Материалдар / «Өзіне деген сенімділікті арттыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өзіне деген сенімділікті арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог- тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге, өзіне деген сенімдерінің артуына көмектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2022
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Өзіне деген сенімділікті арттыру»

Мақсаты: Педагог- тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге, өзіне деген сенімдерінің артуына көмектесу.

Тренингтің барысы:

1 Сәлемдесу.

2. Шаттық шеңбері

3. «Өзіңді тереңірек тани біл»

4. «Кел билейік» қозғалмалы ойын.

5. Топқа бөлу: «Интернет әдісі»

6. « Өмірдің белестері»

7. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.

Қажетті құралдар: ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер

бейнеленген парақ қағазы, ватман, түсті және ақ қағаз, қайшы, түрлі-түсті қаламдар т.б.

Ұйымдастыру.

Психолог: Құрметті педагогтар,тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

1. Сәлемдесу.

Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз. Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және неліктен?

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты балаларымыздың екінші үйінің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

«Өзіңді тереңірек тани біл»

Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы«Өзіңді білгің келсе» тақырыбында берілген сөздерді қатыстырып сурет салу ұсынылады: күн, тау, үй, ағаш, қапшық ,жол ,сақина ,гүл , жылан.

Егер күн дәл ортасында салынса –балалық шағы қызықты , батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты болады.

Тау дөңгелек салынса –мінезі жұмсақ,мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш ,тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй- суретте ағаш үй салынса , арманың орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса ,ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын ,өсек құмар адам.

Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды.Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа құштар.

Қапшық – қалта қаншалықты үйге жақын жатса , байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.

Жол- үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.

Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды ,қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды . Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

Гүл- үйге жақын болса, қуаныш , той болады, үйдің жиегінде болса- қызықты күндерін алыста.

Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс ,егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.

«Кел билейік» қозғалмалы ойын.

Мақсаты. Қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, байқағыштығын, жылдамдығын дамыту.

Көңілді әуендер кезекпен қойылады. Жүргізуші қатысушыларға айналып билеп жүру керектігін және де әуен тоқтап қандай сан аталса сонша адам бірігіп қалу керектігін айтады
Топқа бөлу: «Интернет әдісі»

«Тик - ток», «Инстаграм», «Телеграмм» әлеуметтік желілерге бөлу.

« Өмірдің белестері»

Банканың ішін алдымен тастармен толтыру. Одан кейін ас бұршағын салып араластыру, бұршақтар тас арасындағы бос жерлерге орналасады.Оның үстіне құмды, одан кейін суды құю. Су банкадағы құмды ерітіп жібереді.
Мағынасын түсіндіру: «Біздің өміріміз мына банка секілді. Тастар өміріміздегі ең маңызды нәрселер. Жанұямыз, балаларымыз, денсаулығымыз, яғни бізді бақытты ететін нәрселер. Ас бұршақтары жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер: қызмет,мансап, көлік т.б. Ал құм қалған ұсақ түйектер. Егер банкаға алдымен құмды толтырсақ, онда тасқа да, ас бұршаққа да орын болмас еді. Өмірде дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш жігеріңізді ұсақ түйекке кетірсеңіз, маңызды нәрселер үшін орын қалмайды. Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз.Ең басты сізге не қажет, соған уақыт бөліп сол мақсат мүддеңізді орындауға асығыңыз. Ал қалғандары жәй құм ғана. Өмірімізді құм секілді ұсақ түйекке кетіріп алмай, ең маңызды нәрселердің бірі бала тәрбиесі
өз өзімізге көңіл бөлейік.

6. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.

Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі жаттығуымыз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе жаттығудан алған әсерлерімізді осы «Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз. Қатысушыларға күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Жаттығудан алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау.

Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.

Гүл - көңілді, жақсы әсер алғаны.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!