|
Басталуы 3минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
1)Оқушылармен
сәлемдесу.
2)Оқушыларды
түгелдеу.
3)Оқушылардың
сабаққа дайындығын тексеру.
4) Сабақтың тақырыбы, оқу
мақсаты және бағалау критерийлерімен
таныстыру.
«Комплимент» әдісі арқылы
жағымды ахуал туғызу
Бір-біріне
есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер
айтады.
Топқа
парта бойынша бөлу:
І
топ
ІІ
топ
ІІІ
топ
І- тапсырма: Топтық
жұмысы.
Оқушылар мамандықтар әлемі туралы түсінік беріп, мамандық
типтері бойынша түсінік
береді
|
Суреттер,
слайд
Бағалау

|
|
Ортасы 20
минут
|
ІІ – тапсырма: « Келісемін,
келіспеймін, дәлелде»
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өзі келісетін, келіспейтін
тұжырымдарды таңдап алып, пікірлерін ортаға
салады.
1. Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.
2. Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты.
3. Мамандық таңдау адамның қабілетіне, бейімділігіне тікелей
байланысты.
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға
болады.
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
7. Ақша болса, мамандық қажет емес.
8. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
9. Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың
сәйкестігі.
10. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.
11. Мамандық таңдау – күнкөріс
қамы
ІІІ тапсырма. «Не істер
едім» (миға шабулы. Сұрақ
-жауап)
Бір оқушы ортаға шығып, қатысушының кез-келгеніне таңдаған
мамандығына байланысты, кедергілер мен қиындық келтіретін
сұрақтар қояды. Қатысушы ойланбастан жауап берулері
керек. ІV. Бұл қандай мамандық.
(ойын).
Бұл ойында оқушылар төмендегі берілген сипаттамаға сәйкес белгілі
бір мамандық иесін анықтауы тиіс.
1. Жұмыс құралы: техника, транспорт;
2. Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету;
3. Еңбектің орындалуы: отырып:
4. Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен;
5. Еңбектегі жауапкершілік; өмір және денсаулық;
6. Жұмыстың ерекшелігі: күнделікті табыс;
7. Жұмыстың ауыртпалығы: жүйке қызметінің бұзылуы, әр түрлі
аурулардың жұғуы, заң бұзушылық, төменгі сатыдағы мамандық.
8. Жұмыс уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген, ешкімге тәуелді
емес;
9. Сол жұмысқа қажетті білімнің деңгейі: орта білім, арнаулы орта
білім, жоғары білім.
|
Қалыптастырушы
бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан
оқушыға «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
|
Аяқталуы 10
минут
|
V- тапсырма. Таңдаған
мамандығың туралы білесің
бе?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға “иә”немесе “жоқ” деп жауап беру
қажет.
1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?
2. Болашақ мамандығыңа қоятын талаптарды, еңбек ақысы туралы
білесің бе?
3. Таңдаған мамандығыңды қай оқу орны дайындайды?
4. Таңдаған мамандығыңа жеке қасиеттерің, қабілетің сай келе
ме?
5. Таңдап отырған мамандығыңа білімің сай келе ме?
6. Таңдаған мамандығыңды игеруге мектептегі пәндердің қайсысы қажет
екендігін білесің бе? VІ- тапсырма.
Мамандықты тап.
(ойын).
Нұсқау: Сабаққа қатысушыларға үлестірмелі кеспелерге жазылған
мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандық иелерінің
кескін-келбетін ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрсетуі
керек.
Бүгінгі сынып
сағатынан не алдым... Сабақтан алған әсерің.
Қатысушылаға ақ параққа күннің, бұлттың,
жаңбырдың , жасыл шөптер бейнеленген парақ
таратылады. Сабақтан алған әсерлерін сол берілген суреттердің біреуіне
жазады.
Сабақтағы белсенділіктеріңізге
рахмет!
|
Қалыптастырушы
бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға
белсенділік
пен қатысқан топты
басқа топ оқушылары
бағалайды.

|
|
Сабақтың
соңы
2 мин
|
Рефлекция «
Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Сабақ соңында
оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:
- Мен бүгін
........білдім
- Маған .... қызықты
болды
- Маған....қиын
болды

|
«Аяқталмаған сөйлем»
әдісі.
Мұғалім сабақты
қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын,
рефлексиясын тыңдайды.
|