Материалдар / "Өзің таңдаған өмір"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өзің таңдаған өмір"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 7-1 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2021
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Өзің таңдаған өмір»

Ұсынылып отырған сабақ 7-11 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналады. Бұл жұмыстың бағыты осы жас аралығындағы балалардың тұлғалықөсіп жетілуі мен денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс балаларды түзету мақсатында ғана қолданылмайды, сондай-ақ, барлық балалармен жұмыс істеуге тиімді. Жұмыс барысында алғашқы күннен бастап, қатысушылардың қызығушы-лығын қанағаттандыратын топ ережелері қабылданады.

Сабақта қолданылған диагностикалық жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді:

Сабақтың негізгі тапсырмалары:

  • қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау;

  • оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;

  • өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету;

  • негативті импульсті шығару, жою.

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.

Керекті заттар: түрлі-түсті қарындаш, гауш, әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейдж таратылады.

Сабақ барысы:

Жүргізуші: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

1. Сергіту-жаттығуы «Мейірімді жануар»

Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлар-дың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.

2. Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»

Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды»,себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш – бұл...

Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

Мен ренжимін, егер...

Мен ұмытпаймын, егер...

Маған көңілсіз, егер...

Егер маған дауыс көтерсе, мен...

Мен қарсыласқанда...

Егер мен сенімсіз болсам, онда...

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.


ІІІ. Коллаж «Менің таңбам»

Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген.Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде - өзің туралы естігің келетін үш сөз.

1DrawObject2 DrawObject1 5 минут уақыт беріледі.

Қ

Мен жақсы істей аламын


Өзімді жақсы сезінетін орта


атысушылар қалаулары бойын-ша өз жұмыстарын көрсетеді.

ЖDrawObject3 үргізуші: Біз дайындаған жұ-мыс өзімізге көмектеседі. Осыны әр-қайсысымыз есімізде сақтауымыз керек:

-

Ең үлкен жетістігім


Мен сенетінүш адам


DrawObject4 ішің пысқан кезде өзің істей алатын

жұмысты еске түсіру;

Жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;

- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді

түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;

- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;

- Өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзі туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

IV. Жаттығу: «Әрі қарай не?»

Жүргізуші: Қазір сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді айтуды ұсынамын. Ал, басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?

Бұл сөздерді әрбіреуің айтуларың керек. Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады. Бұл сөзді әрқайсыларың естулерің керек. Рахмет.

Қатысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.

  • бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?

  • Бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды?

  • осы айтылған сөздерге лайық болу үшін не істеу керек?

Жүргізуші: Шынымен, бұл сөзді өзің туралы естігің келсе, өзіңді түсініп, жұмыс істеуің қажет. Мысалы, денсаулық туралы ойлауға болады. Тағы бір ұсыныс, массаж. Бір-біріңнің артыңнан шеңберге тұрыңдар. Алдында тұрған адамның басына қолыңды жайлап қойып, массаж жаса, иығын уқала. Енді арқаны шымшып, алақанмен сыйпа.

Мен сендердің жақсы көңіл-күйде екендеріңді көріп тұрмын. Өз ойыңмен бөлісу өзіңді жақсы түсінуге көмектеседі. Қолдарыңнан ұстап, ақырын сөйлесіп көріңдер, көздеріңді жұмыңдар, қол ұстасыңдар. Енді естіген дауыстарды тануға тырысыңдар. Көздеріңді ашпай, оң және сол жақтағы алақанға көңіл бөліңдер. Ал, енді денелеріңде бір кішкентай өте мейірімді бөлік бар деп елестетіңдер. Ол бөлік өте бақытты. Бұл бөлікті өздерің деп елестетіңдер. Тағы да қол ұстасыңдар. Бір-бірлеріңнің сезімдеріңді түсінуге тырысыңдар. Көздеріңді ашпаңдар. Рахмет.

V. Рефлекция.

1. Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?

2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?

3. Қалай ойлайсыңдар, таңба нашар көңіл-күйді жеңе білуге, өз күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?


DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5




VІ. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»

Жүргізуші: Сендердің таңбаларыңның екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді. Оны таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін, бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады. Ұран түрлі-түсті кішкентай таңбалар сыртында орналасқан. Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа жақсылық тілеймін.



Павлодар қаласы, Май ауданы

«Ақжар ЖОББМ» КММ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!