400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзіңе сен,жас түлек!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас түлектерге араналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Өзіңе сен, жас түлек!

Мектеп қабырғасында өткен әрбір күн – болашаққа бастар
баспалдақ. Бүгін сен – жас түлек. Ал ертең елдің тірегі, қоғамның
белсенді мүшесі боласың. Сондықтан ең алдымен өзіңе сену – ең
үлкен жеңіс.Қазіргі заманда бәсеке көп. Әлеуметтік желі, түрлі
пікірлер, салыстырулар кейде жас жүрекке күмән ұялатады. Бірақ
ұмытпа: әр адамның жолы – бөлек. Біреу тез жетістікке жетеді,
біреу баяу, бірақ нық қадаммен алға басады. Маңыздысы – өз
бағытыңды табу.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы : «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін
тап та бар қалан» деген. Бұл сөз – әр жас түлекке арналған өсиет.
Сенің де қоғамда өз орның бар. Тек соны іздеп, еңбектенуден
жалықпа.

Қателесу – әлсіздік емес. Керісінше, ол – тәжірибе. Емтиханнан
сүрінсең де, арманыңнан бас тартпа. Бір сынақ – өмірдің соңы емес.
Нағыз мықтылық – қайта тұрып, қайта талпынуда. Өзіңе сену
дегеніміз – мен бәрін білемін деу емес. Ол – мен үйрене аламын, мен
тырысамын, мен қолымнан келеді деу. Егер сен өзіңе сенсең, ата-
анаңның үміті ақталады, ұстазыңның еңбегі жанады, ең бастысы –
жүрегің тыныш болады.

Жас түлек, сен – болашақсың. Арманың асқақ болсын, мақсатың
айқын болсын. Қай жолды таңдасаң да, адал еңбек пен табандылық
серігің болсын.

Әбдіжаппар Гүлфайруз
Бөгетсай ауылы


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі