Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзіңді мамaндықтар әлемінде тап" тәрбие сағатының қмж-сы

Материал туралы қысқаша түсінік
әртүрлі әдіс*тәсілдер негізінде жазылған.Оқушылардың мамандық таңдау бағыты бойынша мол мағлұмат берілген. Оқушылардың қызығушылығын тудыратын тапсырмалары бар.Соңынан анықтамасы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітілді:

Тәрбие сағаты бойынша қысқы мерзімді жоспар



Тәрбие сағатының тақырыбы

«Өзіңді мамандықтар әлемінде тап»

Күні


Сынып жетекшісі


Сынып


Оқу мақсаты

Оқушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Құндылықтарды дарыту

Талап , ұлттық мүдде

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті , психология

Өткізілу формасы

Топтық жұмыс , постер қорғау

Күтілетін нәтиже

Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымы кеңиді.Мамандықтар туралы көзқарасы дамиды.МАмандық таңдау бойынша бағыт-бағдар алады.Өз пікірлерін ашық айтуға дағдыланады.

Көрнекілігі

Нақыл сөздер

Тәрбие сағатының өту барысы

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Тәрбие сағатының тақырыбымен , оқу мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.


«Қызығушылықты ояту»: "Әріпті мамандық"


Оқушылар шеңбер құрып тұрамыз. Бір- біріңе доп лақтыру арқылы өз аттарының әріпіне сай мамандық түрлерін айтасыздар.. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.

Оқушылар сынып жетекшісімен амандасады.

Тәрбие сағатының тақырыбымен , оқу мақсатымен және күтілетін нәтижемен танысады.








Оқушылар ортаға шеңбер болып тұрады. Бір-біріне доп лақтыру арқылы өз аттарының әрпіне сай мамандық түрлерін айтады.














Доп















Кіріспе сөз

5 минут

Мамандық дегеніміз не ?. Мамандықты біздің жас түлектеріміз дұрыс таңдай білуі қажет деп есептеймін. Адам баласы мамандық таңдаудан ешқашан қателеспеуі қажет. Мамандық біздің болашағымыздың айнасы. Өз ісінің білікті маманы болу үшін,өзіне лайықты мамандықты таңдауы керек. Сонда ғана біздің болашағымыз айқын болмақ. Әрине қазіргі таңда мамандық таңдаудан қиналып, ақсап жататын тұстарымыз бар. Түлектеріміз жоғарғы оқу орындарына түсіп біліктілікті мықтылықты шындықты айта кететін болсақ қаржылық жағдайды талап ететін мамандықты таңдап жатады. Неліктен осындай мамандықты таңдайды деген көкейдегі сұраққа жауап бере кетсем. Сол мамандықты оқып, тәмәмдап болған соң, жұмысқа орналасып ең жоғарғы жалақы аламын деген ойдың жетегінде жүреді.

Әрине, дұрыс адам баласы армандап, талаптануы қажет. Жетемін деген адам өзінің биік шыңына да жетеді.Қазақта мынадай мақал бар: армансыз адам қанатсыз құспен тең. Бұл мақал бекерге айтылмаса керек. Мысалы мен журналистика саласына түсуді армандаймын және қызығамын. Мен бұл мамандықты қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық деп білемін. Армандаған мамандығыңа түсу өз қолыңда! Ол үшін білімділік талап етіледі. Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар демекші өз-ісіңе сенімді, білікті, білімді алға қойған мақсатыңа жету үшін талаптанатын адам болсаң бәріңе де жетесің. Абай атамыз айтпақшы:


Пайда ойлама, ар ойла,


Талап қыл артық білуге.


Артық ғылым кітапта


Ерінбей оқып көруге деген даналық сөздері бекерге айтылмаған. Неліктен өзі қалаған мамандыққа түсу керек және сол мамандықты оқуы керек деген сұраққа менің жауабым. Себебі өзінің жақсы көріп тұрған мамандыққа түссең, сен ол мамандықты бір сөзбен айтқанда жақсы көріп бар ынтаңды салып,құштарлық пен оқисың. Және оқуды тәмәмдаған соң бар жан-тәніңмен жұмысқа деген ықыласың мен қызығы құштарлана бар жағынан терген біліміңді осы мамандыққа арнайсың. Егер өзің қаламаған оқуға түссең сенің ол мамандықты оқуға кейін сол салада жұмыс жасауға ынтаң болмайды. Мінекей мәселе осында жатыр. Алайда жоғарғы оқу орнына түсіп, өз мамандығыңның білікті маманы болып, халыққа жақсы қырыңнан танылып жатқан жағдайда дансайып кетпеуің керек. Осыны да ойға салып кеткім келіп отыр. Барлығын көтере білуің керек.


Мұқағали Мақатаев атамыз айтпақшы;


Өсіңіз жетіліңіз,тасқындаңыз,


Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.


Сен мықты,анау осал,мен орташа,


Бәріміз бір аспанның астындамыз.


Сіздің ой біздің ой мен бірікпейді.


Шайқаныз осы өмірді жүріп мейлі


Ойлаңыз,арзан атақ, сасық ырыс


Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді... демекші арзан атақ пен сасық ырыстың жетегінде кетіп қалмауыңыз керек.

Оқушылар сынып жетекшісінің дайындаған баяндамасын тыңдайды.





































































































































































Негізгі бөлім

30 минут

Нақыл сөздер арқылы топқа бөлу.


1. Әсемпаз болма әрнеге,


Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тапта бар қалан, (Абай)


2. Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз.


Даңқым шықсын десеңіз,


Көпшіліктің адамы болыңыз. (Әл-Фараби)


3. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. (Ж.Аймауытов)


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сөйлемді толықтыру. «Мамандық .....»


Постер қорғау

І топқа «Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар»


ІІ топқа «Қазіргі заманның мамандықтары»


ІІІ топқа «Болашақтың мамандықтары»


Жаттығу: «Таңда, ойыңды дәлелде»

Бірінші топқа-

"Трендтегі мамандықтар".

Екінші топқа-

"Әрқашан қажет мамандықтар".

Үшінші топқа-

"Ең батыл мамандықтар".



Оқушылар нақыл сөздер арқылы үш топқа бөлінеді.
































Оқушылар мамандық туралы өз пікірлерін білдіреді.




Әр топ берілген тақырыпқа сай постер қорғайды.









Оқушылар тапсырманы топ ішінде орындап , басқа топтарға презентация жасайды.













































Постер













Презентация


Тәрбие сағатының соңы

5 минут

Рефлексия: «Қосу , алу, қызықты» әдісі арқылы сайыс сабағын қорытындылау.

Кері байланыс «Бес минуттық эссе» жазу

.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2024
2644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12