С
арыжар
«ЖОББМ»КММ
Физика пәні мұғалімі
Аяпбергенова Ляззат Мухетановна.Сыныптан тыс шара.Тақырыбы: Озық
ойлы оқушы
Мақсаты: Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін тереңдетіп,
пәнге деген қызығушылығын және танымдық қызметінің белсенділігін
арттыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Озық ойлы оқушы»
атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Зерделілер, мынау кімдер айтыңдар,
Сендерсіңдер ақыл айтар ой тыңдар. Физика ата-баба арманы,
Армандарға бір-бір барып қайтыңдар!
Халқымыз жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады.
Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сайыс сіздердің
көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы
болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, Сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз
көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын
деп, ортаға сайысқа шығатын ойыншыларымызды таныстырайық!
1.Мырзахмет Мирас – 10 сынып үздігі, «Озық ойлы оқушы» сайысының І
кезеңніңде ең көп ұпай жинаған, Физика пәнінен аудандық
олимпиаданың І орын ,Ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінің І
орын иегері
2.Балтабаев Нұржан – 10 сынып үздігі, мектепішілік
жаратылыстану-математика бағытындағы олимпиаданың жеңімпазы,
«Кенгуру-математик» сайысының жүлдегері
3.Турманова Меруерт – 9А сынып үздігі, математика пәнінен логикалық
есептерді шығаруды ұнатады, бірнеше мәрте Физика пәнінен аудандық
олимпиаданың І орын «Кенгуру-математик» сайысының жүлдегері
4.Аралбаева Перизат – 8Ә сынып үздігі, математика,физика логикалық
есептерді шығаруды ұнатады.
5.Жумашов Нурсултан– 8А сынып үздігі, физика есептерін
шығаруға қызығушылығы мол формулаларын тұрақты шамаларын жатқа
біледі.
6 .Амангелдиева Назерке- 8Ә сынып үздігі, математика пәнінен
аудандық олимпиаданың І орын «Кенгуру-математик» сайысының
жүлдегері
7.Қаратаева Әсем-9Ә математика пәнінен логикалық есептерді шығаруды
ұнатады, «Кенгуру-математик» сайысының жүлдегері
8.Балтабева Мөлдір-9Ә сынып үздігі, физика есептерін шығаруға
қызығушылығы мол формулаларын тұрақты шамаларын жатқа біледі.
9.Ербулекова Гулсая-9А сынып үздігі, физика есептерін шығаруға

Енді осы сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен
таныстырып өтейін.
1. Математика-физика, информатика пәндірінің бірлестік жетекшісі –
Абилова Камшат Акашовна
2. Математика және физика пәні мұғалімі – Жанаева Жазық
Қойшыбайқызы
3. Физика пәні мұғалімі – Жумабекова Улбосын Онгарбеккызы
Құрметті сайысқа қатысушылар, әділ баға берушілер, көрермендер
сайысымыз екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге әр сынып
оқушыларының арасынан 21 қатысушы ниет білдірген. Сол оқушылардың
арасынан оза шапқан сайыскерлер бүгінгі ІІ кезеңге қатысып,
білімдер сынамақ болып алдарыңызда тұр. Сайыскерлеріміздің І
кезеңде жинаған ұпай қоры толығымен сақталады. ІІ кезең үш турдан
тұрады.
1.Бәйге
2.Жорға
3.Көкпар
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау!
Сәт-сапар, тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып,-деп сайыскерлерімізге сәт-сапар тілей отырып
Сайысымызды бастайық.
1.Мынау сұрақ, асығыңдар келіңдер,
Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер.
Салыстырып барлығын да көріңдер,
Заңдылыққа физикалық сеніңдер.
Сонымен бірінші тур «Бәйге». Бұл кезеңде ойыншыларға тест түрінде
төрт жауап нұсқасы ортақ 10 сұрақ қойылады. Жауап беруге 10 секунд
уақыт беріледі. Жауапты сайыскерлер алдарыңда тұрған белгілерді
көтеру арқылы береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Сайыскерлеріміз дайын болса, бастайық.
1) Баскетболист допты еденге соғу арқылы жүргізіп келеді. Допқа
ауырлық күші әрекет етеді
А) Тек доп қолда болғанда В) Тек еденнен серпілгендеС) Тек еденге
соғар кездеД) Барлық жағдайда
2) Денелердің электрленуі, оның құрамына кіретін бөлшектердің ...
байланысты
А)массасына В) электр зарядынаС) энергиясынаД)
қозғалысына
3) Сұйық затты жабық ыдыста сақтайды, себебі
А) Егер ыстық болса, буланады В) Төгіліп қаладыС) Кез келген
температурада буланады
Д) Бізге солай ыңғайлы
4) Газдарда қалыпты жағдайда молекулалардың орташа қашықтығы
А) Шамамен молекула диаметріне теңВ) Шамамен молекула диаметрінен
10 есе көп
С) Молекула диаметрінен кіші Д) Дене температурасына байланысты
5) Қышқыл жаңбырлар – экологиялық апат, қай станцияның жұмысы
А) ЭлектростанцияларыныңВ) Атом станцияларыныңС) Жылу
станцияларының Д) Тасу станцияларының
6) Сұйық қайнайтын температура өзгереді, егер
А) сұйықты араластырса В) сұйықты басқа ыдысқа ауыстырса С)
сұйықтың көлемін арттырса
Д) атмосфералық қысымды өзгертсе
7) Атом электрондар айналып жүрген кішкентай ядродан тұрады.
Қазіргі заманғы физикада бұл тұжырым
А) Ғылыми модель В) Ғылыми факт С) Сенім постулаты Д) Ғылыми
постулат
8) ... мұз молекулаларының потенциалдық энергиясы азаяды
А) Балқу процесінде В) Қыздыру процесінде С) Қатаю процесінде Д)
Суыту процесінде
9) ... судың ішкі энергиясы өзгермейді
А) Булану процесінде В) Қыздыру процесінде С) Суыту процесінде Д)
Термос ішінде
10) Алмас балқығанда ... өзгереді
А) атомы В) температурасы С) тығыздығы Д) массасы
2.Ең қиыны жарыстың жорға келді,
Мықтылары қалынсың, жеңсін енді,
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көрейік ерен ерді-дей отырып турымызды
бастайық.
Бұл кезеңде оқушыларға
таңдауға алты ұяшық беріледі. Әр ұяшықта 10 сұрақтан жасырылған.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Алдыңғы кезеңде жинаған ұпай
қорларыңыз толығымен сақталады. Сұрақтарға шапшаң жауап беру керек.
Сайысты алдыңғы кезеңде ең көп ұпай жинаған ойыншы бастайды.
Сайыскерлер дайын болсаңдар бастаймыз.
№1.1)Ядро құрамы (протон, нейтрон)
2)Цельсий шкаласы бойынша мұздың балқу температурасы (0)
3)Алмас – зат әлде дене? (зат)
4)Ең алғашқы ғарышкер (Ю.А.Гагарин)
5)Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күші тең ба? (Я,
егер дене Жер бетінде тұрса)
6)Әуе шарларын немен толтырады (қыздырылған ауа, сутек, гелий)
7)Манометр нені өлшейді? (атмосфералық қысымнан төмен немесе жоғары
қысымды)
8)Тоннада қанша килограмм бар (1000)
9)Судың меншікті жылусыймдылығы неге тең? (4200)
10)Ньютонмен қандай физикалық шама өлшенеді? (күш,
салмақ)
№2.1)Ядроның заряды (оң)
2)Кельвин шкаласы бойынша судың қайнау температурасы (373)
3)Кесе – дене әлде зат? (дене)
4)Километрде қанша метр бар? (1000)
5)Термометрмен нені өлшейді? (температура)
6)Неліктен жапырақтар талдан Жерге түседі? (төмен бағытталған
ауырлық күші әрекетінен)
7)м/с қандай физикалық шама беріледі? (жылдамдық)
8)Судың диэлектрик өтімділігі (81)
9)Күн жүйесіндегі ең үлкен планета (Юпитер, Есекқырған)
10)Серпімділік күші қай кезде пайда болады? (деформация)
№3.1)Электрон заряды (теріс, 1,6*10-19 Кл)
2)Фаренгейт шкаласы бойынша судың қатаю температурасы (32)
3)Атмосфералық қысымды алғаш рет өлшеген кім? (Торричелли)
4)Қандай денелер оңай пішінің өзгертіп, көлемін сақтайды?
(сұйық)
5)Арақашықтықты қалай анықтаймыз? (жылдамдықты уақытқа
көбейтеміз)
6)Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Аубакиров)
7)Жұмыстың шапшаңдығын көрсететін шама (қуат)
8)1 калорий қанша Джоуль (4,2 Дж)
9)Қандай заттардың жылу өткізгіштігі жоғары (металл)
10)Вакуумдегі диэлектрик өтімділігі (1)
№4.1)Электрон массасы (9,1*10-31 кг)
2)Цельсий шкаласы бойынша судың қайнау температурасы (100)
3)Физика сөзі нені білдіреді? (грек: табиғат)
4)Жердің табиғи серігі қалай аталады? (Ай)
5)200 г қанша килограмм? (0,2 кг)
6)СИ жүйесінде уақыттың өлшем бірлігі (секунд)
7)Жай механизмдер (рычаг, блок, көлбеу жазықтық)
8)Пайдалы әрекет коэффициенті үнемі (1 ден кіші)
9)Дененің қозғалыс энергиясы (кинетикалық)
10) «гига» деген жалғау (109)
№5.1)Зарядтың өлшем бірлігі (кулон)
2)Фаренгейт шкаласы бойынша судың қайнау температурасы (212)
3)Динамометрмен нені өлшейді? (Күш)
4)Күн – планета, жұлдыз әлде комета. (жұлдыз)
5)Молекула дегеніміз не? (заттың кіші бөлшегі)
6)Табиғаттағы ең төменгі температура – абсолюттік нөл (-2730С
немесе 0 К)
7)Аспанда қанша Аю бар? (2)
8)Жылу мөлшерінің белгіленуі (Q)
9)Аттас зарядтар (тебіледі)
10) «деци» деген жалғау (10)
№6.1)Атом заряды (бейтарап)
2)Кельвин шкаласы бойынша мұздың балқу температурасы (273)
3)Миллиграмм грамның қандай бөлігі? (мыңнан бір)
4)Жылу үнемі беріледі (ыстық денеден салқын денеге)
5)Дененің ішкі энергиясы азайғанда оның температурасы (азаяды)
6)Электоны көп немесе аз атом (ион)
7)СИ жүйесіндіге жылдамдық бірлігі (м/с)
8)Телескопты кім жасады? (Г. Галилей)
9)Пропорционалдық коэффициенті (9*109 Н*м2/Кл2)
10)Күннің беттік температурасы (6000 К)
Осы жерден сайысымызда төмен ұпай жинаған үш ойыншымен
қоштасамыз.
3.Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Сонымен сайысымыздың ақтық кезеңіне жеттік. Бұл айналымда
сайыскерлерге үш тақырып беріледі. Әрбір тақырыпта 20, 30, 40, 50
ұпай мен бағаланатын төрт сұрақ жасырылған. Екі айналымда жинаған
ұпайларыңыз толығымен сақталады. Сайысты екі кезеңде көп ұпай
жинаған сайыскеріміз бастайды. Сайыскер қателескен жағдайда
жүргізішінің қарсыластар деген сөзінен кейін қолын бірінші көтерген
оқушы сұрақ жауап бере алады. Сайыскерлеріміз дайын болса,
бастаймыз.
Менің өмірбаяным
20 ұпай.Мені ағылшын ғалымы Томсон 1897 жылы ашты. Тәжірибе жүзінде
менің бар болуым 1909 жылы дәлелденді. Дененің ішінде ғана емес,
бір денеден екіншісіне өте алатын қабілетімде бар. Қазіргі уақытта
табиғаттағы ең кіші массалы да, ең кіші зарядты да мен боламын.
Өзімнің ішкі құрылысым туралы құпияны әзірге ешкімге ашқан емеспін.
(электрон)
30 ұпай.Мен танымал құбылыспын. Барлық үйдегі аналар да менімен
жақсы таныс, мені жеміс-жидек пен көкіністерді консервілегенде,
киім жууда қолданады. Тез буланатын заттарменде жұмыс жасағанда да
ұмытпайды, осы заттар сақталған ыдыстардын қақпағын жабады.
(диффузия)
40 ұпай.Мені дүниеге келтірген б.з.д. 250 жылы ежелгі грек ғалымы,
кейіннен екеуіміз аттас атандық. Менің өрнегім Гиерон патшасының
қойған қиын есебінен кейін табылды. Мен сұйықтағы және газдағы
денелерге әрекет етемін. Менімен ұшақтар мен кемелердің, сүңгуір
қайықтардың құрастырушылары ақылдасады. (Архимед күші)
50 ұпай.Есімім менің біреу, бірақ құрылысыма байланысты тегім
әртүрлі. Мені ойлап тапқан 1643 жылы италян ғалымы. Ол менің
көмегіммен түсіндіріп ғана қоймай, табиғаттағы маңызды құбылысты
өлшеді. Мен жер бетінде ғана пайдалы құрал емеспін, мені шахтаға
да, биік тауларға да алып шығады. (барометр)
Мақал-мәтелдер
20 ұпай.«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»
«Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді».
Осы мақалдар физиканың қай тақырыбына сәйкес келеді? (Диффузия)
30ұпай.«Ит жүгіріп тазы болмас»
«Аттыға жаяу жолдас болмас».
Осы мақалдар физиканың қай тақырыбына сәйкес келеді. (Жылдамдық.
Жылдамдық бірліктері)
40 ұпай.«Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады».
«Отқа салса темір де балқиды»
Осы мақалдар физиканың қай тақырыбына сәйкес келеді? (Заттың
агрегаттық күйлері)
50 ұпай.«Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен»
«Астарлы шапан тоңдырмас, үш өрім жіп үзілмес»
Осы мақалдар физиканың қай тақырыбына сәйкес келеді? (Жылу
өткізгіштік)
Тұлғалар
20 ұпай.«Бірінші ұстаз» атанған ғалым (Аристотель)
30 ұпай.Айға бірінші аяқ басқан ғарышкер (Н.Армстронг)
40 ұпай.«Жеті қат көкке ұшсақ та, жеті қабат жер астына енсек те»
барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан құтыла алмаймыз. Осы
сөйлемге сәйкес заңдылықты зерттеп, табиғат заңдылыңын тұжырымдаған
ғалым. (И.Ньютон)
50ұпай.Француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды
барлық жаққа бірдей жеткізетінін қай ғасырда дәлелдеді. (ХVІ
ғ.)
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділқазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады-дей отырып бүгінгі «Озық ойлы
оқушы» сайысының жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына
беріледі.
«Оқу инемен құдық қазғандай», оқушылар ізденіңдер, оқындар, білуге
талпыныңдар, сонда ғана ізденген мұратына жетеді. Келесі
кездескенше күн жақсы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Озық ойлы оқушы

шағым қалдыра аласыз