400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ОЗЫҚ ОЙЛЫ ТЕМІРЖОЛШЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыстың мақсаттары: - студенттердің таңдаған мамандығына суйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын дамыту, қойған мақсатына жете білуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу; - талантты және қабілетті студенттерді қолдау және өзін-өзі көрсетулері үшін жағдай жасау; - оқу процесінде және оқудСайыстың мақсаттары: - студенттердің таңдаған мамандығына суйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын дамыту, қойған мақсатына жете білуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу; - талантты және қабілетті студенттерді қолдау және өзін-өзі көрсетулері үшін жағдай жасау; - оқу процесінде және оқудан тыс студенттермен жұмысты әрі қарай жетілдіру; - теміржолшы мамандығының мәртебесін көтеру.ан тыс студенттермен жұмысты әрі қарай жетілдіру; - теміржолшы мамандығының мәртебесін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСның БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі



КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

___________ Аймбетова Э.С. жөніндегі орынбасары

___________Ермұхан Б.Б.

«___» ________2019ж.









«ТЕМІРЖОЛ МАМАНДЫҚТАРЫ» бөлімшесі «ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» пәндік әдістемелік комиссиясының қалалық кәсіптік


Shape1


Тақырыбы: «ОЗЫҚ ОЙЛЫ ТЕМІРЖОЛШЫ»



Дайындаған оқытушылар: Қаражігітова Э.Қ, Бегманова А.




Жоспар «Тасымалдауды ұйымдастыру» пәндік әдістемелік комиссия отырысында қаралып, мақұлданды.


Хаттама№_____ «____» ___________2019ж.


ПӘК төрайымы: ___________ Тынымбаева Г.






ҚЫЗЫЛОРДА- 2019ж


ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: ОЗЫҚ ОЙЛЫ ТЕМІРЖОЛШЫ


Сайыс өтетін орны мен уақыты: И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық

техникалық жоғары колледжінің 2-ші ғимараты, 26.11.19 сағат 15-00


Сайысқа қатысушылыр: 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 3 - 4 курс студенттері


Сайыстың түрі: қалалық кәсіптік колледж аралық ??????


Сайыстың мақсаттары:

- студенттердің таңдаған мамандығына суйіспеншілігін арттыру, шығармашылық

қабілеттерін, танымдық қызығушылығын дамыту, қойған мақсатына жете

білуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу;

- талантты және қабілетті студенттерді қолдау және өзін-өзі көрсетулері үшін

жағдай жасау;

- оқу процесінде және оқудан тыс студенттермен жұмысты әрі қарай жетілдіру;

- теміржолшы мамандығының мәртебесін көтеру.


Сайыстың көрнекілігі: Техникалық оқыту құралдары: проектор, интерактивті

тақта, компьютер. Бейне материалдар, басқа да көрнекілік құралдар мен тарату

материалдары

САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗУ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі ???????

Кәсіптік интеллектуалды сайысты өткізу тәртібі:

Сайыс 4- кезеңнен тұрады:

1-кезең: «Ғажайып алаң» - студент әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық (ұпай) жүйе беріледі.

Теміржол көлігінің қозғалысын ұйымдастыру

Жол және станса құрылғысы

Техникалық пайдалану ж/е қозғалыс қауіпсіздігі

Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру

Жылжымылы құрам және пойыздар тартылыс негіздері

5

10

30

25

10

10

10

10

15

20

5

5

25

30

25

15

15

5

10

15

10

30

25

5

30

20

20

10

20

5

25

5

20

5

10

30

5

10

5

15

5

15

10

25

20

10

5

5

20

30

Теміржол көлігінің қозғалысын ұйымдастыру

(10 сұрақ)

1 . Теміржол стансаларында орындалатын қандай операцияларды техникалық операциялар дейміз?

Жауабы: - пойыздарды қабылдау, жөнелту, кідіріссіз өткізу;

- вагондарды техникалық күту ж/е жөндеу, оларды жүк тиеуге дайындау;

- локомотивтерді н/е локомотив бригадаларын ауыстыру

- вагондар құрамымен маневр жұмыстарын жүргізу.

2. Шаруашылық жүк пойыздары қалай нөмірленеді?

Жауабы: 5001-5398

3. Әр жүк пойызына беріліп анықтама парағына жазылатын индекс неше саннан тұрады ж/е ол нені білдіреді?

Жауабы: 10 саннан тұрады: алғашқы 4 сан- құрастыру стансасының коды; соңғы 4 сан – тарқату стансасының коды; ортасындағы 2 сан –құраманың реттік нөмірі

4. Технологиялық процесс дегеніміз не?

Жауабы: Технологиялық процес дегеніміз озат тәжірибе мен жаңа техниканы қолдану негізінде техникалық құралдарды тиімді пайдаланып пойыздар мен вагондарды өңдеудің тәртібі мен орындалу ретін қарастыратын станса жұмысын ұйымдастыру жүйесі

5. Маневр дегеніміз не ж/е стансада маневр жұмыстарын кім басқарады?

Жауабы: Маневр дегеніміз – пойыздар мен вагондарды өңдеу, тиеу, түсіру және басқа да операцияларды орындау мақсатында құрамдардың (вагондармен немесе вагонсыз) станса шегіндегі жүрісі. Маневр жұмыстарын стансаның маневр диспетчері басқарады

6. Қандай маневр кезінде жылдамдық 25 км/сағ –тан аспауы керек?

Жауабы: – вагондарын алдына жалғаған локомотивтің, сондай-ақ қалыпқа келтіруші және өрт пойыздарының бос жолмен жүрген жүрісі кезінде

7. Стансаларда пойыздарға техникалық қызмет көрсету (технич.обслуживание) қандай мақсатты көздейді?

Жауабы: Пойыздарға техникалық қызмет көрсету жөндеуді (құрамадан ағытып н/е ағытпай) талап ететін вагондарды дер кезінде анықтау.

8. Қандай төбешіктер (горка) үлкен қуатты болып есептеледі?

Жауабы: Сұрыптау паркіндегі үлкен қуатты төбешіктердің 30 және одан да көп жолдары болады және өңдеу қабілеті тәулігіне 5000 және одан да көп вагонға тең. Әдетте бұл төбешіктердің екі итеру жолы (пути надвига) және екі төмен түсу жолдары(спускные пути) болатындай етіп жобаланады. Құрамды параллель түсіру жұмысын қолдануды ескере отырып үш және одан да көп итеру және төмен түсу жолдары қарастырылады.

Үлкен қуатты төбешіктерде үш тежегіш позициясы орнатылады. Оның екеуі төмен түсу бөлігінде, біреуі сұрыптау паркінде болады.

9. Төбешік циклының элементтерін ата

Жауабы: бару, итеру, тарату, шегіндіру (заезд, надвиг, роспуск, осаживание)

10. Тәуліктік жоспар кестесі дегеніміз не?

Жауабы Станса жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі дегеніміз – оның барлық тәуліктегі жұмысының графикалық кескіні(бейнеленуі).

Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру

(10 сұрақ)

1. Теміржол стансаларында орындалатын қандай операцияларды жүк және коммерциялық операциялар дейміз?

.Жауабы: Жүк жөнелтушілерден жүктерді қабылдау, тасымал төлемін ресімдеу, жүктерді тиеп-түсіру, сақтау, жүк алушыға жүктерді беру, қайта тиеу, сұрыптау және т.с.с.

2. Пойыздарды коммерциялық тексеру кезінде қандай жағдайлар тексеріледі?

Жауабы : Тексеріс кезінде ашық жылжымалы құрамдағы жүктердің орналасу жағдайына және бекітілуіне, пломбалардың болуы мен олардың дұрыстығына, жүктің ұрлануы белгілеріне жүктің вагон шанағынан (төгілуіне)ағып кетпеуіне ж/е т.б. назар аударылады.

3. Жүк стансалары қалай жіктеледі?

.Жауабы: жалпы қолданыстағы стансалар; кірме жолдар жанасатын стансалар; порттық стансалар; ауыстырып тиейтін(перегрузочные) стансалар

4. Стансадағы жүк жұмыстары орындалатын аумақ(территория) қалай аталады?

Жауабы: Жүк ауласы (жүк ауданы)

5. Тауар кеңсесі қандай жұмыстар атқарады?

Жауабы: Темір жол стансаларында тасымалдау құжаттарын ресімдеу ж/е жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға өзге де қызмет түрлерін көрсету, жүк тасымалы мен сол көрсетілген қызметтер үшін ақы өндіріп алу үшін тауар кеңселері ұйымдастырылады

6. Тиеу габариті дегеніміз не?

Жауабы: Тиеу габариті - түзу көлденең жолда тұрған ашық жылжымалы құрамға тиелген жүк сыртқа шықпай орналасуы тиіс шекті көлденең кескін (сызық)

7. Коммерциялық тексерістің нәтижелері қандай формадағы кітапқа жазылады?

Жауабы: ГУ-98

8. ГУ-23 формадағы құжат қалай аталады?

Жауабы: Жалпы үлгідегі акт

9. Мынадай нөмірлі вагонға қандай сипаттама бересің? 20456498

Жауабы: Жылжымалы құрамның кодталуы. Вагондардың нөмірленуі арқылы жылжымалы құрамның түрін, осьтерін, шанақтың көлемін, тежегіш аудандарының болуын анықтауға болды. Вагонның коды сегіз цифрдан тұрады. Бірінші цифр вагонның түрін білдіреді: 2 – жабық, 4 - жайдақ, 6 – жартылай ашық вагон, 7 – цистерна, 8 – изотермиялық, 3 пен 9 – басқа да вагондар, 5 – басқа министрліктің иелігіндегі(меншігіндегі) вагондар, 0 – жолаушы, 1 – локомотив, жол машиналары, кран және басқа да темір жолмен жүретін механизмдер.

Екінші цифр барлық вагондар үшін (3 санынан басталатын басқа да вагондардан басқа) осьтерін білдіреді: 0-ден 8-ге дейінгі цифрлар төрт осьті, 9 –сегіз осьті вагондар, алты осьті вагондар– 6, транспартерлер– 9.

Жетінші цифр 9саны болса вагонда өтпелі алаңша бар дегенді білдіреді, басқа жағдайда –жоқ

10. Жүк стансаларының арналуы?

Жауабы: Жүк стансасында негізінен жүк операциялары орындалады. Бұл стансалар жүктерді тасымалға қабылдау, өлшеу, қысқа мерзімге сақтау, тиеу, түсіру, сұрыптау және жүкті беру, тасымал құжаттарын дайындау; жүк пойыздарын қабылдау, тарқату, жинақтау және жөнелту, вагондарды беру; вагондарды алу және беру жөніндегі маневр жұмыстарын орындау, кірме жолдарға қызмет ету және жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілерге көліктік-экспе-дициялық қызмет көрсету сияқты жұмыстарды атқаруға арналады


Жол ж/е станса құрылғысы

(10 сұрақ)

1 . Жылжымалы құрамды бір жолдан екіншісіне бұру үшін қолданылатын құрылғы?

Жауабы: Бағыттамалы бұрма

2. Рамалық рельстерден, үшкірлерден және бұру механизмінен тұратын бағыттамалы бұрманың бөлігі?

Жауабы:бағыттама (стрелка)

3. Жолдың түзу учаскелерінде және радиусы 350м және одан үлкен қисықтардағы рельстердің бастиектерінің ішкі шеттері арасындағы жолтабан енінің номиналдық өлшемі?

Жауабы: 1520мм

4. Қисық учаскелерде сыртқы рельс тінінің жоғары тұруы қандай өлшемнен артық болмауы тиіс?

Жауабы: 150мм

5. Жолдың жоғарғы құрылымдарын ата?

Жауабы:1)рельстер, олардың бір-бірімен түйіскен нүктелерінде қолданылатын аралық бекітпелер, жалғағыштар, бастырмалар(накладки), табан төсемдер(подкладки), балдақтар (костыль)-бұрандалар т.с.с.

2) шпалдар, білеулер(брусья)

3) трапеция пішінінде төселінетін шағылтастардан жасалатын балласт қабаты

4) бағыттама бұрмалары

5) жеке-жеке жолдардың айқасып өтулері (сплетение путей)

6. Рельстердің маркасы /Р50, Р65,Р75/ нені білдіреді?

Жауабы: Рельстер маркасы рельстің 1 метр бойлығының салмағын көрсетеді, яғни Р50 маркасы дегеніміз 1 м рельс салмағы 50кг

7. Сақтандырғыш тұйық (предохранительный тупик) жолдар қандай қызмет атқарады?

Жауабы: Жылжымалы құрамды пойыздардың жүру бағытына шығып кетуден сақтандырады

8. Техникалық жарақталуына қарай сұрыптау төбешіктерінің (дөңестерінің) қандай түрлері бар?

Жауабы: механикаландырылмаған, механикаландырылған, автоматтандырылған

9. Биік және аласа жолаушылар платформасының рельс шүйдесінің деңгейінен (РШД) алғандағы өлшемдері қандай?

Жауабы: биік-1100мм, аласа платформалар-200мм

10. Теміржол қоймалары сақталатын жүктің түріне қарай қалай жіктеледі?

Жауабы: әмбебап (жалпы) және арнайы (маманданған)


Техникалық пайдалану ж/е қозғалыс қауіпсіздігі

(10 сұрақ)

1. Кімді станса бойынша кезекші деп айтады?

Жауабы: Пойыздарды қабылдауды, жөнелтуді ,өткізуді, сондай-ақ стансаның бас ж/е қабылдау-жөнелту жолдары бойынша жылжымалы құрамның басқа да қозғалыстарын жеке өзі басқаратын станса бастығының ауысымдық көмекшісі.

2. Станса дегеніміз не?

Ж ауабы: Пойыздарды қабылдау, жөнелту, айырылыстыру (скрещение) және басып оздыру (обгон) операцияларын, жүктерді қабылдау, беру ж/е жолаушыларға қызмет көрсету, ал жол құрылғылары дамыған жағдайда-пойыздарды тарқату, құрастыру бойынша маневр жұмыстарын ж/е пойыздармен техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін жол тарамдары бар бөлім бекеті.

3. Ескертпелер беру туралы өтінімдерде қандай деректер көрсетілуі тиіс?

Жауабы: 1) ескертпенің қолданылатын жерінің анық көрсетілуі

2) пойыздардың қозғалысы кезіндегі сақтандыру шаралары

3) ескертпенің қолданысқа енуінің басы мен мерзімі

4. Теміржол көлігінде сигналдардың қызметі қандай?

Жауабы:сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ пойыздар қозғалысын және маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру үшін қызмет етеді

5. Қабылдау тәсілі бойынша сигналдар қалай бөлінеді?

Жауабы: көрінетін сигналдар ж/е дыбыстық

6. Ескертпелердің бланкісінің формасы(үлгісі) қандай?

Жауабы:ДУ-61

7. Кіру, ескертпелік, өтпелі, бөгегіш ж/е қоршау бағдаршамдардың қызыл, сары, жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу учаскелерінде локомотив кабинасынан күндіз ж/е түнде қандай қашықтықта анық көрінуі тиіс ?

Жауабы: кем дегенде 1000м қашықтықта

8. Автотіркегіштердің бойлық остерінің арасында биіктігі бойынша жүк пойыздарында рұқсат етілетін айырмашылықтың өлшемі?

Жауабы: 100мм –ден артық болмайтын

9. Сигнал белгілері мен жол белгілерін жолдың қай жағына орнатады?

Жауабы: Сигнал белгілері қозғалыс бағыты бойынша оң жақтан, ал жол белгілері километрлер саны бойынша шеткі жол осінен кем дегенде 3100мм қашықтықта оң жағынан қойылады.

10. Пойыздар қозғалысын, қабылдау ж/е жөнелту, маневрлік жұмысты ұйымдастыру тәртібі қандай нормативтік құжатпен белгіленеді?

Жауабы: Пойыздар қозғалысы және маневрлік жұмыстар жөніндегі Нұсқаулығымен белгіленеді.


Жылжымалы құрам және пойыздар тартылыс негіздері

(10 сұрақ)

1.Локомотивтерде қандай крандар қолданылады?

Жауабы: Локомотивтерде екі типті крандар қолданылады: уақытша, бұрыштық

2.Жұмыс түріне қарай локомотивтер түрлері

Жауабы: Жүк пен жолаушылар тасымалдайтын және маневр жасайтын болып үшке бөлінеді

3.Электрлі жылжымалы құрамға қандай вагондар жатады?

Жауабы: Электровоздар мен моторлы вагондар жатады

4.Электровозды басқару үшін пайдаланатын негізгі аппарат

Жауабы: машинистің кабинасында орнатылған контроллер. Контроллердің басты тұтқасын жетек қозғалтқышын бір сызбадан екінші түріне ауыстырып қосуға және кедергілердің мөлшерін өзгертуге пайдаланады

5. Дизельді пойыз қандай пойыздарға жатады?

Ж ауабы: Дизельді пойыз деп – бір немесе екі маторлы вагоннан және дизельді күш құрылғыларынан құрастырылған тұрақты құрамды айтады. Дизельді моторлы вагонның қорабының астына орналастырылады, ол вагондағы жолаушы орындарын көбейтуге мүмкіндік береді.

6.Автомотриса дегеніміз не?

Жауабы: Автомотриса дегеніміз – іштен жанатын қозғалтқышы бар дизель немесе карбюратор типті өзі жүретін вагон. Ол жолаушыларды немесе пошталарды тасымалдауға арналған. Берілісі механикалық, электрлік және гидравикалық түрде болады.

7.Мотовоз дегеніміз не?

Жауабы: Мотовоз дегеніміз – қуаты аздау локомотив. Ол теміржол станциясында және өндіріс орындарындағы кірме жолдарда маневр жасауға арналған

8.Газотурбовоз дегеніміз не?

Жауабы: Газотрубовоз деп – қозғалтқышы газ трубинасының тұратын локомотивті айтады

9.Жетек күштері есептерінің қызметі

Жауабы: жетек күштерінің есептері – пойыздардың жетек күші туралы ғылымның бір бөлігі. Олар теміржолды жобалағанда және оны пайдалану процестерінде пойыздардың жүрісіне байланысты әр түрлі есептерді шығаруға пайдаланылады.

10. Тежеуіш күштері дегеніміз не?

Жауабы: Тежеуіш күштер дегеніміз – жылжымалы құрамды тежеу кезінде пайда болатын жасанды күштер. Тежеуіш күштері жүріске қарсы бағытталған, басқарылмалы және машинистің меңгеруіне байланысты белгілі шекті өзгеріледі.


Әр сұрақтың дұрыс жауабы күрделігіне қарай тиісті ұпайлармен бағаланады

(5,10,15,20,25,30 балл)

Әділқазылар 1-ші кезеңнің нәтижесін жариялағаннан кейін сайыстың келесі кезеңі басталады.








2-кезең: «Жауабын тап» - студенттер сигнал белгілерін бір – біріне қолмен немесе дыбыспен жасырын түрде жеткізеді, қарсы топ жауабын табу.


«Тоқта!» сигналы Сурет.1–де көрсетілгендей қолмен немесе үш қысқа дыбыспен беріледі ( белгіленуі ٠ ٠ ٠).


Тоқта!

Сурет.1





Сурет.2 Дыбыс беретін құралдар




3-кезең: «Полиглот» - студент берілген әр түрлі сұрақтардың жауабын тауып, оны үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айту.

  1. Өзара және маневрлік локомотивке тіркелген вагондар тобы (маневрлік құрам –маневровый состав- ????ағыл)

  2. Жолаушыларды, багажды, поштаны тасымалдауға арналған жолаушы вагондарынан құралған пойыз (жолаушылар пойызы – пассажирский поезд – ағыл?? )

  3. Жүру кезінде жылжымалы құрам бағыттамалы бұрма бойынша ауытқитын жол (бүйірлік жол – боковой путь – ағыл??)

  4. Тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін тасымалдау құжатында көрсетілген жеке н/е заңды тұлға (жүк жөнелтуші – грузоотправитель – ағыл.???)

  5. «Тоқта!Сигналдан өтуге тыйым салынады!» бұйрығы бағдаршамда қандай түспен беріледі? (қызыл – красный – red ???)

  6. Темір жолда қозғалысты реттейтін негізгі тұрақты сигнал (бағдаршам – светофор – ағыл.)

4-кезең: Үй тапсырмасы – «Мен теміржолды басқарсам...» - тақырыбында өз ойларын презентация, баяндама, эссе және т.б. түрінде жеткізу.



Осы кезеңдердің нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталады


Барлық қатысушылар Алғыс хатпен, жеңімпаздар Дипломмен марапатталады .






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
726
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі