жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзіңді жақсылықпен таразыла
“Тексерілді” директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары : ДОІЖО
Мектеп: №74 Ж.Баласағұн ж.о.м. Мерзiмі: 16.11.2017 ж №10
Тақырып: Өзіңді жақсылықпен таразыла
Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттер:қайырымдылық,қамқорлық,жауапкершілік
Мұғалiм: Сынып:2а,ә,б Оқушылар саны:___
|
Сабақтың мақсаты:оқушыларғажақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері: ̶ оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып,қайырымдылық,қамқорлық,жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру; ̶ оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып,жауапкершілікке үйрету ; ̶ оқушыларды қайырымды,қамқор болуға тәрбиелеу. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті «Теңіз түбіне саяхат» Ырғақты баяу музыка қосылып тұрады. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінемін. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймын. Жайлы, баяу музыка қойылады).. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) 1.https://massaget.kz/ 2. uzdikter.biz |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жақсылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2.Ыбырай Алтынсариннің «Сәтемір хан» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1. Сәтемірге құмырсқа қандай
сабақ берді? |
Сабақ барысын талқылау: |
|
3.Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Жақсының жақсылығын айт, нұры
тасысын» Сұрақтар: 1. Риясыз жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Өздерің қандай риясыз жақсылық жасап жүрсіңдер? 3. Дәйексөзден не ұқтық? |
|
|
4. Оқиға айту (Мұғалімнің сыйы). Жақсылық пен Жамандық Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: – Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, – десе, Жамандық: – Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, – дейді. Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: – Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, – дейді. Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: – Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, – дейді.Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол: – Әй, адам - ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан ата ұрпағын алдына шақырып алып: –Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,–деп батасын береді.Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.
|
«Мөлдір бұлақтан» хрестоматиясы |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Тапсырма: 37 – 38 беттердегі суреттерге қарап,ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? Айтып беріңдер. |
|
|
6. Топпен ән айту. Болайықшы
осындай |
|
|
7.Үй тапсырмасы 1.Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме жазып келіңдер. 2. «Ананың сүйіспеншілігі» өсиет әңгімені оқып келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. (Баяу әуен қойылады.)Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,жүрегімізге сақтайық. (Дұрыс әрекет...бар жерде,дұрыс әрекет...бүкіл әлемде) |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген