жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
озық ойлы оқушы
«Теміртау қаласы №9 мектеп – лицейі» КММ
«
Қызылорда 2011
Озық ойлы оқушы»
![]()
Ұйымдастырушы: Хавий А
Турдымуратова О А
2016-2017 оқу жылы
Күні:
Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: карточкалар, нақыл сөздер, қабырға газеттері, слайд, интерактивті тақта.
Түрі: Топтық сайыс сағаты
Типі: Ойын түрінде
Математикалық сайыстың барысы:
Сайысқа 5 «А,Ә, Б» сыныптарының өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген білімді оқушылары қатысады.
Қатысушы топтармен таныстырып өтейін:
5 «А» сыныбынан – «Логика» тобы;
5 «Ә» сыныбынан – «Жас зияткерлер» тобы;
5«Б» сыныбынан – «Математика ғалымдары» тобы.
Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныстырайық.
Эпиграф:
Арифметика – математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
I. Таныстыру
II. Тапқырлар
III. Білімділер
IV. Біліктілер
V. Алғырлар
VI. Зеректер
VII. Қорытынды
I. Таныстыру
Кезек топтарға беріледі. Сайыс шарты бойынша әр топтың ұраны, таныстыруы және төсбелгілері болуы қажет. Бағалануы – 5 ұпай.
II. «Тапқырлар» сайысының шарты бойынша сайыскерлеріміздің ойын сергіту үшін, 3 топтың әрқайсысына математикалық жұмбақтар жасырылады. Олай болса жасырылатын жұмбақ математикалық таңбалар, сандар, белгілер жайында болмақ. Мұқият тыңдайық. (Әр дұрыс жауапқа – 5 ұпайдан)
1-топ:
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой. (17)
Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар)
Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар. (теңгелер)
2-топ:
Екі егіз он алты,
Және сегіз және алты.
Жанап жүрген бір алты,
Қосындысы неше алты? (36)
Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)
Нәрселерді санағанда,
Керек бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан-жағына қарамай. (натурал сан)
3-топ:
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
Өмірің сенің қызық,
Жолыңда жоқ түзу сызық,
Басыда жоқ, аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қана бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қандай сан бар, достарым, пікір демейді. (жай бөлшектер)
III. «Білімділер» сайысы. Әр топқа логикалық есеп қойылады, ойлануға 2 мин уақыт беріледі. Бағалануы – 10 ұпай.
1-топ:
Бір кісіден «Өзіңнің және балаңның жасы қаншада?» деп сұрағанда, былай жауап беріпті: Менің әкем әрбір туған күніме бір қой сойып терісін жинап келген. Мен де баламның туған күнінде бір қой сойып терілерін жинап келемін. Биыл балам екеуміздің терілеріміз теңдей болды депті. Әке мен баланың жастары қаншада? (Әкесі 29-ақпанда туған. 4 жылда бір рет туған күн белгілейді. Баласы 10, әкесі 40)
2 ер бала 8-наурызда мектепке гүл алып шығады. Бірі екіншісіне: «Маған 2 гүл берші екеумізде теңдей болсын», десе екіншісі: «Маған сен 2 гүл берші, менде сендегіден 2 есе көп болсын» дейді. Екі баладағы гүлдер саны қанша? (10; 14)
3-топ:
«Бір оқушы қой бағатын кезегім» деп сабақтан қалып қойғанда мұғалімі қанша қойың бар?» деп сұрапты. Сонда оқушы: «Біреуі екеуінің алдында жүреді, екеуі біреуін айдап жүреді, ал біреуі екеуінің ортасында жүреді депті. Қанша қой бар? (3 қой).
IV. «Біліктілер» сайысы бойынша әр топқа 10 сұрақтан оқылады. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
1-топ:
1. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2. Бір метрде неше сантиметр бар? (100см)
3. Қай санға бөлуге болмайды? (0)
4. Жай сан деген не?
5. Бұрыс бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?
6. Ең кіші натурал сан? (1)
7. Квадраттың неше қабырғасы бар? (4)
8. Ең кіші жай сан? (2)
9. Аралас сан деп қандай санды айтамыз?
10.
+
2-топ:
1. Екі жай сан ба, әлде құрама сан ба ? (жай сан )
2. Құрама сан деген не?
3. 24-тің бөлгіштерін ата
4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
5. Бір минутта неше секунд? (60сек)
6. Тік төртбұрыштың ауданы қалай табылады?
7. Шаршы дегеніміз не?
8. 2 мен 3-тің ортақ бөлімі нешеге тең?
9. Жоқты білдіретін сан (0)
10. 
3-топ:
1. Құрамында әрпі бар өрнек? (әріпті өрнек)
2. 14-тің бөлгіштерін ата.
3. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру ережесі
4. Алымы бөлімінен үлкен сан? (бұрыс бөлшек)
5. Санау үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)
6. Жазыңқы бұрыш нешеге тең? (180)
7. Шаршының ауданын табу формуласы
8. Қосудың заңдары? (ауыстырымдылық, терімділік)
9. 3 пен 7-нің ортақ бөлімі
10.

V. «Алғырлар» сайысында әр топқа 3-тапсырмадан беріледі. 1-тапсырманы топ басшылары әділ қазылардың алдында орындайды. 2-тапсырманы қалған топ мүшелері, ал 3-тапсырма ортақ. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма 5 ұпаймен бағаланады.
1-топ:
1-тапсырма. Суреттегі төрт квадрат жасап тұрған сіріңкелердің 2-еуін орын ауыстырып бес квадрат жасаңыз.



2-тапсырма. Сандық ішінде 5 жәшік бар , әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік және қораптар құлыппен жабылған. 50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек. (7)
2-топ:
1-тапсырма. Сіріңкелерден жасалған күректегі мусорды 2 сіріңкенің орын ауыстырып шығарып тастау керек.

![]()
![]()


2-тапсырма. Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқандардың жартысындай. Шопанда барлығы неше қой бар? (480)
3-топ:
1-тапсырма. Суреттегі сіріңкелерден жасалған үй. Егер екі сіріңкені қозғасақ, үй екінші жаққа қарап тұрады.
![]()


2-тапсырма. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады: «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Қасқыр 100 балық алса, түлкі қанша алды және қаншаға көп алды?
3-тапсырма. 3 топқа ортақ бір тапсырма беріледі. Топтардың бірі тапсырманы орындап аяқтаса, сайыс тоқтатылады. Бағалануы – әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. 4 санын 4 рет пайдаланып, арифметикалық амалдар арқылы алғашқы он натурал санды қалай алуға болады?
1=(4:4)*(4:4) 2=4:4+4:4
3=(4+4+4):4 4 =4+(4-4)*4
5=(4*4+4):4 6=4+(4+4):4
7=4+4-4:4 8=4+4+4-4
9=4+4+4:4 10=(44-4):4
VI. «Зеректер» сайысында әр топқа 5-сынып «Математика» пәні бойынша есеп беріледі. Дұрыс жауап – 10 ұпай.
1 топ 2 топ 3 топ
;
2
7 - 
1. «Логика» тобы. «Математика әлемі»
2. «Жас зияткерлер» тобы. «Математика – ғылымдар патшасы»
3. «Математика ғалымдары» тобы. «Математикалық таңғажайыптар әлемі»
Ендігі кезекті сайыс жеңімпазын анықтау үшін әділқазы алқаларына берейік.
I орын.
II орын.
III орын.
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген