардың алдын алу:
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.
4. Резеңке шеңберлер қолдану.
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.
Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісігу пайда болады, содан соң сүйек қабығының қамтылуымен жаралар және емдеу дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл іріңге және қанның кағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін.
Ойылулардың пайда болуы - науқас күтімінің жеткіліксіздігін керсетеді!
Ойылулардың емі алдын алу шараларынан күрделі. Алғашқы кезеңдерде зақымданған жерді 5 - 10% йод ерітіндісімен, 1% бриллиант жасылмен сүрту, физиотерапиялық ем жүргізіледі. Асептикалық тану жасалады. Егер ойылулар пайда болса, оны калий перманганатының 5 -10% ерітіндісімен сүртіп, Вишневский майымен, синтомицин және т.б. таңу қажет. Некрозда - маймен таңу. жалпы күшейту емі (қан құю, плазма), кейде операция - теріні ауыстыру қолданылады. Кейінгі кезде -ируксол деген препарат ұсынылады. Ол тәулігіне 2 рет 2 мм қалыңдыкта дымқыл таңу түрінде жасалады.
Науқастың денсаулығы бұзылмас үшін оны әртүрлі қосымша аурулардан алдын ала қорғау керек. Мысалы, ауруханада немесе үйде жатқан науқас адам жеке басының тазалығын үнемі сақтап отырса, онда бұл науқастың тезірек жазылатындығы сөзсіз. Науқас адамның жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оны күту де соғұрлым қиын болады. Науқастың күтімі нашар болып, ағза күрт әлсірегенде, дененің қысым түскен жерлері ойылады.
Ойылған жер дегеніміз - үстіңгі, ал кейде тереңдеп жайыла түсетін беткі тінннің (терінің, тері астындағы шел қабатының, кілегей қабағының) жансыздануы. Ойылуға осал келетін жерлер: сегізкөз, құйымшақ, шонданай, үлкен ұршық, өкше, жауырын, тобықтың сыртқы бөлігі, желке, тізе, шынтақ.
Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер. Ойықтар - ауыр халдегі науқастарды нашар күтуінен, дымқыл, ластанған іш киімдерден, төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан, кірлеген теріден пайда болады.
Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу
Адамның денесіне қысым түсу себебінен тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұштары қысылып қалады, төсек орын, онсыз да әлжуаз тіндерді одан сайын қысады. Адамдардың сыртқы киімдері, аяқ киімінің байланған жерлері де адам денесін қысады. Осы әсерлердің бірде-бірі күнделікті өмірде тіндердің ойылып қалуына апара қоймайды. Бірақ қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлердің тіндерді зақымдану қауіпі туады.
Үйкелу терінің ажырауына себепкер болады, бет жағының жолақтануына әкеледі. Үйкелу ылғалданғанда болатын нәрсе. Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, тер шыққанда, ылғалды және ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады.
Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет. Оның негізгі қағидалары:
Күнде науқастың ойылу мүмкін болған жерлерін қарау керек: сегізкөз, тобық, жауырын, шынтағын, самай аймағын. Бозарған және қызарған тері аймақтары анықталған жағдайда дәрігерді шақырту қажет және алдын алу және емдеу шараларын бастау қажет:

Егер пациенттің жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.

Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.

Тері тітіркендіргіштерін жою.

Тері тазалығын сақтау.

Тері ылғалдылығын төмендету.

Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.

Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек

Терісін жылы сумен жуу, зарарсыздандыру ерітіндісінің біреуімен сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.

Астына төселетін ақ жайманың тігісі болмауы керек.

Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау керек.

Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу керек.

ОЙЫЛУДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі
Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады.
ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі
Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.
ІІІ кезең: Жазылу кезеңі
Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.
Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі:
1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.
2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.
3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады.
4-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады..

Norton шкаласы бойынша ойылудың пайда болу қауіпін бағалау

Жалпы жағдайы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Ауыр

Өте ауыр

Психологиялық жағдайы

Сергек


Енжарлық

Өзін -өзі бақылай алмауы

Ессіз

Белсенділігі

Жаяу жүріс

Біреудің көмегімен

Кресло-каталкада отыру

Төсекте жату

Ептілігі

жалпы, жақсы

Бірнеше шектеулі

Тым шектеулі

Қозғалмау

Жамбас функциясын бақылау

Несебі жоқ

Несебі азын-аулақ


Тек зәр

Екі жақты зәрі тоқтамауы

Балдары

4

3

2

1

Шкала бойынша балдың жалпы санын шығарады, қорытынды бойынша қауіп дәрежесін анықтайды:

0 – 12 – жоғарғы қауіп;

12 – 14 – қауіпті;

14-тен жоғарғы қауіп жоқ.


ҚЫЗБАНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ СЫРҚАТТЫҢ КҮТІМІ


Қызбаның үш кезеңі бар. Оны мейрбике жақсы білуі тиіс. Себебі бұл кезде сырқаттың мінез құлқының өз ерекшіліктері болады.

Бірінші кезең - қатты толқумен, еріндерінің көгеруімен, аяқ- қолының жансызданып көгеруімен, бас ауруымен, денесі тітіркенуімен, тоңуымен, жалпы нашар көңіл күймен қатар біртіндеп қызудың көтерілуімен сипатталады. Бұл кезде мейірбике сырқат аяғына жылытқыш қойып оған қою ыстық шай беру, қымтап жылы жабу, желорай болдырмай және сырқаттың барлық физиологиялық қызмет атқаруын мұқият қадағалауы керек.




















Екінші кезең - қызудың ең жоғары көтерілуі: бас ауруымен, ыстықтауы және ауызы кебуімен, өте әлсізденіп, бар денесінің сырқырауымен сипатталады. Ұстамалы қызуы тым жоғарылағанда сандырақтау, көз алдына елес пайда болуы мүмкін. Бұл кезеңде сырқатты жалғыз қалдыру өте қауіпті. Ол төсегінен құлап түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы мейірбике болғаны дұрыс. Егер ол мүмкін болмаса, кезекте тұрған мейірбике оны үнемі бақылауға

алуға міндетті. Егер күйі нашарласа, ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлау керек. Бұл кезеңде сырқатқа тәулігіне 5-6 мәрте шағындап сұйық немесе қоймалжың түрде жоғары калориялы әрі тез сіңетін тамақтар, мол сусын (жеміс- жидек шырындары, морс, минералды су) берген жөн. Аурудың аузы кеуіп, еріндері жарылады, сондықтан кез-келген маймен ернін майлау қажет. Кенеттен басы қатты ауырғанда маңдайына мұзды мұйық (қою тәсілі бойынша ауыстырып отырады) немесе төртке бүктелген салфеткамен немесе (сүлгімен) суық компресс қою қажет. Мейірбике сырқаттың жамылғысын ысырып тастамауын, бөлменің іші жылы, әрі тыныш болуын қадағалауы, сондай-ақ сырқат тамырының соғуы мен қан қысымын бақылап отыруы тиіс.

Үшінші кезең - қызудың төмендеу кезеңі түрліше өтеді. Дене қызуы төмендеуі жоғарыдан төмен өте тез (40-тан -360С-қа дейін) түсуі мүмкін. Бұл қан тамыры тонусының кенет төмендеуінен, қан қысымының азаюынан, тамырдың нашар соғуы салдарынан болады. Қызудың кенеттен төмендеуі тердің шамадан тыс бөлініп, адам ағзасының әлсіреуіне соқтырады. Аяқ қолдары суып, еріндері көгереді-бұл күй кризис деп аталып және шұғыл шаралар жүргізуді талап етеді. Ең алдымен мейірбике дәрігерді шақырып оның белгілеулерін орындайды. Сырқатты айналдыра жылытқыш салып, жақсылап қыздырады. Ыстық шай немесе кофе береді. Көп терлеуіне байланысты сырқатты кептіре сүртеді, іш киімдерін ауыстырады, қажет болған жағдайда төсек жаймаларын да ауыстырады. Өкпенің ісініп қабынуы, сондай-ақ кейбір жұқпалы аурулар кезінде қызудың төмендеуі өте қауіпті.

Дене қызуының біртіндеп төмендеуі литикалық деп аталады. Тері шым-шым терлеп, адам ағзасы әлсірейді. Әдетте қызу төмендеген соң сырқат үйықтап кетеді. Оны оятуға болмайды, себебі қатты ұйқы - күшті қалпына келтірудің ең жақсы құралы.

Қызбаның кезеңдері


Белгі

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!