400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Пайдалы әрекет коэффициенті

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі

№ 40 орта мектеп

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пайдалы әрекет коэффициенті.

Бөлімі:

Күш моменті


Педагогтің аты-жөні:

Қабиахметов Ұлан Мұратұлы

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Пайдалы әрекет коэффициенті.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.4.6 – көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

7 минут




Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.


Құндылық: «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік»







Word wall платформасы арқылы


1.Жай механизмдерге мысалдар келтіріңдер

2.Иінтірек дегеніміз не?

3.Күштің әрекет ету сызығы дегеніміз не?

4.Шығырдың түрлерін атаңдар

5.Күш иіні дегеніміз не? Оны қалай анықтайды?


Осы құралдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

Оқушылар ойларын айтады. Осылайша сабақтың тақырыбын табамыз

Әрі қарай бүгінгі сабақтың тақырыбынмен таныстырамын.


Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлаймын.

Оқушылар назарын сабаққа аударады, сабаққа дайындығын көрсетеді.


Болжамды жауап:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік — бұл адамның кәсіби және жеке өмірінде табысқа жетуіне ықпал ететін маңызды қасиеттер.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


1. Иінтірек (рычаг), шығыр, көлбеу жазықтық, винт ,дөңгелек пен ось

2. Иінтірек — бұл айналу осі бар қатты дене, оған күш түсіргенде басқа бір күшті теңестіруге немесе көбейтуге болады. Ол күшті азайтып немесе көбейтіп, ауыр заттарды оңай жылжытуға мүмкіндік береді

3. Бұл — күш векторы өтетін түзу сызық. Яғни, күштің бағыты мен оның қай бағытта әсер ететінін көрсететін сызық. 4.Қозғалмайтын шығыр (бекітілген бір нүктеде)

Қозғалмалы шығыр (жүкпен бірге қозғалады)

Құрама шығыр (қозғалмайтын және қозғалмалы шығырлардан тұрады)


ҚБ: мұғалімнің ауызша мадақтауы, ынталандыру









ҚБ: «Жарайсың!», «Керемет!» сөздері арқылы ауызша мадақтау, ынталандыру






7 сыныпқа арналған оқулық, 166 бет. презентация



Интерактивті тақта







Сабақтың ортасы

10 минут











Жұптық жұмыс


8 минут
















Жеке жұмыс

10 минут




















ЖАҢА ТАҚЫРЫП


1-тапсырма. Анықтамалық кесте


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Бізден- есеп, сізден-жауап»

1-есеп

Көлбеу жазықтықтың биіктігі 1,5 м, ал ұзындығы 12 м. Массасы 150 кг жүкті жазықтық бойымен көтеру үшін 230 Н күш керек болса, көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңдар.


2-есеп

Көлбеу жазықтықтың биіктігі 1,2 м, ал ұзындығы 10,8 м. Массасы 180 кг жүкті осы жазықтықтың бойымен көтеру үшін 250 Н күш керек болады. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңдар


3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Өзіңді тексер!» әдісі

А деңгейі: Механизмдердің ПӘК-і неліктен 100 % бола алмайды?

В деңгейі: Иінтіректің қысқа иініне салмағы 1200 Н жүк ілінген. Оны 0,12 м биіктікке бірқалыпты көтергенде иінтіректің ұзын иініне 360 Н күш түсіріледі, бұдан күштің түсу нүктесі 0,5 метрге ауысқан. Иінтіректің ПӘК-ін есептеп шығарыңдар.

С деңгейі: Массасы 15 кг жүкті көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты орын ауыстырғанда жүкке байланған динамометр 40 Н-ға тең күшті көрсеткен. Көлбеу жазықтықтың ұзындығын 1,8 м, биіктігін 30 см деп алып, оның ПӘК-ін есептеңдер

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. Топ ішінде талқылау жасайды.





Оқушылар жұптық жұмыс жасайды







Оқушылар жеке жұмыс жасайды, есептерді шығарады.

Механизм бөліктері бір-бірімен жанасқанда үйкеліс пайда болады. Бұл үйкеліс энергияның бір бөлігін жылу түрінде жоғалтады



Бағалау критерийі:

Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтайды.


Дескриптор:

-Өлшем бірліктерін анықтайды-1

-Формуланы жазады-1

-Шамалардың анықтамасын жазады-1


Дескриптор:

-есептің шартын құрады-1

-Есептің шарты бойынша формуланы қорытады-1

- ПӘК-ін анықтайды-1


Дескриптор:

- .Есеп шартын анықтайды-1

-ХБЖ-не келтіреді-1

-Есептің шарты бойынша формуланы қорытады-1

-Шешімін табады-1



Интерактивті тақта




Таратпа қағаздар








Таратпа қағаздар

















Таратпа қағаздар



















Сабақты қорытындылау

5 минут

Қорытындылау.

  1. Оқушылар білімін бағалау;

  2. Үй тапсырмасы: §38, 5.7-жаттығу,168 бет

  3. «Соңғы 5 минут» әдісі:

оқушыларды өз жұмысына рефлексия жасату:

-нені білдім,

- нені үйрендім;

-нені толық түсінбедім.

Рефлексия: Бағалау критерийі бойынша оқушы рефлексия жасайды:

Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтайды.


Дескрипторлар бойынша

әр оқушы бағаланады


Физика

7 оқулығы

166-168 бет


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 сәуір
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі