жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзіңе деген сенімділікті арттыру және қалыптастыру
Өзіңе деген сенімділікті арттыру және қалыптастыру
Өзіңе деген сенімділік – өзіңнің сырт келбетің мен сезімдерің арқылы өзіңді жайлы сезіну. Бұл дегеніміз өз-өзіңді ұнату, өз қабілеттеріңнің, ойлау деңгейіңнің ұнауы. Өзіңе деген сенімділік әрекеттерге байланысты болып келеді. Өз-өзіңе сенімділік бірден келмейді, кішкентай ғана қадамдар үлкен өзгерістерге әкеледі.
Өзіңе деген сенімділігіңді
арттыру үшін не істеу керек:
1.
Өз-өзіңе сенімді жандай
бол. Қандай да бір қасиетке ие
болғың келсе, сол қасиет бойыңда бардай әрекет жаса. Егер сен өзіне
сенімді жандай көрінгің келсе, машықтану керек. Басында қорқынышты
болады. Бірақ алғашқы қадамнан кейін сенімділік пайда болып,
аз-аздап бәрі табиғи түрде шығады.
2.
Өзіңе басқаша көзқараспен қара.
Қамығып, өзіңді нашар сезінсең
де, өзіңдегі ұнайтын бір қасиетті табуға тырыс. Бастасаң болғаны,
басқа да көптеген жағымды қасиеттеріңді табуың ғажап емес, ал бұның
ұнамды бейнеңді қалыптастыруға көмегі
тиеді.
3.
Сөздеріңе абай бол. Кейде айтқан сөздерің
көңіл-күйіңе және басқалардың сен жайлы пікіріне қатты әсер етеді.
Қойылған сұраққа бірден жауап қайтаруға асықпа. Түсініксіз бірдеңе
айтқанша, азғана кідіріп, айтатын нәрсеңді ойланып ал. Жауапты
білетіндей күй танытпа. «Солай сияқты», «олай емес» деудің орнына
«иа», «жоқ» сөздерін қолдануға тырыс. Сонда айтар сөздерің анық
және сенімдірек шығады.
4. Музыка тыңда.
Музыка бізге зор ықпал етеді.
Өзіңнен күмәнданған сайын әсерлі жағымды әуенді
тыңда.
5. Жаңа нәрсемен айналыс. Күн сайын жаңа нәрсемен айналысуға тырыс. Әдетте жасамайтын болмашы нәрсе болса да мейлі. Жаңа бір нәрсемен айналысқан сайын сен жайлылық аймағынан шығасың, ал бұл бәрін жаңа парақтан
бастауға болатын мүмкіндік.
Осындай аз ғана өзгерістерден сезінетін шаттық әсері сенімділігіңді
арттырады.
6.
Дұрыс тамақтансаң, өзіңді жақсы сезінесің.
Тән денсаулығыңа көңіл бөл.
Оның өзіңе сенімді болуда көмегі зор. Дұрыс тамақтану мен дене
жаттығулары өміріңді жақсы жаққа қарай
өзгертеді.
7.
Мейірімділік таныт. Досыңа көмектес немесе сенен
ешкім өтініп сұрамаса да, өз ынтаңмен үй шаруасында қол ұшын бер.
Көп уақыт сөйлеспеген досыңа немесе туысыңа қоңырау шал. Басқаларға
жәрдемдескенде, олардың сені қадірлейтінін сезінесің. Әр адамға бұл
маңызды.
8.
Өзің туралы ойларыңды өзгерт.
Бәрі жақсы болған сәттер мен
өзіңе қатаң көзбен қараған сәттерді сезіну маңызды. Егер де сен
кідіріп, осындай сәттерді байқап жүрсең, сенің өз бағалауын артып,
өзіңді жақсырақ сезінесің. Күн сайын журналға қандай көңіл-күйде
жүргеніңді жазуға тырыс. Осылайша сен жағымсыз ойлардың пайда болу
сәттерін аңғарып, неліктен болатынын
түсінесің.
Өзіне сенімсіздік танытудан
құтылуға арналған қадамдар.
1.
Достарыңмен және таныстарыңмен қарым - қатынас
жасау. Өз - өзіңе сенімді болу үшін
айналасындағылармен мысалы, сабақта, үйде, көршілермен жиі қарым -
қатынас жасау керек. Кейін кез келген адаммен тіл табысып кету оңай
болады.
2.
Сыртқы келбетіңе үнемі уақыт
бөлу.
Адам бұны қаласа да, қаламаса да сыртқы келбетін үнемі бақылауда
ұстауы керек. Сонда адам өзін жақсы көреді және қасыңыздағы
жандарға одан да көбірек ұнайсыз. Адам әрқашан таза және ұқыпты
киіне білуі керек. Себебі, тән сұлулығы жан сұлулығымен үндескен
кезде ғана үйлесімдік табады. Адамның өзіне деген сенімділігі және
сүйіспеншілігі күшейеді.
3.
Өзіңді ешқашан өзгемен салыстырма.
Адамдар өздерін айналасындағы
адамдармен салыстыруға әбден әдеттеніп алған. Бұл әдет адамның
сенімді болуына және өзін бағалай білуіне кері әсерін тигізеді.
Біреуді талантты, біреуді тартымды ал біреуді жолы болғыш, табысты
деп өзіңізді сөгуге болмайды. Өйткені, әр адамның өзіне тән
ерекшелігі бар.
4.
Өзіңді жиі мақтап отыру қажет.
Өз жеткен жетістігіңіз бен
табысыңыз үшін мақтануды ұмытуға болмайды. Жақындарыңыз бен
достарыңызға жеткен жетістігіңізді айтып мақтану артық болмайды.
Осылайша бұдан да жоғарыға көтерілуге деген ынта пайда болады. Аз
ғана жетістігіңізге қуана біліңіз, себебі бұл мақтауға
тұрарлық.
5.
Арман - мұратыңа жету. Адам сенімді болуы үшін үнемі
өзін жетілдіріп отыруы қажет. Ол үшін өз идеалыңыздың сұлбасын
сызыңыз да соған жетуге ұмтылыңыз. Егер сабырлық сақтаумен қатар
еріншектік жасамасаңыз бір аптада болмаса бір айдан соң нәтиже
берері анық.
6.
Қоғамдық орында көбірек болу.
Өзіңізге сенімді болғыңыз
келсе, қоғамдық орындарда көбірек болуыңыз керек. Демалыс күнін
немесе сабақтан соң қайда болатыныңызды алдын ала жоспарлаңыз.
Адамдардың арасында болудың пайдасы сол, көңіліңіз көтеріңкі болады
және мұңаюға жол берілмейді.
7.
Суретке жиі түсіңіз. Суретке түсуді жаны қалайтын
жандар көбіне өзіне сенімді келеді. Суретке қаншалықты әдемі түсе
алдыңыз ол маңызды емес. Суретке түсу үшін белгілі орын таңдау
қажет емес, қай жерде жүрсеңіз де түсе беріңіз. Өйткені сол түскен
суреттерге қарап өзіңізді қалай ұстау керек екенін айқындай
аласыз.
8. Жаңа заттар сатып алыңыз. Жаңа киім тән сұлулығын ашып қоймай адам жүрегіне де қуаныш сыйлайтыны мәлім. Киім сатып аларда бағасына емес, денеңізге қонымды болуына назар аудару керек, себебі кей арзан киімнің өзі жарасымды болуы мүмкін. Егер, киімдерді жаңартуды дәл қазір шамаңыз көтермесе, керек - жарақтар алып көңіл - күйді көтеруге болады. Сізде сенімділік пен өзіңізге деген сүйіспеншілік пайда болады.
Начало формы
Өзіне сенімді болудың
жолдары: ⠀
1. Сенімді боп
көрініңіз. Өзіңіз білетін сенімді адамға
еліктеңіз. «Мен сенімдімін» деп 100 рет айтсаңыз да, ол
көмектеспейді. Адаммен сөйлескенде даусыңыз дірілдейтін болса,
айнаның алдында репетиция жасаңыз.
2. Сенімділікті
қалыптастырыңыз. Бір күнде істейтін істерді
қағазға жазып шығыңыз. Әрбірін орындаған сайын сызыңыз. Істі
соңына дейін жеткізу сенімділік береді. Күніне 20 іс бітірсеңіз,
сізде сенімділік деңгейі
көтеріледі.
3. Спортпен
айналысыңыз. 30 минут денені шынықтырып,
жаяу жүрсеңіз де жеткілікті.
4.
Көмектесіңіз. Біреумен сөйлескенде «бұрыс
нәрсе айтып қалмасам екен» деген оймен қобалжып тұрасыз. Ал егер
оған қандай көмек бере алам деп мақсат етсеңіз, оның әңгімесін
тыңдай бастайсыз. Біреудің проблемасын шешіп беру үлкен
сенімділік сыйлайды.
5. Қателесу – тәжірибе
жинау. Көп қателесіңіз. Сонда
қателесудің қорқынышты емес екенін көресіз. Сізде тәжірибе
жиналады. Сенімділікке кедергі жасайтын қорқыныштардың бәрі жай
әншейін сағым екенін тәжірибеде
сезінесіз.
Өзіңізге деген сенімділікті қалыптастыруға арналған кеңестер:
1. Қорқынышыңызбен бетпе-бет келу. Өзіне деген сенімділігі бар адамдарды осы сипаттамаға ие емес адамдардан біршама ерекшелендіретін нәрсе - қорқынышқа қарамастан әрекет ету.
2. Мақсат қойып, сол мақсатқа жету. Алға қойған мақсатымызға алға жылжып, қабілеттеріміз жақсарған кезде ғана жағымды эмоцияларды сезінетінімізді білдіру.
3. Анықтамалық тәжірибені жинақтаңыз. Өзіңіздің жеке тұжырымдамаңызды жақсарту үшін, тек сіздің бейсаналық санаңызға осы туралы еске салуыңыз керек. Тәжірибелерді жинақтай отырып, сіз осындай жағдайларда өзіңізді жайлы сезінесіз.
4. Жеке шектеулерді орнатыңыз. Өзін-өзі бағалауы төмен адамдар арасында кең таралған сипаттамалардың бірі - олар өз шегін қоя алмауында. Олар өздерін жаман сезінбеу үшін басқаларға «жоқ» деп айтуға қиналады және олар алдымен өздерін бақытсыз ететін барлық міндеттемелерді қабылдауға бейім.
5. Өткен жетістіктеріңізді еске түсіріңіз. Өздеріне деген үлкен сенімді адамдар, әдетте, кез-келген кедергілерге тап болған және оларды бірнеше рет жеңе білген адамдар. Алайда, біз бәріміз өз өмірімізде маңызды нәрсе жасадық; және біз өз тәжірибемізді жетілдіру жоспарлаған мақсатыңызға жете алмаймын деп ойлайтын нәрсе жасауыңыз керек.
6. Жаттығу жасау. Адам жүйелі түрде жаттығу жасағанда олардың миында серотонин мен допамин мөлшері жоғарылайды. Өзімізді күтуге қаншалықты қабілетті екенімізді анықтайды және осыған негізделген өз-өзіне деген сенімділік деңгейін береді. Сондықтан сіздің өмір сүру қабілетіңізді арттыратын кез-келген іс-әрекет сізді өзіңізді жақсы сезінуге мәжбүр етеді.
7. Өзіңіздің жағымсыз ойларыңызды өзгертіңіз.
Қауіпсіздіктің ең үлкен көздерінің бірі - біздің сеніміміз. Бұл біздің әлемнің қалай жұмыс істейтіні, біздің жағдайымыз және басқалармен қарым-қатынасымыз туралы шындыққа сәйкес келетін пікірлер. Көбіне біз оларды таңдамаймыз немесе білмейміз, бірақ олар көбінесе біздің өміріміздің қаншалықты жақсы екендігін анықтайды.
8. Ішкі ойыңызды қабылдаңыз. Бізде бар барлық шектеулі сенімдерден толықтай арылу мүмкін емес. Сондықтан, сіз барлық жағымсыз ойларды оптимизмге өзгертуге тырысудан басқа, сол ішкі пессимистік дауысты мүмкіндігінше жақсы қабылдауға үйренуіңіз керек.
9. Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Біз айналамыздағы адамдарға қарап: «Мен ешқашан ол сияқты әдемі, бай, батыл болмаймын» деп ойлаймыз. Бұл бізді өзімізге деген қорқынышты сезінуге мәжбүр етеді және ақыр соңында біздің өзімізді бағалауды бұзады. Біздің бәріміздің күшті және әлсіз жақтарымыз, артықшылықтарымыз бен қиындықтарымыз бар.
10. Өзіңізді аялауға машықтаныңыз. Өзіңіздің жанашырлығыңыз қателік жібергенде, ұсынған бірдеңеңізде сәтсіздікке ұшырағанда немесе қандай да бір қиындықтарға кезіккенде өзіңізге деген сүйіспеншілікпен және құрметпен қарауға байланысты және өзіңізге деген сенімділік пайда болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген