400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

«П» дыбысымен таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
«П» дыбысымен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, дыбыстарды ажыратып, текшемен белгілеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Сағындық Аида Серікқызы

КМҚК «Бегім-Ана» балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы : «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»

Тақырыбы: «Дыбыстарды ажыратуға үйрету. «П » дыбысымен таныстыру» Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімділік мақсаты: «П» дыбысымен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, дыбыстарды ажыратып, текшемен белгілеуге үйрету. Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Дидактикалық ойын: «Ойлан тап» Әдіс-тәсілдері және қолданылатын технология: көрсету, түсіндіру, ойын , триз, АКТ технологиялары; Көрнекі –құралдары: слаид,тақырыпқа сай суреттер;

Үштілділік компонент: Піл-слон- elephant, пингвин-пингвин- penguin, пойыз-поезд-train, пішін –фигура -figure

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші: Сәлемдесу. Балалар келген қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіз бе-здравствуйте- good morning.

Тәрбиеші:Балалар біз сауат ашу оқу қызметіне не үйренеміз?

Балалар :Дыбыстарды, әріптерді жазуды, оқуды үйренеміз.

Тәрбиеші:Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Балалар :Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай еркін шықса дауысты дыбыс деп атаймыз.

Тәрбиеші:Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Балалар :Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап шықса дауыссыз дыбыс деп атаймыз.

Тәрбиеші:Біз өткен оқу қызметінде қандай дыбыстармен таныстық?

Балалар : «А», «Т», «Н»

Тәрбиеші: Ендеше менің қолымдағы әріптер арқылы 3топқа топтасып алайық.

Балалар «А», «Т», «Н» әріптері бойынша 3топқа бөлінеді.

Ойын: «Ойлан тап?»

Іздену-ұйымдастырушы:

Балаларды электронды әліппе арқылы «П» дыбысымен таныстыру.

П дыбысы –дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз.Барлығымыз «ППП» дыбысын айтайықшы. «П» дыбысын айтқанда тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп, үсті қатаң таңдайға көтеріліп, иіліп тұрады.

«П»әріпінің баспа әріпін таяқша арқылы жазу.

«П» дыбысына байланысты артикуляциялық жаттығуларды қайталайық.

Дауыстап: по-по-пойыз

Жай: до-до-доп

Сыбырлап: па-па-парта

Дауыстап: па-па-парта

Жай: по-по-пойыз

Сыбырлап: до-до-доп

Сергіту сәті: «Атомдар мен молекулалар». Балалар шеңбер болып тұрады. Музыка әуенімен әртүрлі қозғалыстар жасайды, тәрбиеші бір санды айтады сонша бала бірге тұрып қалуы қажет.Мысалы 3. 3баладан бірігеді.

Кеспе әріптермен жұмыс: Па, апа, ата, ана, пана сөздерін кеспе әріптермен жазу және сол сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.

Үштілділік компонент: Піл-слон- elephant, пингвин-пингвин- penguin, пойыз-поезд-train, пішін –фигура –figure сөздерін қайталау.

Ойын: «Кім жылдам». Жұптық жұмыс. Балалар математикалық пішіндерден піл, пингвин, пальманы танграм арқылы құрастырады.

Балалар бүгінгі оқу қызметінде қандай дыбыспен және әріппен таныстық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

«П» дыбысы қандай дыбыс? .Сұрақ –жауап арқылы оқу қызметін аяқтау.

Күтілетін нәтиже : Жаңғыртады: «П»дыбысы мен әріпін; Түсінеді: «П»дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ; Қолданады; «П»дыбысы бар сөздерді;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі