400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Озық ойлы озаттар » атты дарындылар додасы 3 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта оқушыларды жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, белсенділігін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, әдептілікке, ұйымшылдыққа, көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу мақсат етілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі








Сыныптан тыс шара


«Озық ойлы озаттар » атты дарындылар додасы















Класс :3

Мұғалімі:Едигина Б.














Ақтөбе қаласы 2021 ж




Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы озаттар » атты дарындылар додасы
Сабақтың мақсаты: Сабақта оқушыларды жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, белсенділігін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, әдептілікке, ұйымшылдыққа, көпшілік

алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу мақсат етілді.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақтада сайыс жүйесі, жауапқа әзірміз белгісі.


Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 – топ – «Болашақ»
2 – топ – «Бәйге»


- Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

«Озық ойлы озаттар » атты дарындылар додасы бастаймыз.


Бүгінгі сайысымызда сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін. Болашақ және Бәйге тобы

1-топ қатысушылары:

Сайлау К

Айтқали М

Ерқасымов Н

Алашбай Н

Айдархан Сезім

2-топ

Жалғасбай А

Бекжанова А

Маден А

Жолмурат А

Жания

Сайысымыздың бөлімдері:

1 - кезең «Көбелекті ұста » ойыны логикалық сұрақтарға жауап беру

2-кезең: «Мен ақынмын» Математикалық өлең есепті шешу

3-кезең: «Кім мықты?»Анаграммалар шешу.

4-кезең : «Кім жылдам? » Көңілді ребус шешу

5-кезең: «Суреттер сөйлейді» әртүрлі логикалық есептер шешу


Әр топ басшысы өз ұрандарымен таныстырады.

1 топ:

Болашақ тобы алға

Биіктерге самға

Достығымыз барма

Жүреміз тек алға

2 топ:

Озып шығып бәйге аламыз

Аты аңызға айналған

«Алғыр» бала атанып

Бізде математик боламыз.


1 - кезең «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: әр топқа 10 сұрақ беріледі. Сұрақтарға жылдам, дұрыс жауапқа

1 ұпайдан және жылдамдық ескеріледі.

1 – топ.
1. Ең кіші натурал санды ата? (1)
2. Масса бірліктерін ата? (гр, кг, ц, т)
3. Қосылғыштардың орны ауысқаннан..... (қосындының мәні өзгермейді)
4. Әлемнің екінші ұстазы атағын алған ғұлама кім? (Әл - Фараби)
5. 990: 3 (330)


6. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады? (кесінді)

7. 222 х 3 (666)
8. Миллионда неше ноль бар? (6)
9. Баласы 6 жаста, ал шешесі одан 36 жас үлкен. Шешесі шеше жаста?

10. Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды? (300)


2 – топ.
1. 1 т қанша кг бар? (1000)
2. 10 жылда неше ай бар? (120)
3. Атасы 54 жаста, ал немересі атасынан 45 жас кіші. Немересі неше жаста? (9)
4. 680: 2 (340)
5. Бір нүктесі бар сызықты қалай атайды? (сәуле)
6. Ауданы 25 см ² шаршының қабырғасы неге тең? (5)
7. 3³ нешеге тең? (27)
8. Тік бұрыш қандай бұрыштан кіші? (доғал)
9. Көлемді қалай табамыз? (a*b*c)
10. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

2-кезең: Математикалық өлең есеп

Көлден ұшты 50 қаз, 6 аламаның 2-уін

Қайтып қонды 20 қаз Досың сұрап алады.

Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі

Қане кім тез шешеді? (30 қаз) Өз қолыңда қалады. (4)


Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.

Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі

10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,

10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)

Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)


3- кезең: Анаграммалар шешу. 5 бал

1 топқа:
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.

(Мұз - тұз)

2 топқа:
«Қ» - әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»- ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.

(Қара - ара)


4-кезең : «Көңілді ребус »


5-кезең: «Суреттер сөйлейді» әртүрлі логикалық есептер шешу


- Осымен ,балалар «Озық ойлы озаттар » додалар сайысын аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып,табиғатымызды қорғай білейік,оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік , еліміздің білімді, алғыр, математик маманы бола беріңдер дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.

Қорытынды «Достар» әні

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі