"Өзіңді сүю-өмірді сүю" (тренинг-жаттығулар) 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзіңді сүю-өмірді сүю" (тренинг-жаттығулар) 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өзін-өзі тануына, қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көз қарасына тәуелді болмауға, өзін-өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру, оқушылардың өз көңіл-күйлерін орынды, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіруге, жағымды эмоционалды фон жасауға, зейінді дамыту мақсатында тренинг нәтижесінде оқушылардың арасында ұйымшылдық туындайды, ынтымағын нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың өзін-өзі тануына, қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көз қарасына тәуелді болмауға, өзін-өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру, оқушылардың өз көңіл-күйлерін орынды, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіруге, жағымды эмоционалды фон жасауға, зейінді дамыту мақсатында тренинг нәтижесінде оқушылардың арасында ұйымшылдық туындайды, ынтымағын нығайту.









Тақырыбы: Өзіңді сүю-өмірді сүю. (тренинг-жаттығулар)

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тануына, қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көз қарасына тәуелді болмауға, өзін-өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру. Жағымды эмоционалды фон жасау, зейінді дамыту, топты ұйымдастыру, ынтымағын нығайту.





«Менің көңіл-күйім» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушылардың өз көңіл-күйлерін орынды, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылар өз көңіл-күйлеріне байланысты смайликтерді таңдайды.Бұдан сабақ басында

Оқушылар бойында қандай көңіл-күй басым екендігін анықтауға болады.

«Австралияның жаңбыры» жаттығуы.

Мақсаты:Жағымды эмоционалды фон жасау, зейінді дамыту, топты ұйымдастыру, ынтымағын нығайту.

Жүргізуші балалардан Австарлия жері жайлы сұрайды, әңгімелейді.

Австралия жері, күн өте ыстық, шөлден шаршап-шалдығып Австралияның бүкіл тірі табиғаты бірнеше айлар бойы болмаған жаңбырды асыға күтуде.Бір күні жануарлардың бәрі қуанды, өйткені асыға күткен жаңбыр басталды: алақандармен; саусақтармен; жұдырықтармен; аяқтың бұлшық еттеріне шапалақтау; аяқпен еденге; осы қимылдарды соңынан басына дейін қайталау.

«Мен ғажаппын» жаттығуы.

-Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

-Мен ғажаппын, мен кереметпін.

-Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

-Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

- Мен тамаша жанмын.

-Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

- Мен мақсатыма жетемін.

-Мен қолымнан бәрі келеді.



« Өзіңді сүю» кеңесі

  1. Өзіңді сынай береме.

  2. Өзіңді үрейлендіріп, қорқыта берме.

  3. Өзіңе-өзің мейірімді, жұмсақ және шыдамды бол.

  4. Өзіңнің сана-сезіміңе мейірімді болуды үйрен.

  5. Өзіңді мақтауға үйрен.

  6. Өзіңді сүю-өзіңді қолдау екенін ұмытпа.

  7. Өзіңнің кемшіл жақтарыңды сүйе біл.

  8. Өз денеңе күтім жаса.

«Өзіңе сенімділік неден құралады» кеңесі

Луйза Хейдің кеңесі .

Жағымды ойлауға үйрену.

Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену.Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.

Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу.

Сіздің саналы түрдегі өзіңзді мейлінше жақмы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.

Өзіңді сүй.

Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұрақтандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау-бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті.

Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс.

Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды.

Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз.

Мұны балалар керемет орындайды.Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзінің сыртқы «Меннен » айырмашылығы болатын ішкі «Менді» қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпағыздар.

Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз.

Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогерсс басталады. «Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын» деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым көбірек айтсаңыз, соғырлым жақсы болады.

Басқаралдың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз.

Әр адам –қайталанбас және ерекше. Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз.



Ақиқатты тани біл...

Кісінің имандылығы кісі сыйлауынан көрінеді. Адамның ақыл-парасаты, мәдениеті мен тектілігі мінез- құлқынан көрінеді. / Мұхаммед Пайғамбар /

Адамдарды танып білудің ең жақсы тәсілі –өзін-өзі тану./ Сатья Саи Баба /

Өзіңді өзің басқара алмасаң, өзгені де басқара алмайсың./ Халық даналығы/

Адам өміріндегі ең қажетті білім-өзін-өзі тану. / Бернар Фонтенель/

Өзіңді өзің таны. Өзін-өзі тану өте қиын. /Фалес/

Кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе ,адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз. / М.Жұмабаев/

Өзіңді өзің танысаң –істің басы. / Ш.Құдайбердіұлы/

Ең қиыны өзіңді-өзің тану, ең жеңілі-басқаға ақыл-айту. /Фалес/

Әр адам –өзінің ішкі дүниесінің көрінісі. / Марк Цицерон/

Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі. / Әл-Фараби/

Нақыл сөздерді оқып, мазмұнын ашып, оқушылардың өз пікірлері мен ойлары, ұсыныстары тыңдалады.

Сабақ соңында «Менің көңіл-күйім» жаттығуы арқылы кейінгі оқушылардың көңіл-күйіндегі өзгерістерді анықтауға болады.

Қорытынды ретінде «Ойлан балам» әні тыңдалады.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
2103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі