жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Өзің таңдаған өмір"
ӨЗІҢ ТАҢДАҒАН ӨМІР
З. Раимбекова
Жуалы ауданы, Ақбастау ауылы, №14 Бейімбет Майлин орта мектебінің педагог-психологі
Сабақтың мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру, қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге, өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Сабақтың типі: Білімін пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, синтездеу, баяндау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті қарындаш, гуаш, әр қатысушыға А4 қағазы.
Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейджик таратылады.
Сабақтың болжамданған нәтижесі: Ұсынылып отырған сабақ 7-9 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналады. Бұл жұмыстың бағыты осы жас аралығындағы балалардың тұлғалық өсіп жетілуі мен денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс балаларды түзету мақсатында ғана қолданылмайды, сондай-ақ барлық балалармен жұмыс істеуге тиімді.
Сабақта қолданылған диагностикалық жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді.
Сыныбы: 7
Сабақтың жоспары: 1. Сергіту-жаттығуы «Мейірімді жануар»
2. Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»
3. Коллаж «Менің таңбам»
4. Жаттығу: «Әрі қарай не?»
5. Рефлекция.
6. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»
Сабақтың барысы:
Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.
І. Сергіту-жаттығуы «Мейірімді жануар»
Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.
ІІ. Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш – бұл...
Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер...
Мен ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам, онда...
Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.
ІІІ. Коллаж «Менің таңбам»
15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде - өзің туралы естігің келетін үш сөз.
1
5
минут уақыт беріледі.
Қ
Мен жақсы істей
аламын
Өзімді жақсы
сезінетін орта
Біз
дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі.
Осыны әрқайсысымыз есімізде сақтауымыз
керек:
-
Ең үлкен жетістігім
Мен сенетін үш
адам
ішің пысқан кезде өзің істей алатын
жұмысты еске түсіру;
жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді
түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
- Өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.
IV. Жаттығу: «Әрі қарай не?»
Қазір сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді айтуды ұсынамын. Ал, басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?
Бұл сөздерді әрбіреуің айтуларың керек. Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады. Бұл сөзді әрқайсыларың естулерің керек. Рахмет.
Шынымен, бұл сөзді өзің туралы естігің келсе, өзіңді түсініп, жұмыс істеуің қажет. Мысалы, денсаулық туралы ойлауға болады. Тағы бір ұсыныс, массаж. Бір-біріңнің артыңнан шеңберге тұрыңдар. Алдында тұрған адамның басына қолыңды жайлап қойып, массаж жаса, иығын уқала. Енді арқаны шымшып, алақанмен сыйпа.
Қатысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.
Бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?
Бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды?
Осы айтылған сөздерге лайық болу үшін не істеу керек?
Мен сендердің жақсы көңіл-күйде екендеріңді көріп тұрмын. Өз ойыңмен бөлісу өзіңді жақсы түсінуге көмектеседі. Қолдарыңнан ұстап, ақырын сөйлесіп көріңдер, көздеріңді жұмыңдар, қол ұстасыңдар. Енді естіген дауыстарды тануға тырысыңдар. Көздеріңді ашпай, оң және сол жақтағы алақанға көңіл бөліңдер. Ал, енді денелеріңде бір кішкентай өте мейірімді бөлік бар деп елестетіңдер. Ол бөлік өте бақытты. Бұл бөлікті өздерің деп елестетіңдер. Тағы да қол ұстасыңдар. Бір-бірлеріңнің сезімдеріңді түсінуге тырысыңдар. Көздеріңді ашпаңдар. Рахмет.
V. Рефлекция.
1. Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3. Қалай ойлайсыңдар, таңба нашар көңіл-күйді жеңе білуге, өз күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?
VІ. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»
Сендердің таңбаларыңның екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді. Оны таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін, бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады. Ұран түрлі-түсті кішкентай таңбалар сыртында орналасқан. Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа жақсылық тілеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген