Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
«Өзіңді тереңірек тани біл!» тренинг
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақта қолдануға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Қазан 2018
1183
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтау қаласы«И.Жанболатова атындағы №15 жббом»КММ
ТРЕНИНГ
Тақырыбы: «Өзіңді тереңірек тани біл!»
Дайындаған: Г.Т.Тасболатова Қатысқаны: Облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар
Облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылармен өткізілетін тренинг сабақтар1. «Танысу» рәсімі2.«Сәлемдесу» жаттығуы.Қатысушылар шеңбер болып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады. «Европалықтар», «жапондықтар», «африкандықтар», «италиандықтар». Содан соң әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі. «Европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді , «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерде болу үшін жаттығуды қайталауға болады.3.«Білетінім және білмейтінім» ойыны. Әр оқушы өздері туралы біз білмейтін сырларын айту. Мыс: Менің Гүлнұр екенімді білесіздер, бірақ өлең шығаратынымды білмейсіздер.4.«Адамның ортаға бейімделуі».5 жәндік немесе үй жануарын салу және олардың әрқайсысына бесеуден сипаттама беру. Жауаптары: 1. Ортаға бейімделуі. 2. Өзіңіздің шынайы бейнеңіз. 3. Сізден статусы жоғары адамның сіз туралы ойы.4.Жан досыңның көзқарасы. 5. Серігіңіздің сіз туралы ойы5. «Тілек ағашы» Нұсқау: Ағаштың тамыры, діңгегі, жапырақтарын бейнелеу. Оқушылар өз қолымен ағаш бөлшектерін пайдалана отырып, ағаш бейнесін жасап шығару керек. Ағаш тамыры: кеңпейіл, шығармашыл, кішіпейіл.Ағаш діңгегі: мықты, талапшыл, қаталАғаш жапырағы: әсемдікті, сұлулықты, жайлылықты ұнататындар.Осы құрастырылған ағашқа жүрек жарды тілегімізді жазайық. 6. «Менің саған тілегім ...» жаттығуыАл енді алғашқы жаттығуымыз «Менің саған тілегім ...» деп аталады. Бұл жаттығуда сіздерге түрлі түсті қағаздар беріледі. Сол қағаздарға өздеріңіздің шын ниетіңізден шыққан әдемі тілектерінізді жазуыңызға мүмкіндік туып тұр. Тілектерімізді жазып болғаннан кейін бүктеп, мына сандықшаға саламыз. Оны араластырып, жазылған тілектің біреуін таңдап алып өзімізге сақтап қоямыз. Егер оқығысы келіп тұрғандарыңыз болса оқуына болады. Бұл тілектерімізді жоғалтпаймыз. 7.Сергіту сәті «Өзіңді тереңірек тани біл!» Уақыты: 10 минут Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Таңдаған жеміс- жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз. Кілті: Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді. Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады. Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық өарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау. Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз. Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық керек. Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз да жоқ емес. Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырасасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз. 8. «Бақытқа жету» жаттығуы. Мақсаты: оқушыларды бақытқа жетудің қаншалықты маңызды екенін ұғындыру. Нұсқау: Оқушыларға ақ парақ таратылады.Ақ парақты екіге бөліп, бір бөлігіне арман, мақсат, тілектерін жазып, белгілі бір жерге лақтырады. Екінші бөлігіне осы айтылған арман, мақсат, тілектерін орындалғаны, яғни жеттім деп жазып, оны да лақтыру. Сосын екінші қағазды, бірінші қағаздың қасына үрлеп жеткізу керек. 9. «Сергіту» тренингі.
- Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.
- Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...
- Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.
- Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.
- Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.
- Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.
- Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.
- Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.
- Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.
- Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.
- Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.
- Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.
- Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.
- Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.
- Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.
- Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.
10.Жаттығу: «Тілек шамы».
11.«Рахмет» жаттығуыҚатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы тренингке келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)