Материалдар / ОЗП көркем еңбек ұл балалар тест
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОЗП көркем еңбек ұл балалар тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек ұл баларға арналған тест жауабымен. Осыдан келіп жатыр. Өзім өттім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Шілде 2024
501
2 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.Ландшафт дизайны тоғыстырады. ӨНЕР МЕН ҒЫЛЫМДЫ.

2.Электр шамдарының негізгі түрлері. ЖАРЫҚ ДИОДЫ.

3.Қаңылтыр сандық бетіне қолданылатын жез қалыңдығы. 0,5-0,8мм

4.Ағаш тесетін бұрғы диаметрі. 0,1-80

5.Қастеев «Ана бейнесі» картинасындағы әйел бас киімі. КИМЕШЕК.

6.Сәндік-қолданбалы өнердегі көркем өңдеу кезінде қолданылатын әдіс. БАСЫП БЕДЕРЛЕУ

7.Цилиндр,конус,фасонды дайындамаларды өңдеуге, тесік бұрғылауға және операцияларды орындауға арналған білдек. ТОКАРЛЫҚ БІЛДЕК

8.Тері бұйымдарын тігу үшін қолданылатын жіп. ЫҢЫРШАҚ ЖІП

9.Шартты белгілермен электр тізбегін бейнелеу. СҰЛБА

10.Белгі қоятын және өлшеуіш аспаптар. ШТАНГЕНЦИРКУЛЬ, КЕРНЕР, БЕЛГІ ҚОЯТЫН ЦИРКУЛЬ, КРОНЦИРКУЛЬ.

11.Шертердің шанақ түбі жалпақтығы. 140мм

12. Сәндік мақсатта оптикалық сызықтар мен құбылмалы бояу әсерлері қолданылған өнер стилі ОП АРТ

13. «Штепсель» термині мағынасы. ТЫҒЫН

14.Жалпы және жұмыс жарығы үшін қолдану қалыптаспаған жарық. ДЕКЛОРАЦИЯЛЫҚ

15.Аспанда қанаттарына жанасып өтетін ауа ағыны қалыптастыратын көтергіш күш арқылы ұшады. ПЛАНЕР

16.Жасалатын композицияның барлық құрамдас бөліктерінің ортақ бір идеяға бағынуы. ТҰТАСТЫҚ

17.Бедерлеу қандай құралдармен жүзеге асады. БАСПАҚҰРАЛ

18.Былғары теріні кескенде қолданатын қолөнер шеберінің пышағы. ҚИҒАШ ПЫШАҚ

19. Киіз үй интерьеріне әсемдік сыйлайтын сәндік зат.БАСҚҰР

20.Ландшафт дизайнының қызметтерінің бірі. ТАБИҒАТТЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ СӘЙКЕСТІГІ.

21.Экстерьердегі ландшафтыны сәндейді. ГҮЛЖИЕК

22. Интерьердегі сәндік бұйымдардың адамға қызметі. ЖАҒЫМДЫ АХУАЛ ЖАСАЙДЫ.

23.Интерьерге сағатты қолдан жасағанда қолданылатын материал. ӘН ПЛАСТИНКАСЫ.

24. «Металл» сөзі қай тілден шыққан? ГРЕК

25.А дәрумені көру жүйесінежақсы әсер етеді. БАУЫР.

26.Бүкіл ағзаны салқындаудан сақтайды.МАЙЛАР.

27.Жаркент мешіті салынды. 1892Ж

28.Планердің құйрығы қандай элементтерден тұрады? СТАБИЛИЗАТОР МЕН КИЛЬ

29.Ежелгі Мысырдан шыққан үстел ойыны. СЕНЕТ.4000ж

30.Үндістандағы Тәж-Махал кесене-мешіті салынған ғасыр. ХVІІ Ғ

31.Мыстың түсі. ҚЫЗҒЫЛТ

32.Ұрмалы соқпалы аспаптар неше топқа бөлінеді? 2 ТОП 1.МЕМБРАНОФОНДАР. 2.ИДИОФОНДАР.

33.Натюрморт француз тілінен аударғанда мағынасы? ӨЛІ ТАБИҒАТ.

34.Зергер Берік Әлібайдың алған наградасы. ФЕБЕРЖЕ

35. «Үнді қызы» картна авторы АСЛАМАЗЯН

36.Модельдің қанаты мен киль және стабилизатор қай бөлікке жатады? ҚҰЙРЫҚ

37.Ток күшін өлшейтін аспап. АМПЕРМЕТР

38.Аңдар мен жануарлар әлеміне шығарма жазған суретшілілер. АНИМАЛИСТ

39.Бейнелеу өнерін игерудің «Канондық әдісін» пайдаланған ежелгі өркениет елі. ЕГИПЕТ

40.Қазақ қолөнерінде шеберлерді 4 топқа бөледі. 1.ШЕБЕР. 2.ҰСТА. 3.ІСМЕР. 4.ЗЕРГЕР.

41.Суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем. КӨКЖИЕК СЫЗЫҒЫ.

42.Портрет жанрның гүлденген дәуіріндегі ұлы суретші. РЕМБРАНДТ, ПИКАССО, ГЮГО.

43.Сәулетші мен мүсіншінің шығармашылық бірлестікті қамтитын мүсін өнерінің туындысы. МОНУМЕНТТІК ЕСКЕРТКІШТЕР.

44.Бейнелеу өнерін ғылыми негізде игеру мен даму идеясы бастау алған дәуір. ҚАЙТА ӨРЛЕУ

45.Ағашқа ашық және жабық тесік жасайтын құрылғы. БҰРҒЫЛАУ БІЛДЕГІ

46.Тегістелген сүйір пішінді формалар, иілген өрнек, сыртқы әсемдік. МОДЕРН ІХ-ХХғ

47.Түрлі стильдік элементтердің үйлесуі.Алып,сәнді элементтердің көптігі.ЭКЛЕКТИКА. ІХ-ХХғ

48.Дрель сөзі қай тілден шыққан? НЕМІС.

49.Материалдарды, дайындамаларды, фанерді кесіп алуға арналған. ДӨҢГЕЛЕК АРАЛЫ БІЛДЕК.

50.Суретте стильдеуге жол берілген натюрморт. СӘНДІК НАТЮРМОРТ.

51.Айбындылық, бекзаттық, қарапайымдылық, біріңғай ритм, симметрия, сәндік, салтанаттылық. КЛАССИЦИЗМ.

52.Қуыршақ камераның алдына қойылып, бірнеше рет суретке түсірілетін көлемді анимация түрі. ҚУЫРШАҚ АНИМАЦИЯСЫ.

53. Аяқ киімді майлаудан бұрын не істейді? ШАҢНАН ТАЗАРТАДЫ.

54. Қазақша баламасы дәрумен болған «витамин» сөзін тапқан биохимик Казиммир Функтің елі? АМЕРИКА

55. Дәнекерлеу температурасы. 50-1000С

56. Дайындамалардың және машиналардың тетіктерін жасауда қандай тәсіл кең тараған? ҚҰЙМА

57.Алюминий қорытпаларының өңделуі. ҚЫСЫМ МЕН ҚҰЙМА

58. Суда еритін қою бояу. ГУАШ

59. «Пирография» грек тілінен аударғанда.. ОТ ЖӘНЕ ЖАЗУ,ОТПЕН СУРЕТ САЛУ.

60. Матаны күйдіру арқылы безендіру. ГИЛЬОШИРЛЕУ.

61. Поп арт суретшілері. Д.Джонс,Р.Раушенберг. Э.Уорхол. Р.Лихттенштейн.

62. Өру өнері. МЫСЫР.

63.Жүн, сүйек, қауырсын, тері.т.б. ЖАНУАРТЕКТІ.

64. Тас, қабыршақ, құм, саз.т.б МИНЕРАЛДЫ.

65. Жапырақ, бүр, жаңғақ, сабан.т.б ӨСІМДІКТЕКТІ.

66. Зергер ең көп қолданатын материал. КҮМІС

67. Материалдардытехникалық қолдануына қарай пішіні өзгерген, пісірілген, қақталатын және тағы бір түрі...ҚҰЙЫЛҒАН.

68. Қазақстандық заманауи суретші Бақытнұр Бүрдесбеков туындысы. «СЫРҒАЛЫ ҚЫЗ»

69. Бүрдесбеков «Сырғалы қыз» атты туындысында қазақ қызының сұлулығына тамсанып, қиял кейпін жасады. ДАЛА ХАНШАЙЫМЫ.

70. Бүрдесбеков «Сырғалы қыз» таңғажайып үйлесімділікке қол жеткізген.САЛҚЫН ЖӘНЕ ЖЫЛЫ ТҮСТЕР ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ.

71. Бүрдесбеков абстрактілі тәсілді пайдалана отырып, қыздың сұлулығына шабыттанып, оны терең сезіммен баяндай келе... БОЙЖЕТКЕННІҢ КӨЗІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРДІ.

72. Бүрдесбеков «Сырғалы қыз» туындысында қазақ қызының сырға толы көзқарасын, момындығы мен нәзіктігін көрсете білді. ӘРТҮРЛІ РЕҢКТЕР МЕН СӘУЛЕ ШАҒЫЛЫСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ТҮС ПЕН ЖАРЫҚ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗГЕН.

73. Түс шеңберін ойлап тапқан. В.М.ШУГАЕВ.

74. Натюрморт түрлері. СӘНДІК. АБСТРАКТІЛІ. РЕАЛИСТІК.

75. Ою-өрнектің зооморфты ою түрі. ҚОСМҮЙІЗ.

76. Бабажан қатын кесенесі формасы. ТЕКШЕ.

77. Анимация деген не? ЖАН БІТІРУ.

78. Пәтер электр жабдықтарының түрі. ЭЛЕКТР САНАУЫШ.

79. Пирогарфия үшін хирургиялық аппаратты қолданды. ІХ Ғасыр соңы, ХХ Ғ басы.

80.Электр желісіне қыздыру лампышкасын қосуға арналған құрылғы. ЛАМПЫШАЛЫҚ ҚЫСҚЫ

81. Меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке ЖАРТЫЛАЙ КӨЛЕҢКЕ.

82. Жарықтың аса мол түскен жері. ЖЫЛТ.

83. Бірнеше электр өткізгіштерін түйістіруге арналған тіктөртбұрыш немесе дөңгелек пішінді пластик құты. ТАРАТҚЫШ ҚҰТЫ.

84. Электр тізбегін тұйықтау және тоқтату үшін қажет құрылғы АЖЫРАТҚЫШ.

85. Желдеткіш АУА САЛҚЫНДАТҚЫШ, АУА ТАРАТҚЫШ.

86. Алюминий, титан, мольибден металдың қай түріне жатады? ЖЕҢІЛ

87. Электр қозғалтқыш арқылы жұмыс істейтін құралдар. ЭЛЕКТР ҚОЛ ҚҰРАЛДАРЫ БҰРҒЫ.

88. Түсті металдар 4 ке бөлінеді. 1.ЖЕҢІЛ. 2. АУЫР. 3.АСЫЛ. 4.СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН.

89. Қорғасын, мыс, мырыш түсті металдың қай түріне жатады? АУЫР.

90. Тоқылған сәндік бұйым. ШІЛТЕР

91. Металды таза күйінде емес басқа металл мен немесе бейметалмен қосындысынан тұратын күрделі зат. ҚҰЙМАЛАР.

92. Гүл шоқтарын немесе жас бұтақтардан арнайы ыдыстарда композиция құру және оларды интерьерге орналастыру өнері. ИКИБАНА

93. Қазақ халқының өрнектермен безендірілген ежелгі ұрмалы аспабы. АСАТАЯҚ

94. Жақтаулы даңғыралар тобына жататын соқпалы музыкалық аспап. ТАМБУРИН.

95. «Аласапыран» линогравюрасының авторы кім? Т. ОРАЛБЕКОВ. Немесе Т.ОРДАБЕКОВ

96. Алыптық, ауырлық, айбарлылық, басыбайлылық сипат. РОМАНДЫҚ.

97. Тірек,витраждармен көмкерілген еңгезердей ойықтар. Жеңілдік, үлдірлілік, көкке ұмтылу. ГОТИКАЛЫҚ

98. Кеңістік құрылымдарының алыптығы, ауқымды өлшемдер.КАНОНДЫҚ.

99.Үйлесім, жеңілдік, қарапайымдылық, адамның тұрпатына сәйкестік, қолдануға ыңғайлылық, рационалдылық, салтанаттылық. КЛАССИКАЛЫҚ.

100. Симметриялық, үйлесімдік, біркелкілік, формалардың геометриялық сәйкестігі. РЕНЕССАНС

101. Метрді, см-ді өлшейтін құрал. ӨЛШЕУ ТАСПАСЫ.

102. Кебеженің атқаратын қызметі. АЗЫҚ-ТҮЛІК САЛУҒА АРНАЛҒАН.

103. Алғашқы мултьфильм авторы ҚР Ә.ХАЙДАРОВ.

104. Зергердің балқытып жасау әдісі. ҚҰЮ

105. Пейзаждағы алдыңғы план. ҮЛКЕН,ТҮСІ ЕРЕКШЕ ҚАНЫҚ БОЛАДЫ.

106. Киіз үйді неге жабады? СУЫҚТАН ҚОРҒАУ ҮШІН

107. Суда еритін бояу. АКВАРЕЛЬ

108. Күйдіру әдісі МАТА немесе ТЕРІ

109. Қанат, киль, стабилизатор неге бекітіледі? ФЮЗЕЛЯЖҒА

110. Линогравюра-линолеумге. Ксилография-ағашқа, Офорт-металға, Литография-тасқа.

111. Торсық қандай малдың терісінен жасалады? ЖЫЛҚЫ

112. Өндірісте штангенциркульден басқа дәл өлшем алу үшін қандай аспапты қолданады? МИКРОМЕТР

113. Ара қайрайтын егеу түрі. ҮШ ҚЫРЛЫ ЕГЕУ.

114. Жүйелі түрде қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған нақыш ОЮ-ӨРНЕК

115. Интерьер стилі ПСЕВДОАФРИКАЛЫҚ

116. Кенбаев 1963 ж қандай награда алды? ҚҰРМЕТ ОРДЕНІ.

117. Кенбаев шығармасы ӘҢГІМЕЛЕСУ

118. «Асауға құрық салу» түсі АШЫҚ және ЖЫЛЫ түстер.1957ж.

119. «Музыкант» шығармасы немен боялған? МАЙЛЫ БОЯУ. 1950ж.

120. Қазақстан бейнелеу өнеріне үлес қосқан суретші. М.КЕНБАЕВ.

121. Акадимизм, қалыптылық, сызықтардың айқындылығы, айбындылық. Еңгезердей формалардың әскери нышандармен сәйкесуі. АМПИР.

122. Әлемдегі ең ірі даңғыра салмағы. ҮШ ЖАРЫМ ТОННА.

123. Пирографиямен айналысатын атақты суретші. РЕМБРАНД.

124. Әйелдердің дәстүрлі әшекейлерінің бірі-сырға. Сырғаның көп таралған түрі. АЙ СЫРҒА.

125. Сәулет өнері стилі неше топқа бөлінеді? 2 ТОП. 1.ТАРИХИ. 2.ЗАМАНАУИ.

126. Интерьер стилі. 3 топ. 1.ЭТНОСТИЛЬ. 2. ТАРИХИ. 3.ЗАМАНАУИ.

127. Материалды біріктіруге қолданылатын тұтқыр зат. ЖЕЛІМ.

128. Шығармашылық жұмыста қолданылатын бояу түрлері. ГУАШЬ, МАЙЛЫ БОЯУ, АКВАРЕЛЬ.

129. Натюрморт қай ғасырда пайда болды? ХVІІ Ғ.

130. Әртүрлі энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы. ТОК КӨЗІ.

131. Ғимараттың көркемдік, сәулеттік психологиялық және түстік шешімі табылған кеңістік. ИНТЕРЬЕР.

132. Ауыл өмірінің қарапайымдылығын көрсететін интерьер дизайн стилі. КАНТРИ.

133. Көлік құралы бөлшектерін жасау үшін алдымен қандай жұмыс орындалады? НОБАЙ.

134. Жарнамалық сурет. ПЛАКАТ

135. Заттың тозбауына әсер етеді. ЛАКТАУ.

136. Киіз үйді жылытатын бұйым. ТҰСКИІЗ

137. Барлық параллель сызықтар түйісетін нүкте. ТҮЙІСУ НҮКТЕСІ.

138. Интерьерді безендіру үшін қолдануы мүмкін. ЖАРЫҚТАНДЫРҒЫШ.

139. Зергерлік бұйымды балқыту әдісімен безендіру. ҚҰЮ немесе БҮРШІКТЕУ.

140. Интерьердің сәндік заттарын дайындау үшін керекті техника стилі. КЕСКІНДЕУ.

141. Жолаушылардың құнды жүк пен почта жүгін мыңдаған шақырымға тез жеткізу үшін қолданылатын көлік. ҰШАҚ

142. Киіз үй сәулетінде қолданылатын заттар. СҮЙЕК.

143. Бөлшектерді пішіндерге құю әдісімен жасауда қолданылатын пластмасса. АКРИЛ

144. «Композиция» латын сөзі. Мағынасы. ОЙЛАП ШЫҒАРУ,ҚҰРАСТЫРУ.

145. Қарама – қайшы рең немесе бояу. КОНТРАСТ

146. Шыны немесе мөлдір пластикпен жасалған ыдысқа отырғызылған өсімдік композициясы. ФЛОРАРИУМ

147. Экстерьер ұғымына жатады. ЛАНДШАФТ.

148. Натюрмортта заттар сызбаланып суреттеледі. АБСТРАКТІЛІ НАТЮРМОРТ.

149. Шанышқымен тамақтану дөрекілік болып табылады. ТАЙЛАНД

150. Жазықтық бетіндегі кеңістіктің тереңдігі. ПЕРСПЕКТИВА.

151. Батальдық жанр қай ғасырда қалыптасты? ХVІ Ғ.

152. «Томирис», «Сақтар», «Оғыз хан», «Абылай хан», «Әбілқайыр хан» кариналарының авторы. АҒЫМСАЛЫ ДҮЗЕЛХАНОВ.

153. Театр қуыршақтарының түрлері. ЖОҒАРҒЫ, ТӨМЕНГІ, ОРТАҢҒЫ, КӨЛЕҢКЕЛІ.

154. Амандос Ақанаевтың авангардтық жұмысы. «СӘУКЕЛЕ», « ҚОНЫС».

155. Фотосуретші. «Құрмет орденімен», « ҚР 10жыл» медалімен марапатталған. «Алтын самрұқ» иеленген. ИОСИФ БУДНЕВИЧ.

156. Фотосуретші. Отандық және шетелдік көрмелерге қатысқан.Портреттік түсірілім, жаранма. АРМАН ЖЕНИКЕЕВ.

157. Фотосуретші. «ProPhoto Agency» фотостудиясын құрған. ФАРХАТ ҚАБДЫҚАЙЫРОВ.

158. «Томирис» шығармасы қандай реңкпен салынған? АШЫҚ РЕҢК

159. Мүсін пішініне қарай. БЕСКЕ

160. Мүсін қолданылуына қарай. ҮШКЕ

161. Пейзаж қай елде пайда болды? VI Ғ ҚЫТАЙ.

162. Сурет шынайыға мейлінше ұқсас. РЕАЛИСТІК НАТЮРМОРТ.

163. Көркем туындылар ою, сомдау, құю арқылы жасалатын пластикалық өнер түрі? МҮСІН ӨНЕРІ.

164. Құрылымдық материалдар неше топқа бөлінеді? МЕТАЛДАР, БЕЙМЕТАЛДАР, КОМПОЗИТТІК МАТЕРИАЛДАР.

165. Жарық энергиясы электр энергиясына айналады. ЖАРЫҚТЫҚ ТОК КӨЗІ.

166. Механикалық энергия электр энергиясына айналады. МЕХАНИКАЛЫҚ ТОК КӨЗІ.

167. Химиялық реакция нәтижесінде ішкі энергия электр энергиясына айналады. ХИМИЯЛЫҚ ТОК КӨЗІ.

168. Жарықтандырушы шамдарды энергия көзіне жалғауға арналған. ШАМНЫҢ ПАТРОНЫ.

169. Электр аспаптарын электр желісіне қауіпсіз және сенімді жалғауға арналған құрылғы. ЭЛЕКТР РОЗЕТКАСЫ.

170. Ағашты абразивті материалдар қолданылатын білдек. АЖАРЛАҒЫШ БІЛДЕК.

171. Киіз үй сүйегі. АҒАШ. ШАҢЫРАҚ, УЫҚ, КЕРЕГЕ, ЕСІК.

172. Бетон қабырғадағы тесіктерге қондырылады. ДЮБЕЛЬДЕР

173. Қылқан жапырақты ағаштардан дайындалған бөлшектерді желіммен жабыстыруға неше сағ. 12-18 сағат, Жапырақты ағаш бөлшектерді 24 сағ.

174. Айвазовский «Орыс өзені» қандай жанрға жатады? ПЕЙЗАЖ.

175. Колорит деген не? (Итал, латын –түс,реңк,бояу). (Колор –түс,ритм-үйлесім) ТҮСТЕРДІҢ ҮЙЛЕСІМІ.

176. Тұтынушымен байланыстырады. ШТЕПСЕЛЬҚЫСҚЫ.

177. Кенеп ретінде ұлу қабыршағын, көбелек қанаттарын, кофе дәнін.т.б. қолданады, бояуларды қолмен араластырады.Қай суретші туралы. ХАСАН КЕЙЛ-түрік суретшісі.

178. Әбілхан Қастеев атындағы музейде неше зал бар? 12.

179. Дизайн сөзі қай тілден алынған? ИТАЛЬЯН. Жоспар,ой,ниет,мақсат,эскиз,өрнек,үлгі деген мағына береді.

180. Заттың өзін өзгертпестен, оның көлемі мен пішініне өзгеріс беретін өңдеу түрі. АҒАШТЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ.

181. Ағашты қаралай жону үшін қолданылатын жартылай дөңгелек пішінді қашау. РЕЙЕР.

182. Екі жағынан да жақсы қайралған, ағашты тазалай жону үшін қолданылатын пышақ-қашау. МЕЙСЕЛЬ.

183.Топырақ өңдейтін мәшинелер. СОҚАЛАР, ҚОПСЫТҚЫШТАР, СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР.

184 Егетін мәшинелер. СЕПКІШТЕР, ОТЫРҒЫЗУ МӘШИНЕЛЕРІ.

185. Егінге күтім жасайтын мәшинелер. ЖАҢБЫРЛАТҚЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАР,БҮРІККІШТЕР.

186. Жинайтын мәшинелер. КОМБАЙНДАР, ДЕСТЕЛЕГІШТЕР, ШӨПШАПҚЫШТАР.

187. Электр тогының кедергісін өлшейтін аспап. ОММЕТР.

188. Кернеуді өлшеуге арналған аспап. ВОЛЬТМЕТР.

189. Вольтметр, амперметр, омметрдің міндетін өзі атқара алатын электрөлшегіш аспап. МУЛЬТИМЕТР.

190. Аса ұзын дайындамаларды токарлық білдектің айналдырығына бекітуге арналған сайман. ҮШТІСТІК.

191. Үлкен көлемдегі астықты сақтау мүмкіндігі бар ғимарат. ЭЛЕВАТОР.

192. Көшедегі қабырғаларда бояулармен, сиялармен салынған жазулар немесе бейнелер. ГРАФФИТИ.

193. Визуалды сөзінің мағынасы. (латын) КӨРНЕКТІ.

194. Индустриалды пейзаж. ЗАУЫТ, ФАБРИКА, БӨГЕТТЕР, ЭЛ СТАНЦИЯЛАРЫ.

195. Интерьерге арналған көлемі бойынша шағынмүсін. ҚОНДЫРҒЫЛЫ.

196. Үлкен көлемді мүсін көше және алаңдарда орналастырылады. МОНУМЕНТТІК.

197. Балшық не тастан жасалған көлемді суретке ұқсас жазықтықтағы сурет. БЕДЕР.

198. Өз көлемінің жартысынан кем шығыңқы, төмен бедер. БАРЕЛЬЕФ.

199. Өз көлемінің жартысынан артық шығыңқы, биік бедер. ГОРЕЛЬЕФ.

200. Тереңдетілген (үңгіленген) бедер. КОНТРРЕЛЬЕФ.

201. Қуыршақ түрлері. САУСАҚТЫ.ТАЯҚШАЛЫ.МАРИОНЕТКА.

202. Ши неге қолданылмайды? АТҚА ЖАБУ РЕТІНДЕ.

203. Зергерлік бұйымдарын жасаған кезде, формасын алу үшін не істеу керек? ҚҰЮ.

204. Бізді қоршаған әлемнің тартымдылық қасиеттерін құрылымдау және көркемдеп жобалау. ДИЗАЙН.

205. Ағашты 90,45 градус кесетін құрал. СТУСЛО.

206. Ток көзі. СТАБИЛИЗАТОР, ГАЛЬВАНИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТ, БАТАРЕЯ.

207. И.К.Айвазовский «Одессадағы айлы түн» шығармасы қандай жанр? МАРИНА.

208. Калорит. ЕҢ БАСЫМ БОЯУ ТҮСІ.

209. Калорит. БОЯУ ЕРЕКШЕЛІГІ.

210. Кескіндеме өнерінде жиі қолданылады. БОЯУЛАР.

211. Заманауи интерьерде жарықтың бірнеше түрі қатар қолданылуы мүмкін. Ол қандай жарық? БІРІКТІРІЛГЕН ЖАРЫҚ.

212. Портрет жанрында тұлғаның мінезі мен ішкі рухани кемелдігін айқындап көрсететін түрі. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТ.

213. Ахроматикалық түстер. ТҮССІЗ.

214. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайға қай жылы суретші есімі берілді? 1984 ж.

215. Кескіндеменің бейнелеу құралдарын күшейту үшін аппликация қолданылады. ОРФИЗМ.

216. Жеңіл металл. АЛЮМИНИЙ, ТИТАН, МАГНИЙ.

217. Пластикалық өнер түрі. СӘУЛЕТ ӨНЕРІ, МҮСІН ӨНЕРІ, ГРАФИКА, КЕСКІНДЕМЕ, СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР.

218. Жылы түстер. ҚЫЗЫЛ, САРЫ, САРҒЫШ.

219. Суық түстер. КӨК, ЖАСЫЛ, КҮЛГІН, КҮҢГІРТ, КӨМЕСКІ, СОЛҒЫН.

220. Бір түстің түрлі көрінуі, бір түстен келесі түске өтуі. РЕҢК. (Италия)

221. Интерьер затын дайындауда қолданылатын материал. АҒАШ.

222. Көрмеге зат дайындау үшін не істеу керек? КӨРКЕМДЕП БЕЗЕНДІРУ.

223. Адамның ойлап тұрғанын салу, бір жағымен салу. КАМЕРАЛЫҚ.

224. Сусын қөятын ыдыс. ТОРСЫҚ.

225. «Қымыз» натюрмортының авторы кім? Г. ЫСМАЙЫЛОВА.

226. Бұл жанр арқылы адамның өмірін, ойын, көңіл-күйін, әдет-ғұрпын, тұрмысын бейнелеуге болады. ПОРТРЕТ.

227. Көрменің түп негізі-жәрмеңкенің өткені туралы алғашқы дерек тіркелген ел? ПАРИЖ.

228. Демалуға және көңіл көтеруге арналған техника. РАДИОҚАБЫЛДАҒЫШ.

229. Дүзелханов «Томирис» бейнесін суреттеуде көп ізденді. Жау оғына көкірегін тоса шайқасқан Томиристің жасақтарының арасында әйелдерден құралған сарбаздар болды. Олар... ҚАhАРМАН ҚЫЗДАР.

230. Токарлық білдекте жону әдісімен ағаштан безендірілген тұрмыстық бұйымдарды жасау. КӨРКЕМДЕП ЖОНУ.

231. Илемдік материалдарға қолдың немесе көмекші құралдардың көмегімен пішін беру. СОМДАУ.

232. Былғарыдан тұрмыстық, сәндік мақсаттағы бұйымдар жасау. БЫЛҒАРЫНЫ КӨРКЕМДЕП ӨҢДЕУ.

233. Металдан көркем безендірілген бұйымдарды соғып жасау. КӨРКЕМ СОҒУ.

234. Жабайы және үй жануарларының терісінен жасалатын сыртқы киім. ТОН.

235. Аяқ киімнің қонышы биік болатын түрі. САПТАМА ЕТІК.

236. Қазақ қолөнерінде ши тоқыманың 3 түрі болған. 1.ӨРЕ ШИ, 2.ШАБАҚ ШИ, 3. ШЫМ ШИ.

237. Қалыңдығы 100 мм-ге дейін, ал ені қалыңдығынан үлкен болатын жалпақ ағаш материал. ТАҚТА.

238. Қалыңдығы және ені 100 мм-ден артық болады.СЫРЫҚ.

239. Пластиктен, ағаштан және металдан тіктөртбұрыш түрінде жасалған, ішіне сұйық толтырылған мөлдір колбасы бар өлшеуіш құрал. ДЕҢГЕЙЛІК.

240. Түрлі материалдарға тесік бұрғылауға арналған қол электр құралы. БҰРҒЫ.

241.Заттық әлемді геометриялық денелер немесе пішіндердің комбинациясы түрінде бейнелейді. КУБИЗМ.

242. Әлемді тек анық суреттеп қоймай, асыра ұқсату, шынайы көрсету. ГИПЕРРЕАЛИЗМ.

243. Кенеп бетіне ақиқатқа жанаспайтын, соқыр сезімменойға келген шынайылықты бейнелейді. СЮРРЕАЛИЗМ.

244. Ақиқат болмыстың шынайы, анық, жан-жақты көрінісі. РЕАЛИЗМ.

245. Қазіргі тұрмыстық заттарды,танымал тұлғалардың әйгілі фотосуреттерін, газет қиындыларын дәл бейнелейді немесе композиция құрайды. ПОП-АРТ

246. Композиция тұрмыстық заттардан, өнеркәсіптік бұйымдар мен материалдардан, табиғат нысандарынан, көрнекілік ақпараттардан құралуы мүмкін. ИНСТАЛЛЯЦИЯ.

247. Геометриялық абстракцияның бір түрі. Локалды ашық түстермен жазылған геометриялық пішін суреті.СУПРЕМАТИЗМ.

248. Қоршаған әлем суреттерін қалыпсатқан пішінде қолданбау. АБСТРАКЦИОНИЗМ.

249. Термин қазіргі анимация мен комикстердің жазық визуалды тіліне ұғсас 2Д, 3Д форманың визуалды тілін түсіндіреді. СУПЕРЖАЗЫҚТЫҚ.

250. Портрет композициясын жіктеу. КЕУДЕЛІК, БЕЛДІК, БОЙЛЫҚ.

251. Солтүстік аймақтарда алуан түрлі ылғал мен жылу сүйгіш көкөніс, гүл дақылдарын өсіруге арналған мөлдір пластиктен жасалған бұйым? АГРОПАНЕЛЬ.

252. Қандай да бір бетті бояумен қылқаламмен безендіру. КӨРКЕМ ӨРНЕК САЛУ.

253. Бояу ерітетін тақтайша. ПАЛИТРА.

254. Қарапайым оптикалық иллюзия үлгілері. ТАУМАТРОП.ФЛИПБУК.

255. Киім мен аяқкиімге күтім жасау түрлері. ТАЗАРТУ, ЖУУ, САҚТАУ, КЕПТІРУ.

256. Сызықтық перспективаның негізгі ережесі? БАРЛЫҚ ПАРАЛЛЕЛЬ СЫЗЫҚТАР БІР НҮКТЕДЕ ТОҒЫСАДЫ.

257. Ағымсалы Дүзелханов хан, билердің бейнесін салған кезде? ӘР КЕЙІПКЕРДІҢ РУХАНИ БЕЙНЕСІН КӨРСЕТУГЕ ТАЛПЫНДЫ.

258. Шекуде қалыңдығы неше мм металл қаңылтыр қолданылады? 0,3-1,5 ММ

259. Шекіме жасау үшін қолданылатын негізгі аспаптар ұзындығы? 120,170.

260. Электрқозғалтқыштың қозғалмайтын бөлігі. СТАТОР.

261. Қозғалтқыштың айналатын бөлігі. РОТОР.

262. Ғылымның ауыл шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі. СЕЛЕКЦИЯ. (СҰРЫПТАУ)

263. Заманауи интерьер КАНТРИ, МИНИМАЛИЗМ, МОДЕРНИЗМ, ПОП-АРТ, ЭКОСТИЛЬ, ХАЙ-ТЕК, АВАНГАРД, ЛОФТ.

264. Интерьердің сәнді затын дайндау үшін СҚӨ-діңтүрлі техникаларын қолдануға болады. ҚҰЮ, КҮЙДІРУ, ШЕКІМЕ, МҮСІНДЕУ, СОҒУ, БЕДЕРЛЕУ, КЕСУ, ӨРУ, ПЕРФОРАЦИЯ, АРАЛАУ, МОЗАЙКА, ДЕКУПАЖ.

265. Адамның тіршілік ортасын қалыптастыратан ғимараттар мен құрылыстар кешені. СӘУЛЕТ ӨНЕРІ.

266. Тарихи стильге КАНОНДЫҚ, ГОТИКАЛЫҚ, РЕНЕССАНС, БАРОККО, КЛАССИЦИЗМ, АМПИР, ЭКЛЕКТИКА.

267. Заманауи стильге МОДЕРН, АРДЕКО, ФУНКЦИОНАЛИЗМ, ПОСТМОДЕРНИЗМ, ХАЙ*ТЕК, ДЕКОНСТРУКТИВИЗМ, БИО-ТЕК.

268. Бай сәндеу.Ғимараттар жапсырма, кескіндеме, мүсіндермен безендірілген. БАРОККО.

269. Симметрия, геометриялық өрнектер, жартылай тон, айқыш-ұйқыш өрнектер, даңғазалық, салтанаттылық. АР-ДЕКО.

270. Тікбұрыш формалар. Ғимараттардың қажетке сай болуы. ФУНКЦИОНАЛИЗМ.

271. Тарихи стиль элементтерін қолдану. Симметрия, мөлшерлестік. ПОСТМОДЕРНИЗМ.

272. Тік сызықтар мен формалардың пайдаланылуы. Шыны, пластик, металдың көп қолданылуы.

273. Сәйкеспейтін дүниелерді үйлестіру, мөлшерлестікті сақтамау. Қисық сызықтар. ДЕКОНСТРУКТИВИЗМ.

274. Бірқалыпты, ақпа сызықтар, ағынды фактура, бір-бірінен бөлініп шығатын жазықтықтар, бір-бірін толықтыратын көлемдер. Табиғи формаларды қолдану. БИО-ТЕК.

275. Айша бибі кесенесі пішіні. ШАРШЫ.

276. Айша бибі кесенесі қай ғасырда салынды? ХІ-ХІІ Ғ

277. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қай ғасырда салынды? ХІV - ХVҒ.

278. Бабажан қатын кесенесі қай ғасырда салынды? Х-ХІ Ғ.

280. Ғимараттың өзара үйлесіп, тұтастық құрайтын ішкі және сыртқы бөлшектері .СӘУЛЕТ КОМПОЗИЦИЯСЫ.

290. Ұқсас бөліктердің нысанның осіне қатысты өзарақатаң сәйкестікте орналасуы. СИММЕТРИЯ.

291. Көлемі де, түрі де сан алуан болып келетін бөліктердің өзара тең орналасқандай болып көрінуі. АСИММЕТРИЯ.

292. Біркелкі бөліктермен пішіндердің қайталана не кезектесе орналасуы. РИТМ.

293. Нысанның биіктігі мен енінің, бөліктерінің бір-біріне, тұтас нысанға сәйкес орналасуы. ПРОПОРЦИЯ.

294. Әртүрлі бөліктердің бір-біріне ұқсатылуы, арасындағы айырмашылықты білдіртпей жіберу. НЮАНС.

295. Қарама-қарсы белгілердің байланыстырылуы. (көлбеу мен тік, ауыр мен жеңіл, жарық пен күңгірт, биік пен аласа) КОНТРАСТ.

296. Сәулет үлгілерін жобалап, жоспарлыуда шығармашылық ізденісті сурет, сызба түрінде салу. СӘУЛЕТТІК НОБАЙ.

297. Нысанның адамның тұрқымен, қабылдауымен сәйке келуі, форманың, элементтерінің айналасына, сәулет нысандарына сәйкестігі. АУҚЫМДЫЛЫҚ.

298. Негізгілермен тығыз байланысты болатын қосымша құралдар. МАТЕРИАЛДЫҢ ТҮР-ТҮСІ, ЖАРЫҚ.

299. Ғимараттың тік жазықтықпен бөлгендегі көрінісі. ТІЛІК.

300. Сәулет-құрылыс сызбаларына жатады.1. ҚАСБЕТ-СЫРТҚЫ ТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ. 2. ЖОСПАР. 3.ТІЛІК.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!