Материалдар / Өзіңнен баста, басқаға үлгі болсын ! TEDx форматындағы шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзіңнен баста, басқаға үлгі болсын ! TEDx форматындағы шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шарада құқықтық ақпараттар аласыз, яғни таратуға тұрарлық идеяларын ұсынады. Тәрбие орынбасарларына,сынып жетекшілерге қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
1376
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





















TEDx NIS Ұзынкөл клубының мақсаттарымен таныстыруда



















Идеяларын тарату сәтінен


Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

«Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі» КММ





Өзіңнен баста,

басқаға үлгі болсын !























TEDx форматындағы шара



Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Чукина Жаңылсын Есенқызының

Іс - тәжірибесінен



Ұзынкөл ауылы, 2019 жыл


Жәнібек аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің ұсынысы бойынша таратылды













Құрастырған: «Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чукина Жаңылсын Есенқызы.













Мақсаты:


Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру , құқық бұзушылыққа қарсы күресу,оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:


Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. ҚР Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауындағы ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.

Заң біреу, ол бәріне бірдей және әрқашан жұмыс істейді. Жазасыз өткен тіпті ең кішкентай бұзушылық, қоғамдағы тиімділік табалдырығын төмендетеді.

Қазір, қоғам үшін жалпы пайдалану орындарын ластау, саябақтарды, гүл бағын, сонымен қатар коммуналдық қалдықтарды көрінген жерлерге төгу тыйым салу дәрежесіне көшті.

Міне, бүгін сіздердің алдарыңызда «Барыс» қоғамдық бірлестігі мүшелері мектебімізде өтіп жатқан «Өзіңнен баста!» акциясына орай «Өзіңнен баста, басқаға үлгі болсын» тақырыбында «TEDxNIS Ұзынкөл» клубы жаңа жоба ретінде өз жұмысын бастайды.

Бұл шарада құқықтық ақпараттар аласыз, яғни таратуға тұрарлық идеяларын ұсынады, сіздер өз пікірлеріңізді қосып отырады деп сенеміз.



/ Музыка ойнайды, қатысушылар ортаға шығады/

Зауреш:

TEDx NIS Ұзынкөл клубы жаңа жоба ретінде өз жұмысын бастайды.

Баймырза:

Бұл жобаға қатысудағы басты мақсатымыз:

Перизат:

  • Ғылыми – зерттеу ісімен айналысу

Арман:

  • Әріптестік қарым-қатынастармен шешендік өнерімізді дамыту

Асылжан:

  • Алуан түрлі көзқарастармен пікірлерге деген құрметті қалыптастыру

Шамшырақ:

  • Сондай-ақ, өзімізге ұнаған тақырыптарды TED форматында баяндама жасау.

Досымжан:

  • Балалар! Үздік идеялар / иесі болайық !- бәрі бірге

айтады/

Алина:

Бүгінгі таратуға тұрарлық идеяларымыздың тақырыбы

Бәрі бірге: Ұсақ құқық бұзушылық


/Қатысушылар сол қалпында тұрады, сөйлейтіндер ортаға шығады, орындарын ауыстырып тұра береді кезекпен/


1 оқушы: Шамшырақ Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған. Ал енді «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен анықталған құқықбұзушылықтарды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің баптарына қысқаша тоқтала кетейік.

2 оқушы: Баймырза

 387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру

 3 оқушы: Асылжан

336-4-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болу.

4 оқушы: Рауан

      336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу

 5 оқушы: Досымжан

336-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу

6 оқушы: Зауреш

333-бап. Тыныштықты бұзу

      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу

7 оқушы: Алина

330-бап. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер


8 оқушы: Арман

311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу

 9 оқушы: Нұрбол

112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру

10- оқушы: Перизат Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру, кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән беріп, жауапты міндеттер жүктеді.

Бәрі бірге: Ұсақ бұзақылыққа төзбесең, үлкен қылмыстың алдын аласың



/Қатысушылар үстел басына отырады/




«Таратуға тұрарлық идеялар» деген айдармен өткізіліп отырған шараның басты мақсаты – қалың көпшілікке қызықты, маңызды идеяларды жеткізіп тарату. Сондықтан,қазір бүгінгі TEDx NIS Ұзынкөл клубының қатысушылары өздеріне ұнаған тақырыптарында баяндама жасайды.

1.Шамшырақ – «Мәдени жетістіктерді қолдану»

2. Зауреш – « Тыныштықты бұзу»

3. Алина – «Тәртіп және жауапкершілік»

4. Асылжан – «Мәдени орындардағы тәртіп»

5. Досымжан – «Табиғат тазалығын сақтау»



Ал, құрметті ұстаздар,оқушылар клуб қатысушылары сіздерге өз идеяларын таратты, енді не түйдіңіздер, сіздер де пікірлеріңізді қосыңыз.

/ Залдағы оқушылар мен ұстаздар сөз сөйлейді/

Пікірлеріңізге рахмет,енді оқушылар , бүгінгі таратылған идеялар негізінде ҮНДЕУ топтастырайық, не істеуге болмайды деп ой түйдіңіздер?

/ оқушылар өз қорытынды сөздерін айтады/

Оқушылардың айтулары бойынша төмендегі ҮНДЕУді топтастырып шығардық.

ҮНДЕУ

"- Бойымызда ұлттық құндылықтарды дарытуға;

- Қасиетті де құтты мекеніміз –Ұзынкөл ауылының дамуына өзіміздің үлесімізді қосуға;

- Отбасылық құндылықтарды сақтауға, оны күшейтуге;

- Отан алдындағы әскери борышымызды абыроймен өтеуге;

- Құқық бұзушылық пен ұсақ тәртіп бұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеуге және олардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізуге;

- Бойымызда радикалды идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастыруға;

- Шылым шегу мен алкогольдік өнімдерден және денсаулыққа зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстауға, сондай-ақ оларға қарсы жұмыс жасауға;

- Қайырымдылық және экологиялық акцияларға белсенді қатысуға;

- Салауатты өмір салтын ұстануға;

- Адал еңбек етіп, бойымызда адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуға шақырамыз.


Қорытынды:

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жаңа заман талабына сай бейімделуге,қисық жолдан аулақ болуға, жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық.

Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс - орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеу-меттік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары



мен бостандықтары» деген қастерлі сөз бар. Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықта-рын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.    

Тек қылмыстық істер ғана емес көшедегі тәртіпсіздіктер де құқықбұзушылыққа әкеледі.





Ескерту:

TED (ағылш. Technology Entertainment Design; Технология, Ойын-сауық, Дизайн) – бірегей идеяларды таратуды («ideas worth spreading») мақсат тұтқан, жыл сайын конференциялар ұйымдастырумен айналысатын  жоба.  [1].«Таратуға тұрарлық идеялар» деген айдармен өткізілетін конференцияның басты мақсаты – қалың көпшілікке қызықты идеялардыжеткізіп тарату. TED міндеті – идея тарату, идея аясында тегін білім беретін, ойшылдар ойынан шабыт алатын бір-біріне жақын қауымдастық құру. Идея адамның құлқын, өмірін өзгерту арқылы әлемді өзгерте алады.. Аталған конференцияларда мектептің үздік ойшылдары бір ортаға тоғысып, өздерінің ең маңызды ойлары мен көкейкесті мәселелерін айтады.











1,2



10,3

4,9

8,5

6,7

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!