Дұрыс
тамақтану және ас ішу мәдениеті.
Ас-адамның арқауы. Балалық шақта
қалыптасқан ас ішу мәдениетін үлкейген
кезде өзгерту қиын. Сондықтан, дұрыс
тамақтану, мезгілімен, пайдалы әрі
мөлшермен ас ішу дағдысы бала кезден
қалыптасуы тиіс.
Жоспарлау.
Табысқа жеткен миллионерлер, үлкен
бизнес иелерінің күнін міндетті түрде
жоспарлаудан бастайтынын білесіз бе?
Күн тәртібі адамды тұрақтылыққа,
жинақылыққа тәрбиелейді. Уақытын дұрыс
ыжоспарлауды үйренген бала ер жеткенде
ата-анасына рахмет айтады. Яғни, бұл-адамды
жетістікке жеткізудің бір жолы.
Әдептілік.
Ізетті адам қоғамда қашанда сүйкімді.
«Үлкенге
ізет, кішіге құрмет таныт». «Ұлық
болсаң, кішік бол» деп кішіпейілділікке
үйрететін қазақы тәрбиеден асқан ұлағат
жоқ.
Үйде
үлкендерге көмектесу. Бұл
«Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің
маған жақсы» дейтін қазақы қағидамен
үндес.Үй шаруасы баланың қимыл-қозғалысына
пайдалы, моториканы дамытады, өзінің,
біреудің еңбегін бағалауды үйретеді.
Жақынына,
айналасына көмектесуді үйрену.
Өмір-бумеранг. Адам айналасына не береді,
соны қайтарып алады. Басқаларға көмек
көрсетудің маңызын түсінген бала өскенде
де бұл әдетін жоғалтпайды.
Өзін
де ойлауды үйрету. Айналаға
көмектесу үшін алдымен адамның өзінің
денсаулығы мықты, күш-қайраты мол болуы
керек. Үнемі шаршап, қабағы қатулы болып
жүретін жан ашудан басқа айналасына не
бере алады? Сондықтан, адамға қуаныш,
күш, әкелетін жақсы әдеттерге (спорт,
көңіл көтеру, денсаулықты шыңдау т.б)
үйретіңіз.
Өзін
үнемі дамытып отыру. Жаңа
нәрсені танып-білуге ұмтылу-баланың
жаратылысында бар қасиет.Бұл әдетті
қолпаштап, дамытып отырудың пайдасы
көп. Өйткені, адам өмір бойы оқып, үйреніп
отыруы тиіс.
Дене
қимылы. Қозғалыс-адам
денсаулығының кепілі, қозғалыс-өмір.
Компьютер алдында тапжылмай отыру, аз
қозғалу да күндердің күнінде әдетке
айналары сөзсіз. Құлағыңыз тыныш болу
үшін баланың қолына планшет немесе
телефон ұстатарда осыны ескеріңіз.
Қозғалыс-гаджетте
ойын ойнағаннан мың есе пайдалы әдет.
Ал
пайдалы әдетке баланы қалай үйретуге
болады?
«Ұяда
не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала ең
алдымен, ата-анасына еліктейді, ол үшін
әкесі мен анасынан асқан керемет жан
жоқ. Тәрбиелеу, үйрету процесі кезінде
осыны ұмытпаңыз.
Жақсы
әдетке жағымсыз эмоцияларды араластырмаңыз.
«Үйрене қоймадың» деп жазғыру, мәжбүрлеу,
көршінің ұлымен салыстыру балада
жағымсыз сезімдерді тудырады. Егер бұл
әдіс қайталана берсе тіпті сорақы. Мида
қалып қалған жағымсыз сезім әлгі пайдалы
істі де сүйкімсіз етіп көрсетіп тұрады.
Енді баланың орнына өзіңізді қойып
көріңіз, бұл сізге ұнар ма еді?
Керісінше,
«балам үйренсе екен» деген жақсы
көңіл-күймен байланыстыруға тырысыңыз.
Бұл саусағын қимылдатқаны үшін балаға
балмұздақ алып беру деген сөз емес. Оны
мақтап, қолпаштап, бірге істеңіз. Үйрету
сабағын ойынға немесе жарысқа
айналдырсаңыз, тіптен жақсы. Ал оған
көндіге қоймайтын жасы үлкен балаға
бұл әдеттің пайдасын, оған не беретінін
айтып, түсіндірген дұрыс.
Жақсы
әдеттерді қалыптастыру бір күн немесе
бір аптада орындала салмайды. Оған
уақыт керек.
Нәтижені
сынағаннан көрі баланың талпынысын
бағалау маңыздырақ. Тіпті, оның істеген
шаруасынан кейін қайталап жасауға тура
келсе де қақбайлап, ұрыспай қолпаштап
қойыңыз. Ең бастысы, қандай шаруаны
үйретсеңіз де, баладан махабатыңызды,
жылыуыңызды аямаңыз.