Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Өзіңді жақсылықпен таразыла

Материал туралы қысқаша түсінік
бАСТАУЫШ СЫНЫП
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп_______________Мерзiм____________№9-10

Тақырып: Өзіңді жақсылықпен таразыла

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:сыйластық,ізеттілік

Мұғалiм: Сынып:2_______ Оқушылар саны:_________


Сабақтың мақсаты:жақсылық жасау,құрмет,адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

̶ Адамдар арасындағы жақсылықты түсіндіру;

̶ Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

̶ Үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Сыныптың жалпы сабаққа дайындығын тексеру.

- Тыныштық сәті «Теңіз түбіне саяхат»

Ырғақты баяу музыка қосылып тұрады.


(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Дәптерде орындауға берілген тапсырманы тексеріп шығамын.


Сабақ барысын талқылау:

Әңгiмелеу (сұхбат).

Жүре алмайтын бала

1. Павлик Василекті қалай қуантты?

2. Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық жасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?

3. Жақсылық жасау арқылы адам нені үйренеді?



Дәйек сөз.

Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды.

Нақыл сөз

Бұл сөзден қандай ой түюге болады?

Жақсылық жасау оңай ма?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-тапсырма

Кестені толтырыңдар.Оларға қандай жақсылық жасар едіңдер?

2- тапсырма

Жағдаятты шешіңдер.



Топпен ән айту.

«Бақытты балалар» әні топпен орындайды.

Сөзін жазған Қ.Мүсірепов

Әнін жазған И.Нүсіпбаев


Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз,сайрандап.

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайрандап.

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды.

Өнерге біз құмартып ,

Өсіреміз бақтарды.

Шынығамыз,ойнаймыз,

Жас ұрпақпыз талапты.

Жаз қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты.



Үйге тапсырма.

Келесі сабақта өтілетін «Ананың сүйіспеншілігі» мәтінін оқып келу



Қорытынды





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
519
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12