400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
құрмет көрсету және сыйластық тың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану ашық сабағының жоспары.

Мектеп №10 жалпы орта мектебі Мерзiм 09.01.2019 ж. № 17

Тақырыбы: Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз.

Құндылық Дұрыс әрекет

Қасиеттері: сыйластық, ақылдылық, құрметтеу, адамгершілік.

Мұғалім: Маханова А Сынып 2 «Ә» Оқушылар саны 20

Сабақ мақсаты: құрмет көрсету және сыйластық тың адам өміріндегі

маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. Өзіңді және достарыңды құрметтеудің жолдарын ұғындыру;

2. Отбасындағы сыйластық туралы ой қалыптастыру;

3. Мейірімділік, ақылдылық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге,

жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Аудио-әуен арқылы ойларын сергіту.

Нұрға бөлену

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай

бойлап барады. Жүрегіңізде гүл орналасқан. Гүл өте нәзік, айналасына

шуақ, өз нұрын шашады. Осы нұр барлық жандүниеңізге тарап жылуын

таратады. Қолымызға тарады, қолымыз тек жақсылық жасағанды ұнатады.

Осы нұр ақырындап аяғымызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау

үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге

тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды

құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді

ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен

жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға

тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды туыстарыңызға, достарыңызға

бағыттаңыз..

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,

өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-

түпкіріне нұды бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің

ішімде... Мен Нұрмын».

2. Үй тапсырмасын тексеру

Салауатты отбасы эссе жазып келу тапсырылған.

- Салауатты отбасы туралы кім айтып береді? /оқушылардың ойын

тыңдау.

Салауатты отбасы туралы оқушыларға сұрақ арқылы толықтырып

және пысықтап өтемін.

Сұрақтар:

Салауатты отбасында қандай спорт түрлері орын алады?

Күн тәртібі болған дұрыс па?

Салауатты отбасы дегенді қалай түсінеміз?

Отбасыңда кім салауатты өмір салтын ұстанады?

Сабақ барысын талдау: Оқушылар тыныштықта отырып, өз

Ойларын елестете отыра сергітіп алады.

Сұраққа жауап береді.

Мұғалімнің сыйы: (мұғалім мазмұнын айтып береді) «Аян мен Арман» әңгімесі

Аян мен Арман автобус ішінде отырады. Автобусқа сөмкесі ауыр әжесі кіреді. Аян әжені көрмеген сыңай танытып, терезенің қырауына сурет салып отырады. Арман болса орнынан тұрып, әжеге орын береді. Біраз жол өткен соң аялдамаға автобус тоқтайды. Әже түсуге дайындалып сөмкесінен екі

қызыл алма алып Арманға береді.

- Бұл алма саған орын бергенің үшін емес, үлкен адамды құрмет тұтқаның үшін – дейді әже.

Автобустан түскен соң, алманың біреуін Аянға береді. Арман алманы бар ықыласымен жеп келеді. Ал Аян болса екі беті қызарып, бір ойға түсіп кеткендей көрінді.

- Бұл әңгімеден не түйдіңдер?

- Қай баланың іс-әркеті мақтан етуге тұрарлық?

- Өмірде осындай балалар бар деп ойлайсыңдар ма?

- Қазақ халқында қандай салт-дәстүр бар?

- Алыстан алты жасар бала келсе де, алпыс жастағы ата барып

амандасады деген ұлы сөз бар.

- Өз отбастарында қандай салт-дәстүрді және әдепті ұстанасыңдар?

- Мен әжемнің жолын кесіп өтпеймін – деді Әсия.

- Өте дұрыс. Қарты бар үй, қазынасы бар үй деп аталады.

Дәйексөз.

«Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтей біл».

Лұқман Хакімнің сөзі

Дәйексөздің мағынасын түсініп оқып, жаттап алыңдар.

Бірнеше салт- дәстүрдің суретін мультимедиялық экраннан көрсету.

«Ерулік бер» салтымен таныстыру.

3. Сюжетті сурет.

Кішкентай қыз жолдан өте алмай тұр. Машиналар көп жүріп жатыр. Көмек бергілерің келе ме? Ендеше тапсырманың кілтін пайдаланып, дұрыс қойсаңдар, Мұхтар Әуезовтың нақыл сөзін оқуға болады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

к ү ш і ң е с е н а д л

1 2 3 4 5 6 7 6 8 9 6

,

10 11 12 4 7 4 5 6 7 6 8

.

4. Оқулықпен жұмыс Қайырымдылық Леонардо да Винчи

Мәтінді оқып сұрақтың жауабы болатын сөйлемнің астын сызып көрсет.

1. Оқулықтағы әңгімені оқып шығады.

2. Жұптасып бір-біріне сұрақ қойып жауап алады.

3. Жеке тапсырма: жауабы болатын сөйлемді дәптерге жазып шығады.

- Қыранның бойынан қандай қасиетті байқадың?

- Неліктен қыран ана «Құрмет пен сыйластықты ешкім күшпен алмайды» деді?

- Қыран құсты қандай адамға теңеуге болады?

- Адамға қайырымдылық жасау не үшін керек деп ойлайсың?

Ойын: «Кім жылдам». Нақыл сөздітабады.

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырмадағы орындап, жұптасып бір- бірінің жауабын тексереді.

- Рухани жаңғыру: Біздің Туымыздағы бүркіттің бейнеленуі не себепті

деп ойлайсыңдар?

«Қазақстанның киелі құстары» бейнеролик көрсетемін.

Бейнеролик көрсету.

5. Шығармашылық жұмыс: Сүйікті мамандық иелері

тақырыбында:

1 топ Өлең құрастырады.

........... ............. жүреді,

............... .................... береді.

.................. .............. көреді,

.................. ................. тұрады.

2 топ: 3 жұмбақ ойластырады.

3 топ: мақал-мәтел айтады.

4 топ: мамандық бойынша 3 суретке байланысты өз ойларын айтады.

Сурет арқылы сипаттай отырып болжау стратегиясын қолданады.

Жауапқа байланысты смайликтер беремін.

Шығармашылы қ тапсырманы орындайды.

6. Топпен ән айту. ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ.

Сөзі Х.Талғаровтікі Әні И.Нүсіпбаевтікі

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер.

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққын жарыста.

Батыл бас, жас ұлан,

Самға биік алысқа.

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы.

Отан – біздің панамыз,

Аман жүрсін анамыз.

Нұрлы күн сөнбесін,

Бақыт болып жанамыз.

Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.

Мұғалім

домбырамен

сүйемелдейді,

оқушылар

қосылып ән

орындайды.

Қайырмасы

7. Үй тапсырмасы.

58 бет оқып, мазмұны бойынша сурет салып келу.

Күнделікке тапсырма жазады

8. Соңғы тыныштық сәтi. Соңғы тыныш тық сәті.wma Баяу музыка қосылады.

- Тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан

алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтап жүрейік. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүріңдер.

Баяу музыка тыңдайды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
3084
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі