400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ӨЗІҢДІ ТАНУ – ӨМІРДІ ТАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ӨЗІҢДІ ТАНУ – ӨМІРДІ ТАНУ мұғалімдерге көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мектеп №49 жалпы орта мектебі Мерзімі _______________

2Сабақтың тақырыбы: ӨЗІҢДІ ТАНУ – ӨМІРДІ ТАНУ

Құндылық:«Дұрыс әрекет»Қасиеттер:Жауапкершілік,тәртіп,қоғамға қызмет ету

Мұғалім: Мамаева Мира 9 «А, Ә, Б, В, Г »сынып

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту, алдынғы сабақты пысықтау.

Сабақтың міндеттері:- өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;

  • өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: бейне фильм көрсету.

Ресурстар:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру. Ә.Файзоллаұлының «Өмірдің мәні» ертегісінен сұрақтар қою.

-Үміткерлер өмір мәнін қалай түсіндірді?

-Ертегіде айтылған ойларға не қосар едіңіз?



  1. Дәйексөз.«Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді»

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? (дәйексөзді бірнеше рет айтқызу)

Б.Бұлқышев


  1. Әңгімелесу(сұхбат).«Өмір керек...» өлеңін баяу музыка сарынымен әсемдеп, нақышымен оқып, талдау.


Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат,

Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап.

Біреулердің еңбегі еш, тұзы сор боп,

Біреулердің бақыты жүр сорғалап.


Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,

Аласы мен құласы, торысымен.

Тағдыр түрлі болғанмен, өмір біреу,

Ұнатамын өмірді сол үшін мен.

Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,

Құр қалмайды ешкім де үлесінен.

Өліп-талып жеткенде бақытына,

Шорт үзіліп кей тағдыр түгесілген.


Өміріме өзімнің таңданамын,

Қалмаймын деп қатардан қарманамын.


Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен алданамын.


Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,

Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын.

Өмір керек көлеңке, шуағымен,

Өмір керек!

Басқаның қойдым бәрін!


М.Мақатаев

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мәтінді рөлдерге бөліп оқып. Мәтіндегі ойға өз көзқарасыңды жазу.


  1. Топпен ән салу.

ӨМІР

Өмір деген- көк мұхиттың толқыны,

Бір –бірімен жатқан шулап жалғасып,

Бір –бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар, арпалысып, алға шық!


Өмір деген пәк жаралған махаббат,

Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.

Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,

Өз жүрегін өртейтұғын өз демі.


Өмір деген – мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі.

Ешкім оған қоя алмайды нүктені,

Өмір деген сөйлем емес өйткені.

Т.Айбергенов

Үй тапсырмасы. Өз өміріңде қол жеткізген жетістіктерін жайлы эссе жазу. Жетістік туралы мақал- мәтелдер табу.

Келесі №3 сабақ. «Салауатты өмір салты – адамның жақсы өмір сүруіне көмектеседі»


8. Соңғы тыныштық сәті:

Баяу музыка қойылады.( - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер)

«Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бар жерде, «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бүкіл әлемде.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9- сынып «Бөбек» Алматы, 2010

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
994
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі