«Өзің таңдаған өмір»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзің таңдаған өмір»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзің таңдаған өмір»

 

Сабақтың негізгі тапсырмалары:

  • қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау;

  • оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;

  • өзін-өзі іштей бақылауға  және тежеуге үйрету;

  • негативті импульсті шығару, жою.

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.

Керекті заттар: түрлі-түсті қарындаш, гауш, әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейдж таратылады.

Сабақ барысы:

Жүргізуші: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін  «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлар-дың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш – бұл...

Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

Мен ренжимін, егер...

Мен ұмытпаймын, егер...

Маған көңілсіз, егер...

Егер маған дауыс көтерсе, мен...

Мен қарсыласқанда...

Егер мен сенімсіз болсам, онда...

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.

ІІІ. Коллаж «Менің таңбам»

Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде - өзің туралы естігің келетін үш сөз. 15 минут уақыт беріледі.

Қатысушылар қалаулары бойын-ша өз жұмыстарын көрсетеді.

Жүргізуші: Біз дайындаған жұ-мыс өзімізге көмектеседі. Осыны әр-қайсысымыз есімізде сақтауымыз керек:

- ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;

жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;

- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;

- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;

- Өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзі туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

IV. Жаттығу: «Әрі қарай не?»

Жүргізуші: Қазір сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді айтуды ұсынамын. Ал, басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?

Бұл сөздерді әрбіреуің айтуларың керек. Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады. Бұл сөзді әрқайсыларың естулерің керек. Рахмет.

Қатысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.

-          бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?

-          Бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды?

-          осы айтылған сөздерге лайық болу үшін не істеу керек?

Жүргізуші: Шынымен, бұл сөзді өзің туралы естігің келсе, өзіңді түсініп, жұмыс істеуің қажет. Мысалы, денсаулық туралы ойлауға болады. Тағы бір ұсыныс, массаж. Бір-біріңнің артыңнан шеңберге тұрыңдар. Алдында тұрған адамның басына қолыңды жайлап қойып, массаж жаса, иығын уқала. Енді арқаны шымшып, алақанмен сыйпа.

Мен сендердің жақсы көңіл-күйде екендеріңді көріп тұрмын. Өз ойыңмен бөлісу өзіңді жақсы түсінуге көмектеседі. Қолдарыңнан ұстап, ақырын сөйлесіп көріңдер, көздеріңді жұмыңдар, қол ұстасыңдар. Енді естіген дауыстарды тануға тырысыңдар. Көздеріңді ашпай, оң және сол жақтағы алақанға көңіл бөліңдер. Ал, енді денелеріңде бір кішкентай өте мейірімді бөлік бар деп елестетіңдер. Ол бөлік өте бақытты. Бұл бөлікті өздерің деп елестетіңдер. Тағы да қол ұстасыңдар. Бір-бірлеріңнің сезімдеріңді түсінуге тырысыңдар. Көздеріңді ашпаңдар. Рахмет.

 

VІ. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»

Жүргізуші: Сендердің таңбаларыңның екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді. Оны таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін, бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады. Ұран түрлі-түсті кішкентай таңбалар сыртында орналасқан. Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа жақсылық тілеймін.

 

 

           



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі