400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзіңді және басқаларды түсіне білу

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 49 ЖОББМ Мерзімі: 11 .12. 2018 жыл. №14 сабақ

Сабақ тақырыбы: Өзіңді және басқаларды түсіне білу

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Уәде орындау, ұрыспау, үлкендерді сыйлау.

Мұғалім: Раимбекова Г.Н Сынып: 3 «ә»

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты:Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу,

Міндеттері:

Білімділік: - Оқушының бойында уәде орындау қасиетін қалыптастыру.

Дамытушылық: - Ұрыспау қасиеттерінің мәнін түсіндіру.

Тәрбиелік: - Үлкендерді сыйлау қасиеттеріне тәрбиелеу.

Оқулық, дәптерстикер, видеопроектр

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:Су асты патшалығына ойша саяхат.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Әрқашан дайынбыз» Серікбай Оспанұлының

Сенеміз еңбектің күшіне Гүл егіп, дән сеуіп қойнауға,

Қайда да алда боп дәйім біз. Тек жақсы оқимыз дәйім біз.

Үлкенге, құрбыға, кішіге, Туған жер өзіңді қолдауға,

Көмекке әрқашан дайынбыз! Қорғауға әрқашан дайынбыз!

Құрыштай ініміз, ағамыз,

Нұрлы Отан, күніңбіз, айыңбыз,

Аяулы, ардақты анамыз,

Ісіңе әрқашан дайынбыз!


3. Дәйексөз.

«Алыстағы дұшпаннан,

Аңдып жүрген дос жаман»

  • Дұшпан деген кім?

  • «Аңдып жүрген дос» қандай мағыысықты ұстап алды. Екіншісі оның мнада? (күндес, қызғану)


4. Әңгімелесу

Адамдармен өзара қарым-қатынаста түсіністік болуы үшін сөзді ұға білу қажет. Мәтіндерді оқып сөз сырын ұғып алайық.

Жібі түзу

Балалар мысықты таспен ұрып қуалап жүрді. Біреуі мойнына жіп байлап, сүйремекші болады. Бәрін көріп тұрған Әлима әже балаларға ұрсып, мысықты босаттырды. Сосын бәріне:

  • Ітеріңде жібі түзу бала болсайшы, - деп кейіді.

«Жібі түзу» деп, дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгершілігі бар адамды айтады


«Бас десе, құлақ дейді»

Марат сабақтан келсе, анасы үстелдің тартпасын ақтарып жатыр екен. Мұны көріп:

  • Ә, келдің бе? Анальгинді көрдің бе – деп сұрады.

  • Анальгин деген кім? Ондай адамды танымаймын, -деді.

Анасы: Балам-ау , бас десе құлақ дейтінің не. Анальгин адамның аты емес, ол – дәрі, - деп күліп жіберді.

... Жөнді сөзді ұқпайтын, түкке түсінбейтін, басқа жаққа лағып отыратын адамға айтылатын сөз.


Жүрек жұтқан

Бір топ бала мектептен қайтып келе жатқан, кенет биік үйдің артынан бір дәу ит арсылдап шыға келді. Балалар қаша жөнелді. Асан қалып қойды. Себебі, үйдің алдында тұрған кішкентай қыз иттен қорқып, шырылдап жылап қоя берген еді. Асан қабағын түйіп итке қарсы жүрді. «Кет!» - деп айқайлады. Гүр-гүр еткен ит кенет кілт тоқтады. Сосын бір-екі рет үрді де, бұрылып кетті.

Қызының даусын естіп далаға жүгіріп шыққан анасы мән-жайды бірден түсініп. Асанның басынан сипап:

  • Өзің жүрек жұтқан бала екенсің! – деп алғыс айтты.

.... Еш нәрседен қорқпайтын, батыл, ержүрек адамдарды «жүрек жұтқан» деп айтады.



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: « Түсінісу» мәтінін оқып, әпкесі мен інісі қалай түсінісу керек екенін айтып беріңдер.


2-тапсырма: «Жас шыбық» мәтініндегі кейіпкерлер ісіне баға беріп, олардың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?



6. Топпен өлең

«Әрқашан дайынбыз» Серікбай Оспанұлының

Сенеміз еңбектің күшіне Гүл егіп, дән сеуіп қойнауға,

Қайда да алда боп дәйім біз. Тек жақсы оқимыз дәйім біз.

Үлкенге, құрбыға, кішіге, Туған жер өзіңді қолдауға,

Көмекке әрқашан дайынбыз! Қорғауға әрқашан дайынбыз!

Құрыштай ініміз, ағамыз,

Нұрлы Отан, күніңбіз, айыңбыз,

Аяулы, ардақты анамыз,

Ісіңе әрқашан дайынбыз!


7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Анашым» Әбдірахман Асылбектің сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.


8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

  • Сау болыңыздар!!!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
1653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі