Материалдар / «Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста»

«Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз өмірімізде жасаған әрбір талғам тағдырымызға адам мөлшерлеп жете алмастай әсер етуі мүмкін.Ертеңгі бақытың дәл қазіргі шешіміңнен басталуы мүмкін!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе тақырыбы «Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста» Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп оқушысы Қойшыбаева Аяулым Бекболатқызы

«Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста»

Әр адам жеке бір тұлға... Барлық адам бірдей... Барлығымызда бірдей ми, бас, қол және тағы да басқа... Тек біз бір-бірімізден білім, ғылым, ақыл арқылы ғана оза аламыз. Тәңір бізді салыстырмайды, біз пенделер салыстырамыз... Сондықтан ол сеннен артық не кем болғанына еңсеңді түсірме!

Өмір бүгіннен немесе ертеңмен шектелмейді. Өзіңді бағала, ой-санаңды кеңейт.Айналада болып жатқан қиындықтарға басқа көз қараспен қарап, оның шешімін тауып көр. Әрбір қиындық болған жерде жеңілдік те қатар жүреді. Сен өзіңді дамыту кезінде, саған өзгелердің ойы емес, керісінше сенің ойың маңызды болуы тиіс.. Өміріңді өзгерткің келсе, алдымен өзіңді өзгертуден баста.Өзгеден мін іздемей, алдымен өзіңе бір сәт мән беріп қара.Өзіңді ерекше тұлға ретінде сезін де, өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді іздеуге тырыс.Алдымен өзіңді жақсы көр.Содан кейін жаныңдағылардың жанына терең үңіліп, сыйлап, құрметтейтін боласың... Өмірде ешқашан өзіңді алдама, жалғандықты жоюың қажет...Өзіңді алдап ешқашан алдыға қадам баса алмайсың... Барлығын риясыз жақсы көр, сене біл...

Өз өміріңде өзің шынайы, әрі әділ бола білсең, сенің өмірің де осы бағытқа қарай өзгереді.Жаныңдағы достарың, жақындарыңды да сен қандай болып оларды сыйласаң, олар да сені солай құрметтейтін болады.

Алдыға қадам басып, жылжудан ешқашан қорықпау қажет.Бұл сенің өмірің, сенің таңдауың! Белгілі бір жетістікке қол жеткізгің келсе, алдыңа мақсат, міндет, талап қоя біл.Сонымен қатар жалқаулықтан арыл.Тек талпыныс пен сенім тек қана жеңіске жетелейді.

Өз өмірімізде жасаған әрбір талғам тағдырымызға адам мөлшерлеп жете алмастай әсер етуі мүмкін.Ертеңгі бақытың дәл қазіргі шешіміңнен басталуы мүмкін!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ