400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

«Өзіңді жақсылықпен таразыла »

Материал туралы қысқаша түсінік
- Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын әңгімелеу арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: № 1ОЖББМ Күні: № 9 сабақ

Тақырып: «Өзіңді жақсылықпен таразыла »

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:үлкендерді құрметтеу, жауапкершілік, шындықты айту.

Мұғалiм: Уразова Ж.У

Сынып: 2


Сабақ мақсаты:

- Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын әңгімелеу арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларды жақсылық жасауға, үлкендерге құрмет көрсетуге үйрету.

- қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

- шындықты айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т.

2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

3. Үй тапсырмасын тексеру. «Жүре алмайтын бала» В.Сухомлинский

Талдау сұрақтары:

-Павлик Васелекті қалай қуантты?

-Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылықжасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?

- Жақсылық жасау арқылы адам нені үйренеді?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөзбен жұмыс.


Жақсылықтың үлкен кішісі болмайды.

Нақыл сөз


  • Жақсылық жасау дұрыс әрекет деп ойлайсыңдар ма?


5. Әңгiмелеу

Жай бір адам

Көшеде бір ер бала мен қыз бала келе жатты. Олардың алдында бір әжей кетіп бара жатты. Көше сондай тайғанақ екен. Әже тайып жығылып қалды, бала қасындағы қызға сөмкесін бере салып, өзі әжейді сүйемелдеуге жүгірді.

Ол қайтып келгенде қыз:

-Бұл сенің әжең бе? -деді

-Әжем емес, -деп жауап берді ұл бала.

-Шешең бе? -деп таңданды қыз.

-Шешем де емес, -деді.

-Ешкім де емес,- деді бала күлімсіреп , көшеде кездескен жай бір адам деді.

Талдау сұрақтары:

-Басқаларға көмегің тигенде қандай сезімге бөленесің?

-Ұл баланың орнында болсаң не істер едің?

-Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсың?

-Жақсылық жасаудың қандай маңызы бар?

Интернет желісінен

6. Шығармашылық іс - әрекет.

1 тапсырма. Кестені толтырыңдар. Оларға қандай жақсылық жасар едіңдер?

Әкеме


Анама


Ініме


Сіңліме


Мысыққа


Балыққа


Күшікке


Торғайға


2 тапсырма. Жағдаятты шешіп, сахналау.

Теледидардан сүйікті мультфильмді көріп отыр едің, досың телефон шалып, үй тапсырмасын орындауға көмектесуің сұрады.

Сенің әрекетің?


7.Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай»

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:


Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым ай.


Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы сол.

Өлеңі мен әні:

Айгүл Меңжанова

8.Үй тапсырмасы.

34 беттегі № 10 сабақ Ы.Алтынсариннің «Сәтемір хан» атты мәтінін оқып келу.

Оқулық

9.Тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі