Тренинг
тақырыбы: Өзіңді тану - істің
басы
Тренинг
мақсаты: Тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуге , ойлана білуге, ,
өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз
қабілеттерін өзі іске асыра білуіне бағыттау, Мақсатты, саналы,
жүйелі түрде іс-әрекет жүргізе алуына ықпал
жасау.
Пайдаланылған
әдіс-тәсілдер: Проблемалық-ситуациялық
сұрақтар , сұрақ-жауап, ойын-жаттығулар, анаграмма шешу,
рефлекция
Көрнекіліктер: геометриялық фигуралар, А4 ақ
парақ, жапсырма қағаз , электронды тақта,
т.б
Кіріспе:
Құрметті оқушылар бүгінгі
тренинг сабағымызға хош келдіңдер!
Тәуелсіздік мерексі құтты
болсын!
Дүниедегі ең үлкен нәрсе -
кеңістік
Бәрінен жүйрік -
ой
Бәрінен дана -
уақыт
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл
айту
Бәрінен қиыны - өзіңді өзің
тану.-деген екен данышпан философ
Фалес
Яғни , бүгінгі «Өзіңді тану - істің басы» тақырыбындағы
тренинг сабағымызда біз өз бойымыздағы
жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу , дамыту
жолдарын анықтаймыз .
Ендеше, тренинг сабағымызды
бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.
Мысалы:
Бағлан , сен бүгін ерекше
көріктісің,
Салтанат, сенің көркіңе ақылың
сай
(т. б сол сияқты бір-біріне
жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін
жалғасады).
- Рахмет, балалар ! Әрбір
жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера
қалыптастырды.
Қазір сендер әрбір столда
тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған
фигураға барып отырады.
Міне, біз үш топқа
топталдық
Әрбір топ мүшелері өздері
таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны
қалағандарыңды айтасыңдар.
(оқушылардың болжамдарынан
кейін осы тесттің мақсаты түсіндіріледі
)
И. Панарин
тесті.
Тіктөртбұрыш
- таңдағандар лидерлік қабілеті
бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым
жандар.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз
жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін
жандар.
Дөңгелек - осы 3 фигураның ішіндегі өте
мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын
жандар..
Міне, балалар, әркім өзін
Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз
жетті.
Проблемалық – ситуациялық
сұрақтар.
Тәуелсіздіктің бастау бұлағы
болған, ата – бабаларымыздың аңсап
күткен еркіндігі,
ғасырлар бойғы күресінің
нәтижесі, 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасының бүгінімізге, келешек
күндерімізге сабақ болатын тағылымдарының
көптігі бәрімізге аян.
Тәуелсіздік жөнінде
ой-пікірлеріңді білу үшін проблемалық - ситуациялық сұрақтар
беріледі.
1-топ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына
сенің көзқарасың қандай?
2-топ Егер сен Желтоқсан оқиғасы
тұсында студент болып, саналы жас болсаң, Желтоқсан оқиғасына
қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не?
3-топ Тәуелсіз еліміздің бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына косылуына сенің қосар үлесің
қандай?
Әр топ мүшелері түгел пікірін
білдіреді.
Топтың жауабына рахметімізді
айта отырып өткен шақтан сабақ алып, болашаққа нық қадам
басарсыңдар деген үмітпен тренингміздің
3-бөлімі «Жылдам ойлан,
тап» сергіту -жаттығуымен әрі қарай
жалғастырамыз. Бұл жаттығу жылдамықты,зейінділікті қажет
етеді
Шарты: Алдарыңыздағы карточкаларға
назар аударыңыздар.
Әріптердің орнын ауыстыру
арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар
.1 мин уақытқа жеткізбейміз,
ойланып ,табыңыздар. Қай топтың ойлау деңгейі басым болар
екен.
1. АНАТСА
(Астана)
2. ЫДНАҒАРАҚ
(Қарағанды)
3. ЕКТНМЫШ
(Шымкент)
4. НЕСӨМЕК
(Өскемен)
5. МАТЫАЛ
(Алматы)
6.ВОАРЛПДА
(Повладар)
7.ЙЕЕСМ
(Семей)
8.ОҚТЛДЫААНРҒ
(Талдықорған)
«Өзіңмен өзің түскен күрес
— ең қыйын күрес, өзіңді өзің жеңген жеңіс –
ең ұлы жеңіс»,-неміс ақыны Ф.Логау тегін
айтпаған шығар:
Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның
рухани қажеттіліктерін қалыптастыру.
«Жағымсыз қасиеттен
арылу» жаттығуы
Тренингке қатысушыларға ақ
парақ беріледі, парақты қаламсаппен ортасын бөліп сызады да бір
жағына өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерді жазады, екінші жағына
адам бойында (өзінің, достарының, ата-анасының, т.б) кездесетін
жағымды қасиеттерді тізіп жазады. Парақты ортасынан жыртып бөліп
алады да жағымсыз қасиеті жазылған жағын қоқыс жәшігіне мыжып,
лақтырып тастайды.Алжағымдымінез жазылған жағын өздеріне
қалдырады.
«Бес
құндылық» жаттығуы.
Қатысушылар алдарындағы
жапсырма қағазға өздерінің өмірдегі ең құнды бес дүниелерін жазады,
оған жақсылап қарап алуын және бүктеуін
сұраймын.
Ұсыныс: Сендер өздеріңнің ең қымбат
бес дүниелеріңді жаздыңдар, енді оны жәй ғана жерге лақтырып
тастаңдар.
Рефлекция:
1. Осы жаттығу барысында не
сезіндің , құндылықтарыңды лақтыру оңайға түсті ме
?
2.
Бүгінгі тренингтен алған әсерің,
білімің сендерге келешекте қажет деп ойлайсыңдар ма?
Ендеше
осы құнды дүниелерімізді еш
уақытта жоғалтып алмайық!
Қорытынды: Тренингке қатысқандарыңызға көптен-көп
рахмет, тәуелсіз еліміздің болашағы да, тірегі де сендерсіңдер!
Сондықтан әрдайым ойларың мен сөздерің бір жерден шығып
, өмірдегі өз орындарыңды
белгілей біліңдер демекпін!
Бейнеу
ауданы
Манашы орта мектебі
КММ
Сарсенбаева Қарлығаш
Юсуповна