400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Өзіңді –өзің тексер

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіңді –өзің тексер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Еңбекке баулу Тексерілді: ДОІЖО

Мектебі:№74 Ж. Баласағұн ж.о.м

Сабақтың тақырыбы:

Өзіңді –өзің тексер

Күні:

Мұғалімнің есімі: Б.Даниярова

Сынып: 4«а »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

а) оқушыларды өзін-өзі тексере білуге үйрету

ә) тапсырманы түсініп оқып, дұрыс орындауға баулу

б) зерек, ұқыпты, ынтымақшыл болуға тәрбиелеу

Оқу нәтижелері:

Барлық оқушы: оқиды, жазады

Оқушылардың басым бөлігі: өзін-өзі тексере алады

Кейбір оқушылар:. өзін-өзі басқарып, топбасшы болуға әрекет етеді.

Алдыңғы оқу

Дыбыс үндестігі. 30-36 жаттығу.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

1.Психологиялық дайындық

Ана тілім күшім менің қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды

Тізелесіп қатар жазса мың ақын?!

Мұғалім сөзі: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.- деп

Өз тіліміздің құрметтеп өзге тілдердіде білуіміз керек екен. Олай болса топқа бөлінейік.

Тіл туралы видео көрсетілім.

«Жемістер» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тексеру.

а) Дыбыс үндестігі дегеніміз не? (алама суреті)

ә) Буын үндестігі дегеніміз не? (алмұр суреті)

б) Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата? (жүзім суреті)

в) Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді және оларды ата? (анар суреті)

г) Тіл сөзіне дыбыстық талдау жаса. (өрік суреті)

Оқулық

Дәптер

Суреттер

АКТ







Ортасы






Жаңа сабақты түсіндіру:

Өзіңді – өзің тексер

1 - жаттығу. «Мен ұстазбын» әдісі

Көп нүктенің орнына буын үндестігіне сәйкес –дың,- дің, - тың, -тің, - ның, - нің жалғауларынаң тиістісін қойып, мақалдарды көшіріп жаз.

Туған жер.... түтіні де ыстық. Өнерлі..... өзегі талмас. Ас- адам... арқауы. Тұз ас... дәмін келтірсе, мақал сөз... сәнін келтіреді.

2-жаттығу. «Мен ұстазбын» әдісі

Мәтінді екі-үш рет оқып жатқа айт.

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіс, тіл, ерін жатады. Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әртүрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар ртүрлі болады.

  • Қарамен жазылған сөздерге ауызша дыбыстық –әріптік талдау жаса.


3-жаттығу. «Мен ұстазбын» әдісі

Мәтінді түсініп оқып, ішінен буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді тап.

Құлақты бат-бат

Құлақты бат-бат – негізінен құмды мекендейтін жануар. Інін қатты жерден бір метрге дейін тереңдікке қазады. Қауіп төнсе, құмға кіреді де, басын шығарғанда ештеңе байқалмаса, суырылып шығып кете береді. Кейде аяқтарын тарбитып, денесін ширықтырып, аузын кең ашып, қорқынышты күйге енеді. Тіпті шапшып тістейді. Оның екі езуіндегі тері қатпары құлақ тәрізді көрінеді. Аты да соған байланысты қойылған. Құмырсқа, қоңыз, бал арасы, ұсақ кесірткелермен қоректенеді.

Сергіту сәті

4- жаттығу. Оң жақ бағанда қандай сөздер жазылатынан тап.

Топтық жұмыс.

«Айналмалы бекет» әдісі

Айтылуы Жазылуы

Башшы Басшы

Таспақа Тасбақа

Өнергәсіп Өнеркәсіп

Тор ад Тор ат

Сарарқа Сарыарқа

  • Жазғандарыңның дұрыстығын тексер


6- жаттығу. Мәтінді оқы.

Аяқ астынан қар жауып, суық түсіп кетті. Таң ертең қаланың сыртына шықтым. Андыз-андыз ағаштарды аралап келем. Сол арада қарсы алдымнан қарға көмілген бір құсты көзім шалды. Бұл сұңқарлар тобына жататын күйкентай еді. Көбік қарға малынып, зорға қозғалады. Қарасам, ұзын құйрығының мамығына мұз қатып қалыпты. Құстың ұшуына сол кедергі болған сияқты.

Күйкентайды мұздан тазалап, көкке ұшырып жібердім. Кіп-кішкентай алғыр құс құлшына самғай жөнелді.

  • Буын үндестігіне сай жазылмай тұрған сөздерді тап.

  • Ең соңғы сөйлемді жатқа жазып, оған дыбыстық талдау жаса.

Оқулықтар, АКТ,





















Аяқталуы



Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір тілек



Үйге тапсырма: 5-жаттығу



2.Оқушыларды бағалау: смайликтер арқылы бағалау







Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың үйренуін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен құзіреттілігі

Деңгейлік тапсырмалар беру


  1. Түрлі әдістер

  2. Сұрақ-жауап арқылы

Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгінгі оқушылар не үйренді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалу

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да ескеріңіз)

1.Топтық жұмыс


2.Деңгейлік тапсырмалар


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуда да, оқуда да ескеріңіз)


1.Бағалау

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған оқушылардың пікіріне негізделемін



















































































Тақырыбы: Мақсаты: а) оқушыларды өзін-өзі тексере білуге үйрету

в) тапсырманы түсініп оқып, дұрыс орындауға баулу

б) зерек, ұқыпты, ынтымақшыл болуға тәрбиелеу

Барлық оқушы: оқиды, жазады

Оқушының басым бөлігі:өзін-өзі тексере алады.

Кейбір оқушылар: өзін-өзі тексеріп, топбасшы болуға талпынады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1001
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі